БАРСАКЕЛМЕС ҚОРЫҒЫ
Категориясы: Табиғат
Барсакелмес қорығы Арал теңізінің Барсакелмес аралында 1939 жылы құрылды. Бұл арал сазды, тақырлы, құмды болғандықтан, өсімдіктері де, негізінен, шөл далалық. Негізгі өсімдігі - сексеуіл. Қорықта қарақұйрық, ақбөкен мекендейді. Көктем, жаз айларында құстардың саны мен түрлері көбейеді. Жылқышы, шағала, қаз, кішкене бозторғайларды көруге болады. Су жағасында жасыл құрбақалар көп. Далалы аймағында жұмырбас кесіртке мен кекконды ысылдағыш кесірткелер бар. Жабайы аңдар, құстар үшін қысы қолайлы. Қорықтың мақсаты - өзіне тән табиғат байлығын қорғап, қорын молайту.
Арал теңізінің тартылуы, өсімдіктердің азаюы, тұздылығының артуы қорықты мекендейтін ақбөкен, қарақұйрық, құландар үшін өте қауіпті.
Жарияланған-2015-11-25 19:59:47 Қаралды-16308
КИРИЛЛ ЭЛІПБИІ

Кирилл әліпбиі (кириллица) - славян ағартушысы Кириллдің атымен аталған әліпби. Кирилл 827 жыл шамасында Фессалоники (Солунь) қаласында туылған. Кирилл славян елдеріне христиан дінін уағыздау үшін славян әліпбиін жасайды.
РЕПЕЙНИК – РЕВМАТИЗМ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Құрамында илік заттар, эфир майлары, К витамині, пигменттер, ащы заттар, қышқылдар бар.
ҚАЙМАҚ НЕМЕСЕ КІЛЕГЕЙ ҚОСЫП, ЖАҢҒАҚ САЛЫНҒАН ІНЖІР

Інжір мұқият жуылып тазаланады, азғантай су құйылып, лимон қышқылы қосылады. Содан соң қайнағанша қыздырылады да 20 минут ұсталады. Қаймақ пен қант ұлпасы араластырылып шайқалады.
ЖОЛБАРЫС НЕГЕ ШҰБАР, ЖИРАФ НЕГЕ ТЕҢБІЛ?

Мұндай түстер аң, құстардың жауынан қорғану үшін ғана емес, аң аулауы үшін де қажет.
«АЙ» ҚУЫРМАСЫ

Дайындалған қамыр 0,8 сантиметр қалыңдықта жайылады да жұмыртқаның сары уызы жағылып, жұқа стаканның қырымен дөңгелектеп,