ЖАЙЫҚ ӨҢІРІ
Категориясы: Табиғат
Еліміздің солтүстік-батысындағы екі өзен аралығын алып жатқан аймақты қазақтар ежелден Еділ-Жайық өлкесі деп атап келген. Мұнда Жайық өзенінің орта ағысынан бастап Каспий теңізіне құяр сағасына дейінгі телімі ел аумағында ағады. Жайық өзенінің ел аумағындағы ұзындығы 900 шақырымға жуық. Ол Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жерін басып өтеді. Жайық бастауын Ресейден (Орал тауынан басталады) алып, Каспийге құяды. Қазақстан аумағында оның 30-ға жуық салалары және Ор, Сақмар, Елек, Шаған. Өлеңті, Бұдарты, Көлдіғайтты және Көшім, Бағырлысай, Бақсай атты тармақтары бар. Ел аумағында өзеннің кейбір тұсының ені 800 метрге дейін жетеді.
Орал мен Атырау қалаларының аралығында өзен арқылы кемелер қатынасады.
Суы мол болғандықтан балықтың түрлері де көп. Онда дүние жүзіне әйгілі бекіре, қортпа, шоқыр, көксерке, сазан, қаракөз, табан, шортан, жайын және т.б. тіршілік етеді.
Өзеннің суы мол болғандықтан және далалы, шөлейтті жерлермен ағуына байланысты оның алабында көптеген каналдар мен бөгендер, су жүйелері салынған.
Жарияланған-2015-11-25 17:26:31 Қаралды-3368
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ИНТЕРЬЕР

Сәулетші өзі салатын үйдің тек сыртқы ажарына ғана емес, ішкі көркіне де көп көңіл бөледі. Үйдің ішін безендіру өнерін «интерьер» деп атайды. Ол француздың «ішкі» деген сөзінен шыққан.
ЕСКЕКШІЛЕРІ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

Ескекті қайықпен серуендеу, саяхатқа шығу, жихангерлік адам баласының ерте заманынан-ақ меңгерген кәсібі деуге әбден болады.
ТАЙТҰЯҚ – МАСКҮНЕМДІККЕ ҚАРСЫ

Құрамында эфир майлары, азорон, пинен, эвгенол, борнилацетат, танин, қоймалжың заттар, шайырлар, азарин деген алкалоид бар.
СУҒА ШЫҚҚАН МАҢЫЗЫ - 30 ТҮРЛІ ҚАРАПАЙЫМ ИНГРЕДИЕНТТІ СОРПАЛАР

Сорпа - ас қорыту органдарының жұмысын жақсартатын, адамның тәбетін ашып, тіпті бойын сергітетін тағам.
АЛТЫБАҚАН

Ертеректе ауыл сыртына кұрылған алтыбақан жастардың кешке ойын-сауық құратын жері болған. Оны қазақтың ежелгі ұлттық ойыны деп те атайды. Алтыбақан көшпенді халық үшін өте қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады.