СҰЛЫ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ҚУЫРМА
Категориясы: Тағам
Май қантқа қосылып, хош иіс беретін заттармен бірге кастрюльге салынады, ағаш қалақшамен күңгірт тартқанша араластырылып, бірте-бірте бір жұмыртқадан қосып отырылады. Массадағы қант түйіршіктері еріп кеткенде оған сұлы үлпегі салынады. Сұлы үлпегіне алдын-ала ұн және ұнтақталып, аздап қуырылған жаңғақ қосылады. Қамыр аздап араластырылып, шай қасықпен алынады да, екінші қасықпен маймен майланып, ұн себіліп қойылған жұқа табаға ысырып салынады.
Пеш температурасын 170-200 градусқа жеткізіп, 15-20 минут пісіргеннен кейін қуырма табадан пышақпен еппен алынады.
550-600 грамм қуырма жасау үшін 2 стакан сұлы үлпегі, 1 шай қасық ұн, 3/4 стакан қант (құм шекер), 100 грамм май, 1 жұмыртқа, жарты стакан жаңғақ, 1 грамм ванильді қант немесе лимон яки апельсин цедрасы, 1 ас қасық ликер жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-11 12:50:05 Қаралды-1782
ТАҢҚҰРАЙДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Таңқурай жидегінде қант, пектин, илік, бояу заттары, лимон, алма, құмырсқа және салиция қышқылдары, фосфор, калий тұздары, С1, Р витаминдері және А провитамині болады. Жабайы өсетін таңқурай - адам организміне керекті тағамның бірі.
САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.
ІЛЕ

Іле өзені бастауын Қытайдағы Текес және Күнгес өзендерінің қосылар жерінен алып, Балқаш көліне құяды. Ұзындығы - 2385 км. Қазақстандағы ұзындығы - 740 км. Жетісу аймағындағы ең ірі өзеннің бірі. «Іле» сөзі моңғол тіліндегі «ил, илә» деген сөзге жақын, яғн
БҰЛАН

Бұлан (бұғы) - мүйізді жануар. Жыл сайын қаңтар, ақпан айларында олардың мүйіздері түсіп, сәуір айында көп салалы жаңалары өсіп шығады. 2 метрге жететін мүйіздерінің бұталары жасына қарай көбейе түседі.
ОШАҒАН - ҚУЫҚ АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙДІ

Орта Азия халықтары медицинасында жас өсімдіктің сөлін алып, бронх демікпесін, геморройды емдейді.