БҮРГЕН (ШӘҢКІШ)
Категориясы: Өсімдікті
БҮРГЕН (ШӘҢКІШ) – ҚАЛИНА ОБЫКНОВЕННАЯ
Бүрген – биіктігі 3 метрге дейін жететін бұталы өсімдік. Қабығы қызыл қоңыр, жапырақтары қарама- қарсы орналасқан, үш, бес салалы, сабақтары ұзын. Гүлдері ақ, тостағаншаларының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен. Гүлдері шоғырланып, жартылай қолшатыр тәрізденіп тұрады. Ортадағы гүлдері ірірек, шеткі гүлдері майдалау, олардың гүл тәжі қоңырау сықылды. Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі.
Бүрген орманның арасында, өзендердің жағаларында, ылғалды жерлерде өседі. Дәрілік мақсатқа өсімдіктің қабығын, жемісін, гүлін жинайды. Оның құрамында вибурнин гликозиді, валериан, сірке, құмырсқа, аскорбин қышқылдары, илік және ащы заттар, К витамииі, қант бар. Өсімдіктің қабығынан жасалған дәрілердің жатырдың бұлшық еттерінің күшін арттырып, қан тамырларын жиырылдыратын, денедегі ауырған жерлерді басатын, микробтарды жоятын, қан тоқтататын қасиеттері бар. Осыған байланысты бүргеннің қабығы жөтелді, демікпені басу үшін және дененің әр жерінен кеткен қанды тоқтату үшін қолданылады. Оның қабығынан жасалған дәрілерді дене қызуын басу үшін де пайдаланады. Өсімдік жемістерінің жүректің бұлшық еттерінің күшін арттыратын, несеп және өт айдайтын, қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Жемістеріи тер шығаратын, құстыраткн, іш жүргізетін дәрі есебінде және асқазанға жара түскенде, асқазан қышқылы кемігенде емдеуге қолданады. Жемістерін балмен қосып қайнатып, жоғарғы тыныс жолдары мен өкпе қабынғанда, деміккенде, іш өткенде, бауыр ауырғанда, дене сарғайғанда, дауыс қарлыққанда пайдаланады. Бүргеннің гүлдеп тұрған бұтақтарының қайнатындысын қақырық түсіретіи дәрі ретінде де пайдаланады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Бүрген қабығының 10 грамын 1 стакан қайнап тұрған суға салып 2 сағат тұндырады да, 1 ас қасықтан 3 рет ішеді. Оның ас қасық жемісін 1 стакан қайнап тұрған суға салып сағат тұндырады да, 2 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді.
Жарияланған-2016-07-12 16:36:32 Қаралды-5647
НАПАЛМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Напалм - тұтанғыш-отатқыш қоспа ретінде қолданылатын жаңғыш зат. Напалм біршама тұтқыр және әр түрлі заттың бетіне жақсы жабысады. Тұтанғыш қоспаның негізі бензиннен, керосиннен және басқа да мұнай өнімдерінен тұрады.
ПИНГ-ПОНГ ОЙЫН ТУРАЛЫ

Үстел теннисі 19 ғасырдың сексенінші жылдары Англияда пайда болды деп есептеледі.
ШЫҒЫС АЛУАСЫ

Табаға қалыңдығын 3-4 сантиметрдей етіп ұн себеленеді де оқтын-оқтын араластырыла отырып, сәл қоңырқай тартқанша қуырылады.
600 ЖЫЛ ЖАСАҒАН ШЫНАР

Шыршық өзенінің жоғары ағысында алып шынар ағашы бар. Шынардың үлкендігі сонша, бірталай адам қол ұстасып тұрып құшақтаса да, құшақтары жетпейді екен. Көлеңкесіне бірнеше жүз адам бір незгілде демалатын көрінеді.