UF

СҮР ЕТ ДАЙЫНДАУ

Категориясы: Тағам


Сүр ет. Сүрлеу дегеніміз – етті қақтап, тұздап сақтау. Сүр ет ерекше дәмді болады. Өзіне тән иісі Өте жағымды. Әдетте еттің сұрпы жағы, яғни қазы, қарта, жал, жая, омыртқа, төс еттері ғана сүрленеді. Сүрлеу үшін ет жұқалап қақталады. Ұсақ тұз сеуіп, көлеңке әрі жел соғып тұратын орынға жайып кептіріледі. 
Кезінде қазақтар етті әбден тұздап, ұнға тығып та сақтаған.

Кей жерлерде етті ыстап та сүрлейді. Ол үшін қақталған ет әбден сорғыған соң арнайы шошалаға ілініп, астына түтін салынады. Сөйтіп шошаланың есігі мықтап жабылады. Ет ыстау үшін тобылғы, қараған, арша, шырша жаққан дұрыс. Сонымен етті температусы 50–60° қою түтінге 12–18 сағат ұстау керек. Ысталды–ау деген кезде жылылығы 10–12 градус орында 6–8 сағат суытылады. 
Сүр ет тек асып пісіріледі. Ол үшін әуелі асатын ет салқын сумен жуылып, 30–35 градусқа дейін жылытылған суға салынып қайнатылады. Жақсы сүрленген ет желке сияқты тарам–тарам болып піседі. 
Піскен сүр ет тақтай үстіне салынып, жұқа етіліп жапырақтап туралады. Содан соң жайпақ ыдысқа әдемілеп салынады да жиегі дөңгелектеп туралған пиязбен әсемделеді. 

  Жарияланған-2016-05-27 13:01:09     Қаралды-8368

Мәлімет сізге көмек берді ма

КҮРЕҢОТ - НЕРВ ЖҮЙЕСІН ТЫНЫШТАНДЫРАДЫ

...

Күреңот – биіктігі 2 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫМЫЗ АШЫТУ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ

...

Қымыз дайындау үшін ең алдымен сауын биелерін іріктей білу керек. Сауылатын бие сақа бие, қулық бие, қысырақ бие деп үшке бөлінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Бірегей Жердің гипотезасы

...

Жер жүзінде біз ғанамыз ба? Космостың шексіз кеңістігінде тағы да Жер сияқты планета бар ма екен?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖІР ОЙЛАСЫ

...

Жеміс массасы мен жаңғақты қант-сірне шырынына қосып қайнатып, бадам және грек жаңғағымен әшекейлеген тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АВАРИЯНЫ ТУҒЫЗАТЫН КАНДАЙ СЕБЕПТЕР БАР ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ?

...

Авария (апат) — өндірістік процестің бұзылуын туғызатын, машинаның, агрегаттың істен шығуы немесе адамдардың өмі рі мен денсаулығына қауіп төнуіне байланысты тоқтатылуы. Ірі өндірістік апаттарында өнеркәсіп орындарында, транспортта немесе басқа да халық ш

ТОЛЫҒЫРАҚ »