ДИУАНИ ХИКМЕТ
Категориясы: Әдебиет
«Диуани Хикмет» («Ақыл кітабы») - Қожа Ахмет Иасауидің сопылықты (суфизм) жыр еткен әдеби шығармасы.
Қожа Ахмет Иасауи қазақ даласында ислам дінінің нығаюына зор ықпал жасаған ғұлама, әулие адам болған. Шамамен 1093 жылы (кейбір деректерде 1041, 1103 жылы) ежелгі Исфиджаб қаласында дүниеге келген. 1166 жылы Иасы (Түркістан) қаласында қайтыс болған.
«Диуани Хикметтің» түпнұскасы сақталмаған. Сақталған көшірмелерінің ішіндегі ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб әрпімен жазылған. Бертін келе «Диуани Хикмет» Қазан (1887-1901), Стамбұл (1901), Ташкент (1902 -11) баспаларынан жарык көрді.
Ақын өз кітабын Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде дүниеге әкелген. Бұл араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадистерді жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар осы кітап арқылы түркі халықтары сопылық ағыммен кеңінен танысты. «Диуани Хикмет» - әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін шығарма. Оның авторы - ақын, түркі халықтарының рухани көсемі, діни ғұлама Қожа Ахмет Йасауи.
Жарияланған-2015-11-19 14:20:46 Қаралды-7194
Адамдар тұрмайтын тамаша қалалар

Заманауи адамы көп әлемде тұрып, планетаның адамдар тұрмайтын қалаларының бар екендігіне сену өте қиын. Бірақ, естігенге таңқаларлықтай болғанымен, шын мәнісінде осындай қалалар бар.
ТЕМІРДІ ҚАЙДАН АЛАДЫ?

Жер-жаһанда темір ұшан-теңіз: ол - сар шағыл құм арасынан, қызғылт-құба топырақ ішінен, қоңыр тас - кремнийден табылады. Керек десең су құрамында да бар.
ВИТРАЖ – ӨНЕРДІҢ ЕҢ КӨНЕ ТҮРІ

МЫНАУ суретте қандай таңғажайып аңдар мен құстар бейнеленген десеңізші! Бояулары неткен ашық, неткен анық!
САБУНИ АЛУАСЫ

Бұл сап-сары болғанша созылған, ұнмен және құйрық майымен араластырылған карамель массасы.
БАДАМ-НОХУТ

Бұл - алма және өрік пюресін қайнатып, крахмалға құлпынай формалы етіп салынған және бадамның ұсақтап туралған массасына аунатып алынған тағам.