АУА ӨЛШЕУГЕ БОЛА МА?
Категориясы: Табиғат
Әйгілі ғалым Галилео Галилей бұдан 300 жылдай бұрын көпшілікті таң қалдырып... ауаны өлшепті. Әрине, ғалым ауаны таразыға сала алмаған, алайда ол бір қулық ойлап тапқан. Галилей тесігі бар мыс шарды таразыға тартқан. Сосын шардан ауаны айдап шығып, тесікті тағандайды да оны таразыға қайта салады. Сол кезде мыс шар салынған таразы бас лезде жоғары көтеріліп, таразы тасы тұрған жақ төмен басып кеткен. Бұл «салмағы жоқ» ауаның – әйтеуір бір салмағы бар екенін көрсетеді. Мәселен, айран құятын құмыраның ішіне жарты грамнан астам ауа сыяды екен.
Алайда біздің үстімізде – күллі тау-тас, орман-дала, көл-мұхит, бүкіл жер үстінде сан шақырымдарға созылған көзге көренбейтін ауа мұхиты Жерге салмақ түсіріп, қысым жасауы керек емес пе? Иә, ол салмақ түсіреді және салмақ болғанда қандай.
Ауа әр адамға 15 тоннадан астам салмақ түсіреді. Бұл 3 жүк машинасының салмағындай. Бірақ адам неге ол салмақты сезінбейді?
Өйткені адамның организмінде де ауа бар және ол да дәл сондай күшпен іштен қарсы қысады. Ауаның сыртқы және ішкі қысымы бірдей. Сондықтан біз ештеңе сезінбейміз.
Жарияланған-2016-09-15 14:46:04 Қаралды-4540
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОВЕТ ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ
СССР-ді қорғау жолында жасаған ерлігі мен батырлығы үшін Совет Одағының Батыры атағына ие болған қазақстандық қаһармандар.
ҚАЙЫҢ ҚАБЫҒЫ ДА ҚАЖЕТКЕ ЖАРАЙДЫ
«Қайың» - деген сөзді естіген кезде көз алдымызға ақ қабығы діңін қаптаған тіп-тік өскен ақ қайыңдар мен «мың бұрала билеген» ақ қайыңдар бейнесі елестейді.
ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?
Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли
КАВКАЗ ОВЧАРКАСЫ
Кавказ овчаркасы - ертеден келе жатқан отандық бақташы ит тұқымы. Бұған адам әсері аз тиді де өзінің алғашқы типін таза сақтап қалды. Ол тек ауа райының жағдайына қарай кейбір қасиеттерін ғана өзгертті.