UF

Түркістан өлкесі Сырдария облысы, Қазалы уезі, Қуандария болысында, 1896 жылы шаруа жанұясында туылған. Әкесі мал шаруашылығымен шұғылданған. Жанұядағы 11 адам ауыр тұрмысты басынан кешірген. 1910 жылы үлкен жанұяның әл-ауқатын жақсарту мақсатымен Перовск қаласына көшіп келеді. Алайда қалада да жұмыс табылмай қатты қиыншылық тұрмысты басынан кешіреді. Оның үстіне 1911 жылы ашаршылық Перовскі уезіндегілерді қорқынышты, аянышты жағдайға алып келеді. Жанұя мүшелері күн көру, ашаршылықтан қырылып қалмау үшін кейбіреулері жалдамалы жұмысқа, кейбірі теміржолдың ауыр салаларындағы қара жұмыста істейді.

Зуаласы пысық Сүлеймен алғашқы кезде темір-жол жұмысына орналасып, кейін 1915-1916 жылдары жаңа Жетісу теміржол инженерінің тілмашы болып істеді. Ол жерден қайтадан Перовск теміржолына оралып, төңкеріс жылы осы жерде болады. Қаладағы «Жексенбілік мектебінде» оқып, жалпы білім алды. Білімге сүйсінген, қызыққан Сүлеймен жалданып жеке меншік оқытушыларының қолында (орыс тузем мектебінде оқып) білімін көтеріп барды. 1918жылы Қызыл гвардия қатарына қабылданып, сол жылы сәуірде коммунист қатарына қабылданды. 1919 жылы Ташкенттегі партия және Совет курсына оқуға жіберілді. 1920 жылы Түркістан Шығыс институтының бірінші курсында оқи бастады. Осы уақыттан бастап ағылшын, араб, парсы тілдерін үйренуге кірісті. Бірақ оны 1920 жылы Перовскіге қалалық партия комитетіне төраға етіп тағайындап, 1920-1922 жылдары Ташкентте облыстық төтенше комиссия төрағасының орынбасары, 1922-1923 жылдары Перовскіде қалалық атқару комитетінің төрағасы болып істеді. 1923 жылы Қазалы қалалық атқару комитетінің төрағасы болып, 1923-1924 жылдары Түркістан Коммунистік партиясының Орталық комитетінде орынбасар қызметтерін атқарады.

Бұл жылдары болыстың съездерінде 8 рет, уезд съездерінде 8 рет, Сырдария облыстық съездерінде 4 рет, бүкілресейлік съездерінде қатысып, өз пікірлерін айта білген. 1924-1925 жылдары Сырдария қалалық НКРИ коллегия мүшесі, атқару комитетінің төрағасы болып істеді.

1933 жылы Мәскеу қаласында Бүкілодақтық жоспарлау академиясын бітірген жоғары білімді азамат 1925-1928 жылдар Қазақстан Ішкі Істер халық комиссары қызметін атқарады.

1928-1929 жылдары Орынбор өлкелік милиция мектебінің бастығы, 1933-1937 жылдары Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан прокуроры болды. 1937 жылы Қазақстан комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары болып істеді, сол жылы Қазақстан компартиясының бірінші съезінде Сүлеймен Есқараевты халық жауларымен байланысты деп айыптады. Съезде «Есқараев контрреволюцияшыл ұйымда болғандығын мойындады» деп хабарлаған күні түрмеге қамауға алды.

Әйелі Есқараева Мәуия да «Алжирге» айдалды. Қызы Әлия, баласы Марат «халық жауының ұрпағы» ретінде тәрбиелейтін Алматыдан мекеме балалар үйіне алынды. Бұл жерде оларға ұқсаған ботадай боздап, қозыдай ұлап-шұлап жататын «халық жауының баласы» деген таңбаланған балалар көп еді.

Сүлейменнің туған ағасы Сейдалы Маратты балалар үйінен айламен алып кетіп, ер жетуіне үлкен үлес қосты. 1957 жылы Сүлеймен Есқараев ақталды. Әкесінің ақталғаны туралы анықтамасын 1958 жылы қолға алған Марат әке алдындағы парызын терең түсіне біліп мәйіті қайда екендігін іздестірді. Ел аузында аңыз болып қалған Боранбай - Әжет арасында Сайсала қойнауында жатқан 19 ер азаматтардың мәйітінің арасында әкесінің де бар екендігін анықтады. Мараттың көзсіз ерлігі арқасында Боранбай сайынан топырақ алып Қызылорда қаласындағы зиратта оған ескерткіш орнатты.

Есқараев Сүлеймен туралы мәліметтер.1896 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туылған.

1910-1919 жылдары Қызылорда қаласында тас заводында жұмысшы болып істеді.

1920 жылы Ташкент қаласында Кеңес партия және Кеңес курсында оқыған.

1933 жылы Москва қаласындағы Бүкілодақтық жоспарлау академиясын бітірген.

1921-1925 жылдары Сырдария обкомында бөлім меңгерушісі, Ташкент облыстық төтенше комиссия бастығының орынбасары, Қызылорда қалалық атқару комитетінің төрағасының орынбасары, Қызылорда қалалық атқару комитетінің төрағасы, Түркістан орталық тексеру комиссияның төрағасы.

1925-1928 жылдары Қазақстан Ішкі Істер халық комиссары.

1928-1929 жылдары Орынбор өлкелік милиция мектебінің бастығы.

1933-1937 жылдары Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан прокуроры болды.

1937 жылы Қазақстан Халық комиссарлық Кеңесі төрағасының орынбасары.

Әдеб.: Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000. -Б.18-25.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-12-03 13:52:39     Қаралды-2187

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »