ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН ДӘСТҮРЛІ ТАҒАМДАР
Категориясы: Тағам
Қазақ халқының ұлттық дастарқанында бар, бірақ қазіргі кезде ұмыт бола бастаған мынандай да дәстүрлі тағамдарына тоқтала кеткеннің артықтығы жоқ.
Түймеш - келіге түйіп, жаңғырыққа салып тоқпақпен жанышталған ет. Оны кейде сол күйі қатырып немесе қарынға салып сақтайды. Майға қарып, суға қайнатып, кейде ішекке тығып қайнатып пісіріледі.
Май түймеш - майын көбірек жіберіп келіге түйген ет. Оны көбінесе өңешке, жүректің қолқасына тығып пісіруге болады.
Бітеу - бүйенге тығып пісірген ұсақ ет. Оның бір жағы тұйық, екінші басы тігулі, соған орай піскенде өз сорпасы өзінде болады.
Меңіреу - әсіптің үлкен және семіз етіп жасалған бір түрі.
Жаужұмыр - сойылған малдың етін бұзып, қалың еттерін арсалап алып, түгелдей өз қарнына салып, су құймай пісірген ет. Оны кейде жаубүйрек деп те атайды.
Борша кісе - тауық, қаз, үйректің, бұзау, лақ, қозының еттеріне күріш, сарымсақ, бұрыш, шикі жұмыртқа, сары май қосылады. Сүт құйып отырып машинаға тартылады. Содан ішекке, бүйенге тығылып немесе қамыр арасына салынып пісіріледі.
Жаубүйрек - қойдың, ешкінің, бағланның бұзбай пісірген бөксесі.
Сырбаз - өз терісіне орап, алдын-ала от жағылған шұңқырға көміп пісірген бағлан еті.
Ет хошан - құйрық май, қамыр, өсімдік майын қоспалап қарынға салып пешке пісіретін, тұз-бұрыш, иіс дәмі келісті тағам.
Жарияланған-2016-09-23 16:44:39 Қаралды-4153
УҚОРҒАСЫН – НЕВРАЛГИЯНЫ ЕМДЕЙДІ

Қазақстанда біріне-бірі өте ұқсас Жоңғар уқорғасыны мен Қарақол уқорғасыны өседі.
ЕРТЕДЕ ӘЙЕЛ МАТЕМАТИКТЕР БОЛДЫ МА?

Гипатия (370-415) антикалық дәуірдің алғашқы атақты әйел ғалымы болып саналады.
АРАЛДАР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН?

Егер судың мөлдірлігі тап ауа сияқты болса, онда кемемен жүзіп келе жатып тереңдегі небір тау жоталары мен шатқал шыңдарды, тіп-тік құлама жартастарды көруге болар еді.
ТАҢҚУРАЙ – БЕЗЕУДІ ЕМДЕЙДІ

Таңқурай таулы беткейлерде, бұталардың арасында, тасты жерлерде, сирек ормандардың арасында өседі.