UF

МАРЖАН ПОЛИПТЕРІ - ішек қуыстылар типіне жататын омыртқасыз жәндіктер класы. Кейде жеке, көбіне колония құрып, теңіз тубінде тіршілік ететін организмдер. Маржан полиптерінің пішіні цилиндр тәрізді, олар табаны арқылы колонияға, жеке түрлері су астындағы қиыршық тастарға бекиді. Табанына қарсы жағында ұзын жіңішке қармалауыштармен қоршалған ауыз қуысы бар. Ауыз қуысы эктодермамен қапталған жұтқыншақ, ол камераға бөлінген (толық емес) ішек қуысына жалғасады. Денесі эктодерма, энтодерма қабатынан тұрады. Нерв жүйесі эктодерма қабатында орналасқан нерв клеткаларынан құралған. Маржан полиптері жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Ұрпағы личинка сатысында анасының организмінен бөлініп шығып, біраз уақыт жүзіп, су астына бекіп, ересек түріне айналады. Жыныссыз жолмен бүршіктену арқылы көбейеді. Бүршіктенуіне қарай Маржан полиптері 2 класс тармағына (сегіз сәулелі Маржан полиптері, алты сәулелі Маржан полиптері) бөлінеді. Дүние жүзі теңіздерінде Маржан полиптерінің 6 мыңға тарта түрі бар. Бір орынға қауым турінде шоғырланып қозғалыссыз тіршілік етеді, қаңқалары әкті, кремнийлі келеді. Маржан қалдықтарынан құралған жыныс кесектерін өңдеуден кейін алынатын әдемі түсті, әшекей тастар да Маржан деп аталады. Дене құрылыстарының ерекшеліктеріне қарай Маржандар төрт сәулелі, алты сәулелі, сегіз сәулелі болып ажыратылады. Маржандар геологияда жыныстарды стратиграфиялық мүшелеуге мүмкіндік беретін жетекші фауна ретінде қолданылады. Қазақстан палеонтологтары силур мен карбон Маржандарын зерттеуге үлкен үлес қосты. Теңіз толқындары әрекетінен Маржандар кейде әк тасқа, құмға, лайға айналады. ТМД-нің Солтүстік және Қиыр Шығыс теңіздерін 150-ге жуық түрі мекендейді. Маржан полиптері өте ертеден тіршілік етеді, кембрий қалдығында кездеседі. Палеозойда 80-ге жуық тұқымдасы тіршілік еткен, олар қазір кездеспейді, құрып біткен. Қазбадағы Маржан полиптерінің қалдығы құрылыс материалы ретінде қолданылады. Қызыл маржаннан әсемдік бұйымдар жасалады.

МАРЖАН РИФ - көбіне мекенді маржандардың әк тасты қабыршақтарынан түзілген теңіздегі құрылыстар. Маржандық құрылыстардың негізгі үш түрі болады: жағалық рифтер, тосқауыл рифтер және атоллдар. Маржан риф қалыпты дамуына керекті жағдайлар: теңіз суы температурасының жоғары болуы (20°С-тан төмен болмауы); түбі онша терең болмауы (орташа 40-50 м-ге дейін), теңіз суы әдеттегідей тұзды (35%-дей) және таза болуы, теңіз түбінің жартасты болуы керек. Маржандардың өсуінің жоғарғы шегі теңіздің қайтуына сәйкес келетін теңіз суының деңгейі болып саналады. Маржан риф қалыңдығы ондаған кейде жүздеген м-тв барады. Теңіз бетінен 1500 м-ге дейін көтерілген Маржан риф бар (Зонд архипелагы), сондай-ақ табаны 1200 м-тв дейінгі тереңдікте жататын маржандар құрылысы да белгілі (Маршалл аралдарының маңы). Маржан риф пайда болуын алғаш рет түсіндіруге әрекет жасаған орыстың теңіз саяхатшысы Ф. Ф. Беллинсгаузен (еру гипотезасы). Осы гипотезаны кейінірек ағылшын океанографы Дж. Моррей ұсынды. Осылардың ішінде көбірек тарағаны - тосқауыл рифтер мен атоллдардың пайда болуын алғашқыда жағалық рифпен қоршалған мұхит аралдарының батуымен байланыстыратын Ч. Дарвин теориясы.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-08-28 16:36:21     Қаралды-5462

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »