UF

МОНҒОЛ ФЕОДАЛДЫҚ ИМПЕРИЯСЫ - Шыңғысхан мен оның мұрагерлерінің шапқыншылық соғыстары нәтижесінде 13 ғасырдың 1-жартысында пайда болған держава. Тайпалық бытыраңқылықты жойып, алғашқы феодалдық мемлекет құру процесін бейнелейтін 12 ғасырдың аяғы - 13 ғасырдың бас кезіндегі соғыстарға қарағанда, монғолдардың басқыншылық соғыстары (1211 жылы Солтүстік Қытайға шабуылмен басталды) баю мақсатымен бұқара халықты аяусыз қанау, олардың жерін, мал-мүлкін талан-таражға салу саясатынан туған еді. Қытайға қарсы шабуылдан кейін ІІІыңғысхан 1219 жылыЖетісуды басып алып, Мауараннахрға, Орта Азияға аттанды. 1219-1921 жылдарҚазақстан мен Орта Азияны жаулап алды. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін ұлыстарға бөліп, балаларына үлестіріп берді. Үлкен ұлы Жошыға Ертістен Орал тауларына дейінгі жерлерді, одан әрі батысқа қарай «монғол атының тұяғы жететін жерге дейінгі» аймақтар, оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңіздеріне дейінгі жерлерді берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына Амударияның төменгі жағындағы аймақтар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді. Екінші баласы Шағатайдыңүлесіне Мауараннахр, Жетісу, Қашғария, ал үшінші ұлы Үгедейге Батыс Монғолия мен Тарбағатай тиді. Төле әкесінің ұлысы - Монғолияны мұрагерлікке алды. Монғолдар өздері жаулап алған жерлерде басқару жүйесіне ешқандай өзгеріс енгізген жоқ. Ел басқару, алым-салық жинау ісіне оларға жергілікті феодалдық шонжарлар мен көпестер көмектесті. Феодалдар белгілі бір аймақтардың жергілікті уәкіл-әкімдері болды.

Шыңғысхан өлгеннен кейін де, оның мирасқорлары қанқұйлы шапқыншылық саясатын толастатқан жоқ. 1235 жылы Монғол феодалдық империясының астанасы Қарақорымда өткен Құрылтай жиналысында Европаға жорық жасау мәселесі шешілді. Армияны Жошының баласы Батый (Жошы өлгеннен кейін оның ұлысы Батыйға мұраға қалды) басқаратын болды. Бұл жорықта монғолдар байтақ жерге ие болды. Оның шегі Батыста Днестрге, Шығыста Ертіске дейін барды. Солтүстікте Бұлғар князьдығы, Оңтүстікте солтүстік Кавказ кірді. Орыс князьдықтары да вассалдық тәуелділікке түсті. Шыңғысханның немересі Мөңкенің тұсында Монғол феодалдық империясына Монғолия, Солтүстік Қытай, Корея, таңғұттардың Си-Ся хандығының территориясы, Орталық және Орта Азия, Закавказье, Иран, Ауғанстан және орыс жерінің елеулі бөлігі кірді.

Монғол феодалдық империясы - бір немесе бірнеше халықтардың тарихи дамуы нәтижесіңде қалыптасқан бір тұтас мемлекет емес, өзгенің жерін басып алып, жаппай құлдыққа ұшырату арқылы зорлықпен, қарудың күшімен ғана құрылған мемлекет. Ондағы халықтардың тілі де, тұрмысы мен діні де әр түрлі еді. Ең бастысы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы (көптеген халықтар бұл жөнінде монғолдардан әлдеқайда жоғары тұрды) әр келкі болды. Феодалдық бытыраңқылық және Шыңғысхан тұқымы арасындағы өкімет билігі үшін күрес, езгіге түскен тайпалар мен халықтардың көтерілісі Монғол феодалдық империясын бірте-бірте әлсірете түсті.

Мөңке өлгеннен кейін, империяның ыдырауы бұрынғыдан күшейе түсті. Империядан ең бірінші Батый (1236-1255) иелігіндегі Алтын Орда мен Хулагу хан (1256-1265) билігіндегі мемлекет бөлініп, монғол әулеті билейтін дербес мемлекет болып ұйымдасты. Олар Монғол феодалдық империясы ісіне араласпады және оның басшыларын өз істеріне араластырмады. Мөңкенің мұрагері, інісі Қубылай хан (1260-1294) тұсында монғол феодалдары бүкіл Қытайды жаулап алды. Монғол феодалдық империясының бұдан кейінгі тағдыры Қытайдағы Юань әулетініңтарихымен ұштасады. 1368 жылы көтеріліске шыққан халық монғол басқыншыларын Қытайдан қуып шықты. Монғол феодалдық империясы жойылды.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-07-16 14:36:49     Қаралды-1020

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »