КӨКБҰТА
Категориясы: Өсімдікті
КӨКБҰТА – ВЕРЕСК ОБЫКНОВЕННЫЙ
Бұл - биіктігі 60 сантиметрге жуық, бұтақтары көп, жапырағы мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық, бұталы өсімдік. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, өте майда, отырмалы. Гүлдері де майда, ақшылдау түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланған. Гүл тостағаншасының қалақшалары төртеу. Гүл тәжі қоңырау тәрізді, 4 гүл жапырақшаларынан тұрады. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Батпақтардың маңайында, орманды және құмды жерлерде өседі.
Дәрілік мақсатқа көкбұтаның майда бұтақтарын гүлдерімен және жапырақтарымен қоса пайдаланады. Оның құрамында арбутин, кверцитин, камедь, крахмал, танин бар. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілердің қабынуға қарсы әсер ететін, іш өткенді тоқтатып, нерв жүйесін тыныштандыратын, қақырық түсіретін қасиеттері бар. Осыған байланысты қуық жолдары мен бүйрек қабынғанда, бүйрекке тас байланғанда, іш өткенде, тоқ ішек қабынып ауырғанда, үйқы қашқанда пайдаланылады.
Халық медицинасында гүлдеп тұрған бұтақшаларының қайнатындысын ревматизммен ауырған адамдарға ішкізеді. Осы ауруларды емдеу үшін ванна жасап пайдалануға да болады. Өсімдіктің қайнатындысымен іріңді жараларды, сынықты, буынның шығып кетуін, есекжемді, күйікті емдейді.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 1. Көкбұтаның 1 ас қасығын 2 стакан қайнап тұрған суға салады да, 2 сағаттан кейін сүзіп алып, стаканның үштен біріндей мөлшерде әрбір 2 сағат сайын ішеді. 2. Көкбұтаның 20 грамын шатырша толғақшөптің 15 грамын, кәдімгі шайқурайдың 20 грамын, бұрыш жалбыздың 10 грамып, сынғақ итшомырт қабығының 10 грамын 2,5 стакан суға қайнатып, 2 сағаттан кейін сүзіп алады да, стаканның 1/4-дей мөлшерде күніне 3 рет тамақ алдында ішеді. Бұл әсіресе асқазанның қышқылы қалыптан тыс көбейгенде өте жақсы нәтиже береді (М.А.Носаль). 3. Бес салалы сасықшөптің 15 грамын, көкбұтаның 20 грамын, батпақ ақшайырының 15 грамын, дәрілік шүйгіншөп тамырының 10 грамын жарты литр қайнап тұрған суға салып, 2 сағаттан кейін сүзіп алады да, стаканның 1/3-дей мөлшерде әрбір екі сағат сайын ішеді, бұл ұйқы қащқанда өте жақсы нәтиже береді.
Жарияланған-2016-07-12 16:08:55 Қаралды-2593
АЛМА СТРУДЕЛІ

Бадам және жүзім араластырылған алма повидлосын арасына қабаттап салған қамырдан жасалған тағамды алма струделі дейді.
КАРЛҰҚТАР

Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі.
КҮМБЕЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Кейбір ғимараттар мен құрылыстардың төбесінің тіреусіз дөңес етіп жабылғанын көруге болады. Муны күмбез деп атайды. Күмбез көбінесе шеңберленіп, кейде көп қырлы етіп жасалады. Күмбез ғимарат төбесін жаба отырып, үстіңгі салмақтың қабырғаға біркелкі таралы
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПРОПОРЦИЯ

Бұл латынның «proportio» - «үйлесім», «сәйкестік» деген сөзінен шыққан. Ол қандай да зат болмасын оның жеке-жеке бөліктерінің арасындағы белгілі бір сәйкестікті білдіреді.
СУХУМИ ПАХЛАВАСЫ

Ашытқы қосылған, ішіне бадам және алма салынып, қабатталған қант-бал шырыны сіңірілген тағам осылай деп аталады.