UF

ВАНИЛЬДІ ШЕКЕР-ПЕНДЕР

Категориясы: Тағам


Құмшекер мен сірнеден шырын дайындалады да, 135-145 градусқа дейін қайнатылады. Дайын карамель массасын арнаулы столда 80-90 градусқа дейін салқындатып, аз-аздап ванилин қосылады. Содан соң илеп, машинамен не қолмен ақ жібектей болғанша тартылады, оның шетіңен 6-6,5 грамнан келетіндей етіп қиғаштап кесіп алып отырылады.

Осындай рецепт бойынша ванилин орнына жалбыз майын қосып жалбызды шекер-пендыр, лимон қосып лимонды, жанжабіл қосып жанжабілді шекер-пендыр жасалады.

Шекер-пендыр массасы 4 килограмм келетін етіліп, қаңылтыр қорапқа салынады да, тығыз қақпақпен жабылады, қағазбен желімделіп тасталады.

Бір килограмм шекер-пендырға 828,4 грамм қант, 248,5 грамм сірне, 0,25 грамм ванилин жұмсалады.

Ванильді шекер-пендырдың бір килограмында кемінде 160 данасы болады, ылғалдылығы - 3 процент, ыдысқа салғандағы массасы - 4 килограмм, ең ұзақ сақталатын мерзімі - 5 ай.

  Жарияланған-2016-02-22 18:17:19     Қаралды-3878

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ТІРКЕЛГЕН ҚАЙЫҢ ТҮРЛЕРІ

...

Қазақстанның 1981 жылы жарық көрген Қызыл кітабына қайыңның 3 түрі - қызыл кайың, талас қайыңы және Ярмоленко қайыңы тіркелген. Бұл үшеуі де әрі сирек кездесетін, әрі шағын жерлерде ғана өсетін эндемик түрлерге жатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАЗЛДАРДЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Алғашқы басқатырғышты 1763 жылы ағылшын картографы және гравюрашысы Джон Спилсбери ағаштан ойып жасаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕМПЕРА ДЕГЕН НЕ?

...

Бұл сөз бояудың атын да, сол бояумен салынған шығарманы да бірдей білдіреді. Темпера дайындалу әдісіне байланысты үш түрге бөлінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛ МАУСЫМДАРЫ ТУРАЛЫ

...

Қөктем туады, жаз шығады, күз түседі, қыс келеді. Халықтың ұғым-тусінігіне орай қалыптасқан сөз тіркесі осылай айтыла ды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893 -1920)

...

XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының жарық жұлдызы - Сұлтанмахмұт Торайғыров бар-жоғы 27 жас жасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЯДРОЛЫҚ ҰРЫС ЖАБДЫҚТАРЫ

...

Ядролық ұрыс жабдықтары - зақымдаушы әрекеті ядролық жарылыстың энергиясын пайдалануға негізделген ұрыс жабдықтары.

ТОЛЫҒЫРАҚ »