UF

ҚЫТАЙДАҒЫ ШАРУАЛАР КӨТЕРІЛІСІ (1628-1645) - 17 ғасырдың 1-жартысында Мин әулетінің (1368-1644) құлауына әкеп соқтырған қытай шаруаларының антифеодалдық ірі көтерілісі. 17 ғасырдың 20 жылдарында Қытайда реакция күшейіп, шаруаларды жерден жаппай қуушылық өріс алды. Осыған байланысты шаруалардың және қала тұрғындарының бұқаралық көтерілістері, құпия секталар мүшелерінің ереуілдері мен шағын халықтардың толқулары көбейді. Әсіресе 1628 жылы Шэньси провинциясындағы толқулар елеулі болды, онда көтерілісшілердің 10 отряды құрылып, олар ойдағыдай қимыл көрсетті. 1631 жылы жазда көтерілісшілердің 36 отряды империя астанасы - Пекинге жаппай жорық жасау үшін өз ара уақытша бірікті. Бірақ олар 1632 жылы үкімет әскерлерінен ойсырай жеңіліп, Оңтүстікке қарай бет алды. 1633-1638 жылдары көтерілісшілер Янцзы және Хуанхэ өзендері аңғарларының арасындағы территорияда әлденеше рет шабуылдар жасады. Олар феодалдарды, чиновниктер мен өсімқорларды өлтіріп, байлардың мүліктері мен азық-түліктерін халыққа беліп берді. Бұл қозғалыстарды шаруалардың көрнекті басшылары Гао Инь-сян, Чжан Сянь-чжун, Ли Цзы-чэн т.б. басқарды. 1638 жылы үкімет әскерлері көтерілісшілердің негізгі күштерін талқандады. Бірақ 1640-1644 жылдары өкіметтің қуғын-сүргініне, елдің бірқатар солтүстік аудандарында астық шықпай ашаршылықтың тууына байланысты көтеріліс қайта өріс алды. Көтеріліс Солтүстік Қытайдың ұлан-байтақ территориясын тегіс қамтыды. Көтерілісшілер Лоянь, Кайфон, Сиань, Тай юань т.б. қалаларды басып алып, 1644 жылы 25 сәуірде Пекинге кірді. Мин әулетінің ақырғы императоры (Сы-Цзун) асылып өлді. Көтерілісшілер отряды 1644 жылы Чжан Сянь-чжуннің басшылығымен Сычуань провинциясында феодалдар үстемдігін жойды. Ли Цзы-чэн император болып жарияланды. Бюрократтық мекемелер құрылды, бірақ іс жүзінде өкімет билігі Ли Цзы-чэн басқарған әскери советінің қолында болды. Көтерілісшілер 1644 жылы маусымда Пекинді тастап шығуға мәжбүр болды. 1647 жылы көтерілісшілер Сычуаньда да жеңіліске ұшырады. Ли Цзы-чэн мен Чжан Сянь-чжун өлтірілді.

Әдеб.: Маньчжурское владычество в Китае. -М., 1966; Симоновская Л.В. Великая крестьянская война в Китае. -М., 1958; её же, Антифеодальная борьба китайских крестьян в XVII в. -М., 1966.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-10-18 16:56:18     Қаралды-4847

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »