UF

АРМЯН НАНЫ

Категориясы: Тағам


Бұл - ашытқы қосылған тоқаш қамырынан жасалған нан.

Қамыр ашытып дайындалады. Ашытылған қамыр дайындау үшін соған жұмсалатын барлық ұнның 17 процентін дейін алып, алдын ала жылы суға ерітілген (температурасы 30-32 градус) ашытқы қосылады. Қамырға ұнның 50 процентіндей су құйылады. Оны ашыту уақыты температура 29-31 градус кезде 2,5-3,0 сағатқа созылады. Қамыр былай иленеді. Әуелі алдын-ала ерітілген сарымай, қант ұлпасы және тұз араластырылады да, содан соң ашытылған қамыр мен ұн қосылады. Қамырдың температурасы 23-24 градус, ылғалдылығы 18-20 процент болу керек. Температура 30-33 градус кезде қамырдың ашу уақыты 30-50 минутқа дейін қысқарады. Содан соң ол иленіп, 400 грамнан бөлінеді. Әр-бір бөліктен бөлке жасалады да дөңгелектеліп жайылады, сонда оның қалыңдығы 15-17 миллимер болуы керек. Содан кейін ол құрғата сүртілген табақтарға салынып, шамамен 17-20 минут ұсталады. Сөйтіп жайылған қамырдың шеттері иректеліп кесіледі де беті бедерлермен әсемделеді. Оған жұмыртқа жағылып, пеш температурасы 200-220 градусқа жеткізіледі де 20-25 минут бойы пісіріледі. Содан соң суытылады. Суыған тағам астына қағаз төселген астаушаларға әсемделген беті бір жағына қаратылып, қырынан қойылып жиналады.

Бір килограмм армян нанын жасауға 510,8 грамм жоғары сортты ұн, ашытуға кететін 102,1 грамм ұн, 143,0 грамм қант ұлпасы, 261,5 грамм сарымай, сыртына жағатын 24,5 грамм жұмыртқа, 16,3 грамм ашытқы және 0,8 грамм тұз жұмсалады.

  Жарияланған-2016-03-02 14:14:22     Қаралды-2735

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТАСТАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Күнделікті өмірде біз кез келген өте қатты табиғи материалды тас деп атаймыз, мысалы, тастың бір бөлігі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТОНЫКӨК ЕСКЕРТКІШІ

...

Ақылгөй Тоныкөктің құрметіне қойылған тас тақта өзінің бұйрығы бойынша шамамен 716 жылы қашалып жасалған. Бұл ескерткіш 1897 жылы Баин-Цокто шатқалынан табылған. Қазіргі кезде ол Моңғол Республикасының астанасы - Улан-Батор қаласынан 60 шақырым жерде орна

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ ҮЛКЕН САН БАР МА?

...

Бір кездері адамдар соңғы нөмірге ие болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛЬБОМ СӨЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Егер ежелгі римдіктен «Альбомның» не екенін сұрасаң, ол: «Альбом - ақ тақта. Латынша «альбум» - аппақ деген сөз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ФРЕСКА ҚАЙ КЕЗДЕРДЕН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН?

...

Ең ерте кездерден бастап осы заманға дейін суретшілер монументтік бейнелеу өнерінде фреска әдісін кеңінен пайдаланады. Ол италия тіліндегі «fresco» «Шикі», «жаңа жасалынған» деген сөзден шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАТАҒА СУРЕТ САЛАДЫ МА?

...

Суретшілер өз шығармаларын көбіне-көп майлы бояумен зығыр талшығынан тоқылған кенеп матаға («холст») салады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »