СӘУЛЕ АУРУЬІ
Категориясы: Соғыс
Сәуле ауруы - бұл иондаушы сәуленің организмге әсер етуінен пайда болатын аурудың ерекше түрі. Сәуле ауруының адамда жедел (жоғары сәуле дозасын алған жағдайда) және созылмалы (егер төмен сәуле дозасын жиі алса) түрі болуы мүмкін. Сәуле ауруы негізінен қан жасаушы органды, нерв жүйесін және ішек-қарынды зақымдайды. Алған сәуле дозасына байланысты сәуле ауруы үш дәрежеге бөледі: бірінші дәрежесі 100-200 «Р» дозасын алғанда пайда болады, аурудың бұл дәрежесінде білінбейтін кезеңі 2-3 аптаға созылады, содан кейін жалпы әлсіздік басталып, адамның зауқы болмайды, басы айналып, қанының құрамындағы ақ түйіршіктер азаяды, ауруды емдеуге болады; екінші дәрежелі сәуле ауруы 200-300 «Р» доза алғанда пайда болады, зақымдану белгілері тез білінеді әрі ауыр түрде өтеді, білінбейтін кезеңі бір аптаға дейін созылады, көп жағдайда адам толықтай әлсірейді, бірақ та белсенді түрде емдеген жағдайда 1,5-2 айда жазылады; үшінші дәрежелі сәуле ауруы - 300 «Р»-нен артық доза алғанда пайда болады, алғашқы белгілері әдетте сәуле алысымен-ақ тез білінеді, адамның басы қатты ауырып, жалпы жағдайы әлсірейді, лоқсып, көп құсады, емдеу мерзімі 6-8 айға дейін созылады, мұнда адам өлуі мүмкін.
Жарияланған-2016-02-20 15:37:02 Қаралды-7494
ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР
Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдармен зәулім ғимараттар көңіл-күйді көтеріп, жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын-шайтаннан қорғану және өзін-өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қойган. О
ЖЕРДІҢ СЕРІГІ - АҢЫЗ АЙ
Біздің планетамыздың бірден-бір табиғи серігі. Ол Жерден 4 есе кіші, 6 есе жеңіл.
МИПАЛАУ - ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАРҒА ТАРТЫЛАДЫ
Мипалау көбінесе құрметті қонақтарға қазақша еттен кейін тартылады. Сол кісілердің рұқсатымен бүкіл дастарқан басындағылар ауыз тиеді.
13 ЕҢ АТАҚТЫ ФИЗИКТЕР
Физика заңдары табиғаттағы барлық құбылыстарға пайдаланылады. Бірақ тамаша физикалық құбылыстардың заңдарын ашқан физиктер болмағанда, физика ғылым ретінде қалыптаспас еді.
ЧЖАН ЦЯНЬ
Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі ру-тайпалық одақтар мен ертедегі мемлекеттердің әлеуметтік-саяси құрылымы, олардың өзара және Орталық Азиядағы көне иелектермен байланысы жөніндегі алғашқы деректерді бізге Чжан Цянь жеткізді.