БАДАНА - ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕМДЕЙДІ
Категориясы: Өсімдікті
БАДАНА – ФАСОЛЬ ОБЫКНОВЕННАЯ
Бұл – биіктігі 60 сантиметрге дейін жететін, көпшілікке белгілі бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сағақтары ұзын, ұштары сұйір, үш-үштен қосақталып тұрады. Гүлдері сирек, масақша жасап шоғырланған. Гүл тостағаншасының бес қалақшасы бар, олар өзара жабысып, екі ерінді қысқа түтікше құрайды. Гүл тәжі ақ, кейде ашық қызыл түсті, гүл жапырақшалары бесеу. Жемісі – ұзынша келген, буылтығы бар ірі бұршақ. Мәдени өсімдік ретінде қолдан егіледі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жемісін тұқымынан ажыратып алып пайдаланады. Құрамында аргинин, аспарагин, фазеолин, кремний қышқылы, глобулин бар.
Бадана жемісінің сыртындағы қауызының қанның құрамындағы қантты азайтатын, несеп айдайтын қасиеттері бар. Осыған байланысты қант ауруын емдеу үшін және бүйректің, қуықтың қабынуына қарсы әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Бұл өсімдіктен жасалған дәрі бүйрекке және қуыққа тас байланғанда, қан қысымы көтерілгенде, сонымен қатар ревматизмді, подаграны, шонданай нервінің қабынуын (радикулитті) емдеу үшін де пайдаланылады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Жемістері қауызының 15 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып 30 минут тұндырады да, 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Қант диабеті ауруын мынадай қоспа жасап емдесе, дәрінің тиімділігі арта түседі: бадана қауызының, қаражидек жапырағының, сұлы сабанының әрқайсысынан екі бөліктеп алып, оған зығыр тұқымының 1 бөлігін қосып араластырады. Осы қоспаның 3 ас қасығын 3 стакан қайнап тұрған суға салып жарты сағат тұндырады да, үш ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.
Ұйқы безі қабынғанда бадананың қауызын, қаражидектің жапырақтарын теңдей етіп алып, осы қоспаның 1 ас қасығын қайнап тұрған суға салып жарты сағат тұндырады да, 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.
Жарияланған-2016-07-13 15:04:19 Қаралды-2733
ГРЕКТЕР ОЙЛАП ШЫҒАРҒАН «ПЕНТАТЛОН»

Спорттың бұл түрінің өмірге келуі әскери офицер өміріне байланысты болыпты.
АКРОБАТИКА ТАРИХЫНАН

Акробатика - бұл адам өмірінде өз қолтаңбасы бар спорт түрі деп әбден болады. Себебі, адамның өз денесін өз мұхтажына сәйкес қызмет өткізу - әркімнің ізгі арманы.
ТАЗЫЛАР (ОРТААЗИЯ ТАЗЫСЫ)

Қазақстан малшылары қой бағуға пайдаланатын иттермен қатар иттің ең ежелден келе жатқан тұқымдарының бірі - ортаазия тазысын немесе тазының басқа да түрлерін өсіреді.
ҚАШАП, ОЙЫП САЛЫНАТЫН СУРЕТТЕР

Ағаштан, сүйектен, тастан ойып адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің бейнесін, ою-өрнектерді салуға болады.