UF

ИМРЕССИОНИСТЕР

Категориясы: Өнер


К.Моне (1840-1926 жж.). "Аржантеедегі көпір"

Өткен ғасырдың екінші жартысында Францияда қаулап бір топ жас суретшілер шықты. Олар бұрын-соңды көрмегенді істеп, өз шығармаларын шеберханада емес, өзен жағасында, далада, орман ішінде, шалындықта ашық аспан астында тұрып салатын әдет шығарды.

Олар шығармалары Парижде алғаш рет көрмеге қойылысымен-ақ суретші қауым тарапынан француздың «impression» - «әсер» деген сөзінен шығарып, импрессионистер деген атақ алды. Шынында да, олар өз туындыларында өмірден алған әсерлерінің ізін суытпай тұрып, бейнелеуге тырысатын. Су айдынына, жапырақтарға, кісілердің үсті-басына түскен күннің шуағына дейін қолмен ұстап, көзбен көргендей дәл жеткізетін. Олардың суретінен өкпек желді, жауыннан кейінгі дымқыл ауаны, күн қыздырып балбырап жатқан топырақты дәл сол қалпында сезінесің.

Олар табиғаттағы әр алуан құлпырған бай бояу әлемін жіті байқап, дәл жетікізуді тырысты. Импрессионистердің бірі Моне тұман күнгі Лондонды бейнелейтін шығарма тудырды. Оны көрмеден көрген лондондықтар әдетте бұлыңғыр сұрғылт деп жүретін тұманның қызыл күрең боп қошқылданып кеткеніне қатты қайран қалысты. Артынан көшеге шығып, тұманның, шынында да, суретші салғандай қызыл қошқыл екеніне көздері жетті. Өйткені, Лондонның үйлері көбінесе қызыл кірпіштен салынған-ды. Олар дымқыл ауада дүниені қызыл мұнар қоршап алғандай әсер қалдырады екен.

Сүйтіп, суретші бұрын байқалмай жүрген бір ақиқатқа адамдардың көзін жеткізді.

Импрессионист суретшілердің шығармашылық жолдары өте қиын болды. Олардың шығармалары әу баста тіптен анайы әрі күлкілі көрініп, ешкім мойындамай қойды. Сатып алушылар да табылмады. Бірақ, олар алған беттерінен қайтпады. Аштыққа да, жоқтыққа да мойымай, өз ізденістерін жалғастыра берді.

Импрессионистердің өнеріне жұрт әбден мойын ұсынған кезде, олардың көпшілігі дүниеден ауып та үлгерген-ді.

Қазір жер жүзінің көптеген музейлері өздерінде сақтаулы Мане, Моне, Ренуар, Дега, Сислей, Писарро шығармаларын ерекше мақтаныш тұтады.

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-03 21:04:50     Қаралды-3582

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚҰРҒАҚ ЖЕМІСТЕР МЕН ЖАҢҒАҚТАН ЖАСАЛҒАН ДОМАЛАҚТАР

...

Тазартылып, қуырылған грек жаңғағы, жуылған жүзім (сүйегінен ажыратылған) және курага ет тартқыштың тар көзді пышағынан екі рет өткізіліп, мұқият араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

7 ТҮРЛІ ТАҒАМ - ҚУЫРДАҚ

...

7 түрлі тағам - қуырдақ

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА – ДҮНИЕДЕ ЕҢ СУЫҚ ШӨЛ

...

Егер глобустың аяғын аспанға қаратып, аударып қойса, тағы да сондай екінші «ақ бөрікті» көретін едің. Бұл – Оңтүстік полюс.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛХОРЫ КӘМПИТІ (пастила)

...

Піскен алхоры жуылып, сүйектері алынады, эмальды кастрюльге салынып, үздіксіз араластырыла отырып, қоюлана бастағанша қыздырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУТ ЖУРЕК АУРУЫНАН ҚОРҒАЙДЫ

...

Бала кезінде сүт өнімдерін үзбей қолданған адамдар жүрек талмасымен ауырмайды екен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТОЙ ЕТІ

...

Қазақ халқы тойға барын салған. Мұндай қуанышқа тіпті жалғыз атын сойып жіберетін болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »