UF

СҰЛЫ – АЯҚ ТЕРЛЕУДІ БАСЫНДЫРАДЫ

Категориясы: Өсімдікті


СҰЛЫ – ОВЕС

Сұлы – биіктігі 1 метрге дейін жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, іші қуыс. Сопақша келген, жіңішке жапырақтары кезектесіп, жарыса орналасқан. Гүлдері қос жынысты, майда, сары, маусым-шілде айларында гүлдейді. Мәдени өсімдік ретінде барлық жерлерде де егіледі. Дәрі жасау үшін сұлының дәні мен сабағын пайдаланады. Құрамында крахмал, май, белокты заттар, қант, эфир майлары, витаминдер бар.

Халық медицинасында сұлының сабағынан тер шығаратын, несеп айдайтын, дене қызуын төмендететін, жел шығаратын дәрілер жасап пайдаланады. Сұлының сабағынан жасалған тұнбаларды бүйрек ауруына байланысты денеде ісік пайда болғанда және асқазан ауруларын емдеу үшін қолданады. Кісі ұйқысыздыққа ұшырағанда, ой еңбегімен көп айналысып, жүйкесі қажығанда сұлыдан жасалған дәрілерді пайдалану өте жақсы нәтижелер береді. Сұлының сабағынан жасалған бұлау ревматизм, құяң және тері ауруларын емдеу үшін қолданылады. Аяқ көбірек терлейтін болса, сұлының сабаны мен еменнің қабығын майдалап араластырып, осы қоспадан жасалған тұнбаны аяққа бұлау жасау үшін пайдаланады. Бүйрекке тас байланғанда бұл дақылдың тұнабсын компресс жасап, бүйректің тұсына басады. Халық медицинасында сұлыны өт айдайтын дәрі ретінде де пайдалаиады.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 3 стакан сұлыны 3 литр суға салып жайлап қайнатады. Сұйықтың әуелгі мөлшерімің 1/4-і қалғанда дәрі дайын болды деп есептелінеді. Әр ішкенде екі стаканнан күніне 3-4 рет ішеді.

Сұлының сабанынан сулы тұнбаны былай жасайды: 100 грамм майдаланған сұлының сабанын 2 литр суға салып, біраз қайнатады да, жарты стаканнан күніне 4-5 рет ішеді. Бұлау жасау үшін тұнбаны былай жасайды: 1 кг сұлының сабанын 2 литр суға жарты сағат қайнатып, сабанын сүзіп алып тастайды да, қайнатындысын ваннадағы суға қосады.

  Жарияланған-2016-07-14 23:37:57     Қаралды-6274

Мәлімет сізге көмек берді ма

МАМЛЮКТЕР - КІМ ОЛАР?

...

МАМЛЮКТЕР (араб.- ақ құлдар, еріксіздер) - түрік, грузин, черкес, Египеттегі басқа да кавказ халықтарынан шыққан әскери-құлдар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КИРИЛЛ ЭЛІПБИІ

...

Кирилл әліпбиі (кириллица) - славян ағартушысы Кириллдің атымен аталған әліпби. Кирилл 827 жыл шамасында Фессалоники (Солунь) қаласында туылған. Кирилл славян елдеріне христиан дінін уағыздау үшін славян әліпбиін жасайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕСШАТЫР ЕСКЕРТКІШІ

...

Бесшатыр - көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіштерінің бірі. Ол Жетісу өңіріндегі Желшағыр тауының бөктерінде орналасқан. Бесшатыр қорымының құрамында 31 оба бар. Бұл ескерткіш б.з.б. VI -V ғасырларға жатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ФАЙНКУХЕН

...

Бөлке жасалатын қамырдан пісірілген сопақша нан осылай деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ШӘРБӘТІ

...

Бұл - грек жаңғағының дәні мен цукат қосылған сүт-помада-кәмпит массасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАРВАРДА

...

Ұн сеуіп жасалған карамель сияқты тәтті тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »