UF

Тақырыбы: Тип үсті Екінші реттік ауыздылар -Тікентерілілер типі  - ECHINODERMATA

 

1. Жалпы сипаттама, систематикасы

2. Негізгі тип тармағы

3. Тікентерілердің маңызы.

 

1. Жалпы сипаттама, систематикасы

Тікентерілілер типі  - ECHINODERMATA радиальді – симметриялы құрылымды, теңіздердің түбінде бекініп немесе жай қозғалып тіршілік ететін жануарлар. Жануарлардың басқа типтеріне қарағанда құрылымы жағынан бұл айқын бөлектенген тип. Ежелгі гректер оларды,  терілерінде ізбесті тікендері болғандықтан тікентерілілер деп атаған. Денесі қап сияқты, шар, диск, жұлдыз және құрт тәрізді болып келеді. Денесінің осындай түрлі пішінді болғанымен барлық тікентерілілерде оральді немесе актинальді деп аталатын төменгі және оған қарама-қарсы аборальді немесе абактинальді деп аталатын жоғарғы жағын айқын ажыратуға болады. Оральді жағының ортасында ауыз тесігі жәнесәулелерді бойлап өтетін амбулакральді аяқтары орналасқан, ал аборальді жағында аналь тесігі, жыныс тесігі және мадрепор  тақтасы бар. Сондай-ақ, тікентерілілердің денесі ортақ бөлімінен немесе дисктен  және одан тарайтын радиустардан немесе амбулакралардан құралады. Соңғыларын сәулелер; немесе қолдары деп те атайды. Радиус, ол орталық дискіден сәулелердің артқы ұшына дейін кететін вертикальді сызық. Радиустар бойында орналасқан мүшелер радиальді мүшелер болып саналады. Радиустар аралығында интеррадиус немесе интерамбулакралар аймағы жатады.Сондағы мүшелер интеррадиальді. Егер, амбулакралар денесінің орталық бөлімінен бос жағдайда орналасса, онда денесі жұлдыз тәрізді болып келеді. Мысалы, теңіз жұлдыздары, жылан құйрықтылар, теңіз лалагүлі. Егер, амбулакралар денесінің орталық бөлімі бос болмай орталық бөліміне қосылып кетсе, онда денесі қап тәрізді, шар, диск, құрт тәрізді болып келеді. Мысалы, теңіз кірпілері, теңіз қияры. Тікентерілердің ересек түрлерінде сыртқы және ішкі мүшелерінің орналасу тәртібінде сәулелі симметриясы айқын көрінеді және де бұл симметрия жануардың тіркеліп тіршілік етуіне немесе баяу қозғалуына байланысты екінші реттік симметрия деп қаралады. Бұлардың личинкалары еркін қозғалатын  билатеральді симметриялы болып келеді.

Тікентерілілерге негізінен карбонат кальций мен магнийден құралған әр түрлі формадағы тақта тәрізді қаңқалары, инелері мен тікенектерінің болуы тән. Қаңқалары терінің астында беткейлік орналасқанына қарамастан іштей қалыптасып дәнекер тканінен пайда болады.

Денесі бір қабатты кірпікшелі эпиелимен қапталған, ал оның астында кутистің қалың қабаты немесе дәнекер ткані және бұлшықеттері орналасқан. Жүйке жүйесі гагглиозды емес, нерв сақинасынан және радиальді жүйкелерден тұрады. Сезім мүшелері жетілмеген. Ішегі көбінесе түтік, ал кейде қап тәрізді.

           Тікентерілілерге ТӘН АМБУЛАКРАЛЬДІ ЖҮЙЕСІ СЫРТҚЫ ОРТАМЕН  БІР ГИПРОПОРА НЕМЕСЕ МАДРЕПОРИТТІҢ КӨПТЕГЕН ТЕСІКТЕРІ АРҚЫЛЫ БАЙЛАНЫСАДЫ.

  Амбулакральді жүйе ауыз айналасындағы сақина тәрізді өзектен немесе түтіктен және одан шығатын бес радиальді өзектері мен тас өзегінен тұрады, олардан басқа, ауыз айналасындағы өзектің өсінділері – полийлік көпіршіктермен тидеманды денешіктер болады. Амбулакральді аяқшалары қазіргі тікентерілілердің  көпшілігінде қозғалу мүшелерінің қызметін атқарады, егер қозғалысы қимылдағыш қолдары арқылы жүзеге асса, онда амбулакральді

Аяқшалары көбінесе сезу мүшесінің қызметін атқарады.

Зәр шығару мүшелері жоқ, оның қызметін амебоцит клеткалары атқарады. Зат алмасу процестеріне, бір-біріне ұқсас әрі құрамы жағынан теңіз суына жақын дене қуысының, қанайналу жүйесінің және   амбулакральді жүйесінің сұйық заттары қатысады.

Тікентерілілер – дара жыныстылар. Жыныстық диморфизмі оларда өте сирек кездеседі. Гермафродиттер өте аз, кейде аномалия түрінде кездеседі. Бекініп тіршілік еткен қазба  тікентерілілердің  көпшілігінде және голотурияларда жыныс безі мен жыныс тесігі қосарланбаған, олар ауыздың жанында  орналасады. Қалған қазіргі кластар мен кейбір қазба түрлерінде жыныс бездерінің саны радиустың санына тең, жыныс тесіктерінің саны да соған сәйкес. Тікентерілілердің көбеюі жынысты жолмен өтеді, дамуы күрделі метаморфозды, билатеральді симметриялы личинкалары болады. Сиректе болса, метаморфозсыз дамуы да бар. Тікентерілілердің  ішінде жыныссыз жолмен көбеюі де кездеседі және регенерацияға  жиі ұшырайды.

Тікентерілілер тек қана теңіз жануарлары, міндетті түрде қатаң стеногалинді. Көп жағдайда сары, қызғылт – сары, көгілдір түсті болады, әртүрлі топырақтарда, су толқындарының  жағаға соғу аймағынан бастап 7000 м-ге дейін тереңдіктерде мекендейді. Көпшілігі қозғалмалы, біраз түрлері бентостың эпифауналық және инфауналық жануарлары, кейбіреулері топтасып тіршілік етеді.Көпшілігі жануарлармен, ал сирек жағдайда өсімдіктерді қорек етеді, кейбір түрлері детритпен, құммен және бақалшақпен қоректенеді. Паразиттері жоқ. Дене көлемі бірнеше миллиметрден 5 метрге дейін. Қазіргі Тікентерілілердің  түрлерінің саны шамамен 5000-ға дейін. Тікентерілілердің

Дене қабырғасы жабынды эпителиден, үш қабатты кутистен немесе кориумнан және кірпікшелі перитонеальді эпителиден тұрады.

Систематикасы.

Сыртқы, ішкі мүшелерінің, қаңқасының құрылымы, жеке дамуларының ерекшеліктері және палеонтологиялық деректері тікентерілілердің классификациясының негізі .

Соңғы кезде ғалымдар тікентерілілер типін екі тип тармағына: еркін тіршілік ететін тікентерілілер немес элеутерозоалар – Eleutherozoa немесе пельматозоалар - Pelmatozoa және оларды 10 кластарға бөліп отыр. Бірінші тип тармағына қазіргі кезде кздесетін бір класс және жойылып кеткен 4 кластары жатады.

ЭЛЕУТЕРОЗОАЛАР ТИП ТАМАҒЫ – ELEUTHEROZOA

ТЕҢІЗ ЖҰЛДЫЗДАР КЛАСЫ – ASTEROIDEA

Фанерозония отряды –Phanerozonia

Спинулоза отряды – Spinulosa

Форципулата отряды – Forcipulata

ЖЫЛАНҚҰЙРЫҚТЫЛАР НЕМЕСЕ ОФИУРАЛАР КЛАСЫ – OPHIUROIDEA

ТЕҢІЗ КІРПІЛЕР КЛАСЫ – ECHINOIDEA

ДҰРЫС КІРПІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – REGULARIA

ДҰРЫС ЕМЕС КІРПІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – IRREGULARIA

ГОЛОТУРИЯЛАР НЕМЕСЕ ТЕҢІЗ ҚИЯРЛАРЫ КЛАСЫ – HOLOTHUROIDEA

Ағаштәрізді қармалауыштылар отряды – Dendrochirota

Қалқаншатәрізді қармалауыштылар – Aspidochirota

Бүйіраяқтылар отряды – Elasipoda

Бөшкетәрізділер отряды – Molpadonia

Аяқсыздар отряды – Apoda

ОФИОЦИСТИЯЛАР КЛАСЫ – OPHIOCISTA

ПЕЛЬМАТОЗОАЛАР ТИП ТАРМАҒЫ – PELMATOZOA

ТЕҢІЗ ЛАЛАГҮЛДЕРІ КЛАСЫ – CRINOIDEA

Буынды лалагүлдер немесе артикулята отряды – Articulata

КАРПОИДЕАЛАР КЛАСЫ – CARPOIDEA

ЭДРИОАСТЕРОИДАЛАР КЛАСЫ – EDRIOASTEROIDEA

ШАРТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ – CYSTOIDEA

ТЕҢІЗ ГҮЛШОҒЫРЛАРЫ КЛАСЫ - BLASTOIDEA  

2. Негізгі тип тармағы

Элеутерозоалар тип тармағы – Eleutherozoa

Актинальды (оральді) жағы төмен қараған, жай қозғалып жүретін тікентерілілер. Денесі диск, жұлдыз, шар тәрізді, кейде ғана құртқа ұқсайды, қаңқалары әр түрлі, кейде қапталған мүйізді сауыт (панцырь) түрінде. Актинальді жағының ортасында аузы бар, ал жоғары қараған абактинальді (аборальды) жағында ауызға қарама-қарсы анль тесігі болады. Мадрепорит пен жыныс тесігі көбінесе дененің абактинальді жағында орналасқан. Амбулакралары бос, қол түрінде немесе денемен бірккен. Амбулакральді жылғалары көбіне жабық. Амбулакральді жүйесі қозғалу қызметін атқарады. Жемтігін іздеп ұстайды. Орта кембриден белгілі.

Бұл тип тармағына келесі кластар жатады:

ТЕҢІЗ ЖҰЛДЫЗДАРЫ – ASTEROIDEA,

ЖЫЛАНҚҰЙРЫҚТЫЛАР НЕМЕСЕ ОФИУРАЛАР– OPHIUROIDEA,

ТЕҢІЗ КІРПІЛЕРІ – ECHINOIDEA,

ГОЛОТУРИЯЛАР  – HOLOTHUROIDEA және ОФИОЦИСТИЯЛАР – OPHIOCISTA.

 

3. Тікентерілердің маңызы

Теңіз экономикасында тікентерілілердің маңызы зор. Олар теңіздің өнімділігіне үлкен үлес қосады. Біразы теңіз жануарларының қорегі бола отырып, өздері де көптеген басқа жануарларды қорек етеді. Көбіне офиуралар мен теңіз кірпілері балықтарға азық болады.

Олардың адам үшін де белгілі азықтық маңызы бар. Оңтүстік Еуропада және Алжирде теңіз кірпілерінің уылдырығын тамақ етеді. Шығыс Азияда, Үнді, Тынық мұхит аймағында, әсіресе Қытай мен Жапонияда голотурияларды аулайды, тамақ етеді.

Олардың, мысалы, құрылыста қазба түрлері пайдаланылады. Дербошир мраморы, трахиттік ізбесті, Бельгияда petit granite деп аталатын құрылыс материалдары тікентерілілердің қалдықтарынан құралған. Тікентерілілердің адамдарға зияндылығы шамалы. Тек кейбір түрлері, мысалы, Asterias rubens устрицаларды көп қорек етіп, жойып отырады, біразы балықтарды да қорек етеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер 

  1. К. Дәуітбаева. “Омыртқасыздар зоологиясы” Алматы 2004ж. 24-66 б.
  2. Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология. М.: Высшая школоа, 1980
  3. Беклемишев В.Н. Основы сравнительной анатомии беспозвоночных. М.: Наука, т 1-2, 1964
  4. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. М.:Высшая школа, 1981
  5. Жизнь животных / под. Ред. Ю.И. Полянского . М.: Просвещение, т 1-3, 1987

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-07 20:42:00     Қаралды-4588

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »