UF

ТУНДРА – ҚЫРУАР КӨК КІЛЕМ

Категориясы: География


Егер біздің ұшқыш кілем тундраның үстінен қыста ұшқан болса, Солтүстік Мұзды мұхиттың қай жерден бітіп, тундраның қай жерден басталғанын байқамас едік. Өйткені төңірек тұтасқан ак қар, көк мұз болар еді. Ал қазір, жаз айында, жердің ең терістік шетінде жыпырлаған сансыз көл, батпақты алқаптар мұнарланып, әр тұстан жасыл желектер көзге түседі. Бұл өлкеде орман да бар. Бірақ түрі өзгеше. Онда тырбық ергежейлі ағаштар өседі, тіпті баяғының алыптарына ұқсап оның үстінен аттап кете беруіңе де болады.

Тундраның қып-қыска жазында тоң жөнді еріп те үлгірмейді. Егер күрек алып жер қазбақ болсақ, күрегің алдымен жерге оп-оңай сүңгіп, іле тасқа тигендей, бірдеңеге шақ ете түсер еді. Бірақ бұл тас емес жердің тоңы - ешқашан да ерімейтін «мәңгілік тоң».

Құрылысшылар мұнда қазіргі заманға лайық еңсесі биік, өзі тұрмысқа қолайлы, әрі жылы, әрі берік тамаша үйлер салуды үйренді. Поляр шеңберінде ондаған қалалар мен поселкелер пайда болды. Онда тундраның жер асты байлығын өндірушілер тұрады. Поляр өлкесінде мұнай, газ, көмір және әр түрлі металл кендері бар. Жойқын өзендердің Мұзды мұхитқа құятын сағасына осы заманғы теңіз порттары салынған. Кемелер бұл жаққа машина, азық-түлік тағы сол секілді жұмысқа, күн керіске жажетті нәрселердің бәрін әкіледі де, ал қайтарда үлкен қиындықпен алынған жер асты байлықтарын тиеп әкетеді.

Солтүстік Мұзды мұхитының жағалауына тірелген тундра белдеуі мыңдаған километрге дейін созылып жатыр.

Мына тұрған ағаш ТЫРБЫҚ ҚАЙЫҢ деп аталады. Ол неліктен тырбық болып өскен? Өйткені тундраның қысы аса қатал. Ондай суықта әдеттегі биік ағаштар үсіп кеткен болар еді. Ал тырбық қайыңдар қалың қардың астына жасырынып көктемге дейін «алаңсыз ұйықтайды». Ал тым тез өтетін поляр жазы басталған шақта тундра жері гүлге оранып, кілемдей құлпырып кетеді. Жабайы солтүстік көкнәрінің сары гүлі, тасжарғанның қызыл гүлі - бәрі-бәрі шешек атады... Шөптесін өсімдік атаулы мұнда жоқ десе де болады, көбінесе мүк пен қына өседі. Ал жазда мұнда көк желек, итбүлдірген, мүк қарақаты және басқа жидектер қаптап шығады. Тіпті саңырауқұлақтар да бар.

                                                            Бұл балшықшы

Көктем келісімен құс керуендері тундраға қарай шеру тартады. Олардың ішінде БАЛШЫҚШЫЛАР да, алуан-алуан ҮЙРЕКТЕР мен ҚАЗДАР да, құс аруы - АҚҚУЛАР да бар!.. Бұл өлкедегі су мен жем бәріне де жетеді. Олар мұнда балапан өргізеді де, оңтүстікке қайтады. Тек тундраның АҚ КЕКІЛІГІ ғана қыстап қалады. Кақаған суық, қара түнек поляр түні бұл құсқа түк те емес. Жел соқса, ол қалың қарға кіріп кетеді. Қар астындағы тоңазыған жидек теріп жеуге молынан жетеді.

Тундрада жабайы және қолға үйретілген табын-табын солтүстік бұғылары өріп жүреді. БҰҒЫ - бұл өңір тұрғындарының ішсе асы, кисе киімі, мінсе көлігі. Қыстыгүні жеңіл шанаға жегілген бұғылар шетсіз-шексіз тундра төсінде желдей есіп, адамдарды межелі жеріне жеткізеді, жүк тасиды. Ол күні бойы жұмысқа жегіліп келіп, қамыттан босаған соң, өз азығын өзі тауып жейді - тұяғымен тебініп, қар астындағы ягель деп аталатын мүкті азық етеді. Бұғы табындарының ізін аңдып поляр КАСҚЫРЛАРЫ жорғып жүреді.

Мұнда АҚ ТҮЛКІ де мекендейді. Оның қыстыгүні тонының түсі ақ - бұл жауына байқалып қалмау үшін, мамық жүнді - бұл суықта тоңбау үшің, ал жаз шыға жүні түлеп, сүр түске енеді.

  Жарияланған-2016-09-08 16:33:57     Қаралды-3293

Мәлімет сізге көмек берді ма

СҮТТЕН ЖАСАЛАТЫН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР

...

Төрт түлік малды тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдуелгі сүттен небір тамаша тағамның түріп жасай білген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОРАЗ МҰХАММЕД ДАСТАНЫ

...

Казақ жері туралы жазылған тарихи еңбектердің бірі - «Жылнамалар жинағы». Кітап «Ораз Мұхаммед дастаны» деп те аталады. Оны XVII ғасырдың басында қазақ халқының ғұлама ғалымы, белгілі биі Қадырғали Қосымұлы Жалайыр жазған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Адам бойы кешке қарағанда таңертең ұзын

...

Адам бойы немесе адам денесінің ұзындығы – бұл бастың ұшы мен табанға дейінгі ара-қашықтық. Антропологияда бой антропометриялық белгілердің бірі болып табылады. Адамның дене құрылысының дамуы көрсеткіштерінің тізіміне жатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖИДЕНІҢ ІШІ АУЫРҒАНДА ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

...

Жиденің жемісін тамаққа пайдаланады. Химиялық құрамы: сабағының, бұтағынын; құрамында илік және бояу заттары бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛХОРЫ САМБУГЫ

...

Іріктелініп алынған алхоры жуылып, сүйектерінен арылтып, үстіне аздап су құйылады да, 10-12 минут бойы қайнатып пісіріледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ

...

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - «Қазақстанның халық әртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы облысында дүниеге келген. Оның әкесі күйші, анасы әнші болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »