ФАЙНКУХЕН
Категориясы: Тағам
Бөлке жасалатын қамырдан пісірілген сопақша нан осылай деп аталады.
Қамыр қабылданған жалпы схема бойынша ашытылып, дайындалады. Илеп болғаннан кейін қамыр біреуі көбірек, екіншісі азырақ екі белікке бөлінеді де әзырағына мейіз бен дәм қабық қосылады. Қамырдың екі бөлігін де 50-60 минут бойы ұстай тұру керек. 15-20 миллиметр қалыңдықта жайылған мейіз бен дәм қабық қосылмаған қамырдың үстіне мейізі бар жайылған қамыр жабылып, сопақша етіп, төмендегі қамырдың шеті қайырылады да төңкеріліп, үстіне мол етіп жұмыртқа жағылады. Піскеннен кейін файнкухен астаушаларға салынады.
Бір килограмм файнкухен жасауға 434,7 грамм жоғары сортты ұн, 143,4 грамм жұмыртқа, 130,4 грамм қант, 34,8 грамм ашытқы, 10,9 грамм дәм қабық, 173,8 грамм мейіз және 0,65 грамм тұз жұмсалады.
Файнкухенның ылғалдылығы - 23 процент, ең ұзақ сақталатын мерзімі - 3 күн.
Жарияланған-2016-03-15 16:32:12 Қаралды-1976
ШОКОЛАД НУГАСЫ
Шайқалған кәмпит массасына жаңғақ пен какао қосылған тағам осылай аталады. Жаңғақ дәні жақсылап іріктеліп, бөгде қоспалардан, қабықтарынан, бұзылған дәндерінен тазартылады да соңынан жаңғақ жармалағышқа салынып жармаланады. Какао ұнтағы еленеді.
БАДАМ - ЖҮРЕККЕ ЖАҚСЫ
Бадам – онша биік емес, жоғарғы жағы жайыла өскен ағаш. Жапырақтары сопақша, шеттері ара тісті.
КОЛЛИ (ШОТЛАНД ОВЧАРКАСЫ)
Ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымы. Отаны - Шотландияның табиғаты қатал таулы аудандары.
ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?
Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.
ҚАҒАЗ ҮЙЛЕР ҚАЙДА САЛЫНҒАН?
Жапонияның кейбір аудандарында үйлер өте жұқа материалдардан салынған