UF

ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙШІЛЕРІ

Категориясы: Өнер


Ән-күй өнері қазақ даласында халықпен бірге жасап келеді. Қазақ халқының тарихындағы айтулы оқиғалар ән-күй жанрында өз көрінісін тауып отырған. Әншілер мен күйшілер халықтың мұң-мұқтажын, арман-тілегін, мақсат-мүддесін әндері мен күйлеріне қосқан. Негізінен, әншілер әндерінің мәтінін де, әуенін де өздері шығарған және ол әндерді халыққа өздері орындап берген, музыкалық аспапты өздері тартып, өздері сүйемелдеп отырған. Сол сияқты күйшілер де күйді өздері шығарып, өздері орындаған. Көне заманнан бері сан ғасырлық тарихы бар 50-ге жуық ұлттық ән-күй аспаптары қолданылып келеді. Олар: қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген, т.б.

Қазақ халқының арғы замандағы ән өнері туралы дерек аз. Тек дүйім жұртқа кеңінен танымал болған XIX ғасырда өмір сүрген Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Естай, Майра, т.б. сияқты әйгілі әнші өнерпаздардан бері қарайғы тарихты гана білеміз. Қазақтың ән өнерінің аса дамыған жері - Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы сияқты табиғаты көркем, көшпелі салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты бергі заманға дейін ұстанған қасиетті өңірлер.

Қазақтың күй өнері-ешбір халықта жоқ, өзінді корындау мәнерімен, орындаушылық дәстүрімен, тақырыптарының әртүрлілігімен ерекшеленетін музыкалық аспаптың жанр. Күй XIV ғасырдан бастап қалыптасқан. Күйдің әуендік құрылысы, ырғақтық- орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.

Қазақта қобыз күйі ерекше жанр болып саналады. Қобызды қасиетті аспап ретінде қазақтар аса қадір тұтады. Ерте дәуірде өмір сүрген Қорқыттан бастап XIX ғасырда өмір сүрген Ықыласқа дейін күйші-қобызшылар көп болған.

  Жарияланған-2015-11-24 19:00:46     Қаралды-69187

Мәлімет сізге көмек берді ма

КЕЗДЕЙСОҚ БАЙЫҒАН АДАМДАР

...

Кездейсоқ олжадан байыған адамдар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН: ТАБИҒАТПЕН СЫРЛАСУ

...

Оңтүстік Қазақстан облысы республикамыздың түстігінде орналасқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚТАР ҚАЛАЙ КӨРЕДІ?

...

Балықтар табиғаты бойынша алыстан көрмейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СЕМЕИ

...

Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ертіс өзенінің бойында орналасқан. 1939-97 жылдары Семей облысының орталығы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР НЕГЕ ДӘПТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?

...

Бір кезде «еріп кететін дәптерге» ешкім де таңданбайтын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛГЕБРА ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

...

Алгебра ғылым ретінде – бөлімдер мен ұғымдардың пайда болу тарихы, жіктелуі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »