ЛИМОН ДОМАЛАҚТАРЫ
Категориясы: Тағам
Бірінші варианты. Ет тартатын машинкадан қуырма мен тазартылған жаңғақ жеке-жеке өткізіледі. Ет тартатын машина табылмаса оқтаумен ұнтақтауға да болады. Ұнтақталған қуырмаға ром немесе коньяк құйылады. Сарымай мен қант ұлпасы қосылып көпіршітіп шайқалады, үстіне цедра (лимонның немесе апельсиннің қабығы немесе оның үгіндісі) салынып, қуырмамен араластырылады. Барлығы жақсылап араластырылады да домалақтанады, содан соң олар ұнтақталған жаңғақ дәндеріне аунатып алынып, шай дастарқанына қойылады.
Бұл тағамды жасауға 300 грамм қуырма (печенье), 125 грамм сарымай, 200 грамм қант, 80 грамм, цедра, 100 грамм жаңғақ, 20 грамм коньяк жұмсалады.
Екінші вариант. Сүт қайнатылып, оған қант салып ерітіледі, сарымай, цедра, түйілген немесе ұнтақталған кепкен нан, жаңғақ және ет тартатын машинадан өткізілген жүзім, асхана шарабы қосылады. Бәрі мұқият араластырылып, домалақтанады. Әрбір домалақ қант қосылған кепкен нан ұнтағына аунатылып алынады. Шай дастарқанына қоюға таптырмайтын тағам.
Бұл тағамды жасау үшін 400 грамм кепкен нан (сухари), 150 грамм сарымай, 200 грамм қант, 200 грамм сүт, 80 грамм цедра, 40 грамм шарап, 90 грамнан жаңғақ пен жүзім жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-15 17:29:34 Қаралды-1989
БІЗДІҢ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ НЕМЕН ЖУЫНҒАН?
Ежелгі уақытта Ресейде ең көп таралған жуғыш зат сілті болды.
СӘУЛЕ АУРУЬІ
Сәуле ауруы - бұл иондаушы сәуленің организмге әсер етуінен пайда болатын аурудың ерекше түрі. Сәуле ауруының адамда жедел (жоғары сәуле дозасын алған жағдайда) және созылмалы (егер төмен сәуле дозасын жиі алса) түрі болуы мүмкін.
ТЕҢІЗ КӨЛІ
Теңіз көлі Ақмола облысының аумағында орналасқан. Көлге Сарыарқадан басталатын Нұра өзені келіп кұйылады. Тереңдігі - 2-2,5 м. Теңіз көлінде 60-қа жуық кішігірім аралдар бар.
СЕМЕИ
Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ертіс өзенінің бойында орналасқан. 1939-97 жылдары Семей облысының орталығы болған.
МАЛБАҒАР МЕҢДІҚҰЛОВ
Малбағар Меңдіқұлов (1909-1986) - қазақ халқынан шыққан тұңғыш архитектура профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Алматы қаласының тұңғыш бас архитекторы. Ол Орынборда дүниеге келген.
ЖЕР ЖАҢҒАҒЫ ҚОСЫЛҒАН ЖЕМІС НУГАСЫ
Бұл - жер жаңғағын қосып, қантқа салып пісірілген курагадан тұратын тағам. Формасы төрт бұрышты, құмшекер себілген.