СҮЗБЕ МАССАСЫ
Категориясы: Тағам
Сүзбе жақсылап араластырылып, үккішпен үгітіледі де қаймақ, қант қосылып, бәрі жақсылап араластырылады. Содан соң формаға аударылып суытылады. Массаға ванилин, цукат, жүзім (мейіз, курага) қосуға болады.
Сүзбе массасын жасауға 100 грамм майсыз сүзбе, 1 ас қасық қант, 1 ас қасық қаймақ, 5 грамм цукат немесе жүзім (мейіз, курага), ванилин жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-03 10:44:50 Қаралды-3767
СҮМӘЛЛӘК
Бидайды су себелеп дымқылдап, үш күндей жауып қойып өндіру керек. Сол аздап өнген бидайдың 2-3 сантиметрдей көгі кесіліп тасталады да, қалған ақ түсті дәні жиналып алынып үстіне су салып езіледі.
СУДЫҢ ТАСУЫ МЕН ҚАЙТУЫ НЕЛІКТЕН БОЛАДЫ?
Мұхит тәулігіне екі рет шарасынан көтеріліп, сол сияқты бірте-бірте кері қайтады. Су қайтқан кезде балалар құмқайрақты жағамен рахаттана жүгіріп, оның түбінен әдемі ұлу қабыршағын, теңіз жұлдызын жинайды.
ӨРІКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Жемісінің құрамында каротин (А провитамині), А1, В1, В2, С, Р, РР витаминдері, қант, алма, лимон қышқылдары, 24,9% протеин, 40% май, илік заттары болады.
14 ТҮРЛІ ПАЙДАЛЫ ТОСАПТАР (СИРОП)
Тосап қайнату үшін мөлшері бірдей, ұсақтау қызыл помидорлар іріктеледі. Ол үшін жарақатталған, езілгендері алынып тасталынады.
ЖЕТІСУ
Жетісу - тарихи-географиялық аймақ. Солтүстігінде Балқаш көлімен, шығысында Жетісу (Жоңғар) Алатауымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Ал батысы Бетпақдалаға ұласады.