UF

ҚОС МЕКЕНДІЛЕР, амфибия, (грек. Аmfhibіа - қос тіршіліктілер) - суда және құрылықта тіршілік ететін омыртқалылар класы. Қос мекенділер балықтар мен жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың аралық түрі. Көбеюі метаморфозды, балықтар сияқты ұрықтанбаған уылдырығын суға салады, одан желбезекпен тыныс алатын, суда ғана тіршілік ететін личинка дамып жетіледі. Личинка құрылықта тіршілік ете алатын өкпесі бар түрге айналады. Қан айналу жүйесі балықтар және бауырымен жорғалаушыларға ұқсас, үш камералы жүрегі, артерия, вена қан тамырлары бар және денесінің көпшілік бөлігінде артерия арқылы аралас қан жүреді. Алдыңғы миы жақсы жетілген, мишығы нашар дамыған. Мидан 10 жұп нерв таралады. Ересек қос мекенділерде екі бүйрек және қуық болады. Еркектерінде қос ұрық безі, аналығында екі жұмыртқа безі бар. Қос мекенділер үш отрядка бөлінеді - құйрықтылар, аяқсыздар, құйрықсыздар.

Құйрықты Қос мекенділердің денесі ұзынша, желбезегі мен құйрығы жақсы дамыған, алдыңғы және артқы жұп аяқтары бар, көбіне суда тіршілік етеді. Құрлықта бауырымен жылжиды. Бұларға тритон, саламандра жатады.

Аяқсыз Қос мекенділердің денесі ұзын, сақина тәрізді бунақталған, аяғы мен құйрығы болмайды. Құрлықта денесінің жиырылуы арқылы қозғалады, көбіне топырақ асты, ылғалды жер, өсімдік шірігі арасында мекендейді не ін қазады. Көзі нашар жетілген, дабыл жарғағы болмайды, иіс сезу органы жақсы дамыған. Терісінің астында сүйекті қабыршақ болады, омыртқа жотасы балықтарға ұқсас, хордасы бар. Іштен ұрықтанады, кейбіреулері баласын тірі табады, не ірі жұмыртқа салады. Бұларға құрт тәрізділер және жылан-балық жатады.

Құйрықсыз қос мекенділер дің дене тұрқы қысқа және жалпақ, құйрығы болмайды. Алдыңғы аяқтарына қарағанда артқы аяқтары ұзын және күшті дамыған, осы артқы аяқтарының көмегімен секіріп қозғалады, суда жақсы жұзеді. Көбею кезінде уылдырығын суға салады. Кейбір түрлерінде, мыс., бақылдауық бақада уылдырық ұрғашысының ерекше қапшығында дамиды. Құйрықсыз қос мекенділерге бақаның барлық түрлері жатады. Қос мекенділер көбіне ауа райы дымқыл тропикте тіршілік етеді. Арктика, Антарктика және биік таулы жерлерде кездеспейді. Көбіне жауын құрты, сүлік, насекомдар, моллюск, кейде құс балапанары, ұсақ кемірушілермен қоректенеді, личинкалары - өсімдік (балдырлар) қоректі. Көбею кезінде уылдырығын суға салып личинкаларының суда дамып жетілуі қос мекенділердің балықтардан шыққанын дәлелдейді. Қазіргі тіршілік ететіндері юра дәуірінің аяғы мен бордың бас кезінде пайда болған. Қос мекенділер орман және ауыл шаруашылығына зиянды моллюск, шырыштарды, ауру таратушы жәндіктерді жеп пайда келтіреді, мыс., тритондар безгек масасының личинкаларымен қоректенеді, кейбір түрлері - терісі бағалы аңдардың (қара күзен, ондатра, жанат тәрізді ит т. б.) жемі. Франция, Италия, Америкада кейбір бақаларды тағамға пайдаланады. Бақа әр түрлі физиологиялық ғылыми тәжірибелер жасау үшін қолданылады. Жер жүзінде қос мекенділердің 2850-ге жуық түрі, ТМД-да 33, оның ішінде Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Бұлардың үш түрі (Сібір бұрыш тісті бақасы, жетісу тритоны, кәдімгі тритон) құйрықты және сегіз түрі (қызылбауыр шұбарбақа, кәдімгі тарбақа, жасыл құрбақа, кәдімгі құрбақа, сүйіртұмсық көлбақа, қызылаяқ бақа және шөп бақасы) құйрықсыз қос мекенділер. Бұлардың ішінде ең көбі және кең тарағаны - жаcыл құрбақа мен көлбақа. Сонымен қатар республикада кездесетін ең бір айрықша турі - бақатісті жетісу тритоны. Бұл біздің елімізде тек Қазақстанда, оның ішінде Жетісу өлкесінде ғана таралған.

Қоңырсалқын аймақты мекендейтін қос мекенділер (шөп және сүйір тұмсық бақа, сібірдің төрт саусақты тритоны) қысқы ұйқыға жатады. Қуаңды жерлерде тіршілік ететіндері тас арасына, не қорысқа тығылып жазғы ұйқыға кетеді. Аяқсыз қос мекенділер тропик аймақта, яғни Африка, Азия, Орталық және Оңтүстік Америкада тіршілік етеді. Құйрықты қос мекенділер тек Солтүстік жарты шарда, құйрықсыз қос мекенділер барлық жер шарында (Антарктикадан басқасында) таралған.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-08-28 16:13:51     Қаралды-3555

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »