БӘЙТЕРЕК
Категориясы: Өнертабысты
Астана қаласындағы сәулет өнерінің бірегей туындысы - «Бәйтерек» кешені. «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы - А.Рүстембеков, С.Базарбаев пен Айтбалаев, инженер-конструкторы - М.Вахштейн, нтерьер дизайншысы - А.Оспанов; ал құрылысын «Имсталькон» ААҚ құрылыс компаниясы салған. «Астана - Бәйтерек» құрылысы Елбасы Н.Назарбаевтың нобайы негізінде өмірге келді. Құрылыс Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Металдан, әйнектен және темір бетоннан жымдаса өріліп, бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі - 97 метр, диаметрі - 22 метр. Ұшар басында алтын шар (ол 76,9 метр биіктікте орналасқан) ілініп тұрған биік ағаш түрінде пайда болған жаңа алып құрылыс «Бәйтеректің» сәулетті сипаты жаңа астананың ажарын аша түсті. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы - 70 тонна, ал алтын шардың үстіңгі ауданы - 1553 метр. Осынау ғаламат шардың залынан Астана қаласының шінісін тамашалауға болады. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, төңірегін көруіне мүмкіндік көретін дәмханасы да бар.
Астананың символына айналған «Бәйтерек» - елорданың халық ең көп баратын жері.
Жарияланған-2015-11-23 20:40:40 Қаралды-5474
ШЫРМАУЫҚ БУДРА - ЖАЛПЫ ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ

Шырмауық будра бақтардың, ормандардың ішінде, бұталардың арасында, егістік жерлер мен шабындықтарда, өзен жағаларында өседі.
ЕЖЕЛДЕН УАҚЫТ ҚАЛАЙ АНЫҚТАҒАН?

Бағзы замандарда қазіргідей сағаттар болмаған ғой. Бірақ уақытты біліп отыру адамдар үшін міндетті түрде қажет еді.
ШЫҒЫС ӘДІСІМЕН ЖАСАЛҒАН АЛМА ТАҒАМЫ

Жаңғақ, бадам, жүзім және ваниль кремі араластырылып, жуылып, тазартылған алманың іші сол қоспамен толтырылады.
Хан отбасы мүшелерінің ұшуының өз ережелері бар

Сол уақыттарда қарапайым адамдар сияқты жалпыға бірдей ұшу ережелерін сақтау тиіс еді, оған қоса хан отбасының өз ережелері бар.
КҮЛКІМЕН ДЕ КІСІ ӨЛТІРУГЕ БОЛАДЫ (КАРИКАТУРА)

Жеке бір адамның, не белгілі бір топтың жағымсыз мінезін келеке қылу - карикатураның мақсаты.
ҚАҒАЗДЫ ТАПҚАН КІМ?

Ежелгі Египетте болашақ хатшы-жылнамашыларды әуелі сөздердің, әріптердің таңбаларын балшыққа емес, папирусқа жаздырып үйреткен.