UF

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ (United States of America) (АҚШ).

Жалпы мәлімет. АҚШ - Солтүстік Америкадағы мемлекет. Солтүстікте Канадамен, оңтүстік-батыста Мексикамен шектеседі. Шығысын Атлант мұхиты, оңтүстік-шығысын Мексика шығанағы, батысын Тынық мұхит қоршайды. Әкімшілік жағынан 50 штаттан және Колумбия федерациялық округынан тұрады. Штаттар 3133 округқа (немесе соған сай келетін әкімшілік бөліктерге) бөлінеді. Жері 9364 мың км2; халқы 328,9 млн. (2019). Астанасы - Вашингтон (қала маңын қосқанда 2,7 млн. адам, 1967). Аса ірі қалалары (халқы 1968 жылы есеп бойынша): Нью-Йорк (7,8 млн., қала маңын қосқанда - 16,7 млн.), Чикаго (3,5 млн., қала маңын қосқанда - 7,5 млн.), Лос-Анжелос - Лонг Бич (екеуін қосқанда - 6,8 млн.). Филадельфия (4,7 млн.), Детройт (4,1 млн.). АҚШ - отарлы мемлекет. Оның иелігіндегі жерлер: Пуэрто-Рико (1968 жылғы есеп бойынша халқы 2750 мың), Виргиния аралдары (50 мың), Самоа аралы (28 мың), Гуам аралы (80 мың) және Тынық мұхиттағы бірқатар ұсақ аралдар. Тынық мұхиттағы Каролина, Мариан, Маршалл аралдары (97 мың тұрғыны бар) АҚШ-тың бақылауында. 1903 жылы АҚШ Панама каналы аймағын (56 мың тұрғыны бар) Панамадан «жалға» алып, оны аса маңызды соғыс базасына айналдырды.

Мемлекеттік құрылысы. АҚШ - федерациялы республика. Қазіргі конституциясы 1787 жылы 17 қыркүйекте қабылданған (1789 жылы 4 наурызда күшіне енген); кейін оған 25 түзету енгізілді. Мемлекеттік басшысы - президент; сонымен бірге ол - үкімет басшысы және қарулы күштердің бас қолбасшысы. Президент пен вице-президент екі сатылы (жанама) сайлауда 4 жылға сайланады. Президенттің конгресс қабылдаған заң жобаларын өткізбей тастауға, міндетті түрде орындалуға тиісті бұйрықтар шығаруға правосы бар. Бұл оның заң шығарушы орындардың қызметіне мықтап ықпал жасауына мүмкіндік береді. Президенттің сыртқы саясат жөніндегі өкілдіктері бұдан да күшті. Үкіметтің (кабинеттің) құрамына 12 министр (секретарь) енеді; оларды сенаттың келісімімен президент тағайындайды. Заң шығаратын өкімет билігінің жоғарғы органы - парламент (конгресс), оның 2 палатасы бар (сенат пен өкілдер палатасы). Өкілдер палатасы (435 депутат) 2 жылға сайланады. Сенат құрамының 1/3 (100 сенатор) бөлегі 2 жыл сайын өзгереді, әр сенатордың өкілдік мерзімі - 6 жыл. Өкілдер палатасына қарағанда, сенаттың правосы әлдеқайда кең. АҚШ-тын ең үлкен сот органы - Жоғарғы сот федерация мен штаттардың қай заңын болса да конституцияға сай емес деп танып бұза алады. Әр штаттың өз конституциясы бар. Штаттың ең үлкен әкімі - губернатор, ол төте сайлау жолымен 2 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге сайланады.

Табиғаты. АҚШ жерінің орталық және шығыс бөлігін ойпат, жазық дала мен Аппалач таулары алып жатыр, батысында биік-биік тау жоталары, Кордильер тауының шыңдары бар. Шығыста (Нью-Йорктан оңтүстікке таман) және оңтүстік-шығыста Флорида түбегі мен Атлант жағалауының, Мексика жиегінің жазық ойпаты жатыр. Атлант жағалауы ойпатының батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған (биіктігі 2036 метрге жететін) Аппалач тауы бар. Оның оңтүстік шеті - жазыққа ұласатын аласа жоталар. Солтүстік шеті - тау биігінен оқшау көтерілген шыңдар. Аппалач тауының батысында ұлан-байтақ Орталық жазық (200-500 м биіктікте) пен Ұлы жазық (500-1700 м биіктікте) жатыр. Жазықтың жері солтүстігінде адырлы-тастақты, оңтүстігіндегі өзен аралықтарында көбіне тегіс, кейде терең құзды, сай-жыралы (әсіресе Ұлы жазықта) болып келеді. Орталық жазықтың оңтүстік бөлігінде көлбей көтерілген Озарк үстірті мен Уошито тауы жатыр. Кордильер тауының шығыс белдеуі - Шыңқұз таулары, оның қысқа жоталарының (биіктігі 4400 м-ге дейін) арасын кең сайлар бөліп тұрады. Батысқа қарай созылған сайын бұл жоталар үстіртке, жалпақ қыратқа (1000-3000 м) ауысады (Колумбия үстірті, Үлкен Бассейн, Колорадо үстірті). Мұның бәрі Кордильер тауының кең көсілген ішкі белдеуін құрайды. Кордильер тауының батыс белдеуі - қатарласа созылған екі тау жотасы; бұлардың ұзына бойымен жарыса созылған кең жазық екеуінің арасын бөліп жатыр. Бұл жоталардың шығыстағысы - вулканды, күркіреуікті тау мен Сьерра-Невада жотасы (биіктігі 4418 м-ге жетеді); батысындағысы - жағалаудағы жота (биіктігі 2000 м-ге жетеді). Сондай-ақ Кордильер жоталары мен қыраттары Аляска штатын түгел дерлік алып жатыр.

АҚШ пайдалы кендерге - отын-энергетикалық шикі заттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына т. б. бай. Ал никель, калий, хром және марганец кені, техникалық алмас т. б. мұнда өте тапшы. Сондықтан АҚШ оларды басқа елдерден алады. Боксит пен уран шикізаттарының көбі шеттен алынады.

Солтүстік ендіктің 40°-нан солтүстікке қарайтын жақтың климаты қоңыржай, Аляскада - арктикалық және субарктикалық, солтүстік ендіктің 40°-нан оңтүстікке қарай субтропикалық, ал Флориданың оңтүстігінде тропикалық болып келеді. АҚШ-тың көп жерінің климаты континентальды. Тынық мұхит жағалауы мен оңтүстік-шығыста мұхиттық климат басым. Кордильердің ішкі жазығының солтүстігі мен таудың солтүстік-шығысында қыс боранды, суық әрі желкем келеді, қар қалың түседі. Оңтүстігі - құрғақ, жылы, бірақ жиі-жиі суық соғады. Тынық мұхит жағалауы жылы, жауынды келеді. Орташа температура қаңтарда Солтүстік және Орталық жазықтықта -18°С, елдің оңтүстік-батысында 12°С, ал Флорида түбегінде 20°С-ка дейін жетеді. Жазы жылы, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста жаңбырлы, Кордильердің үстірттері мен қыраттарында және Ұлы жазықта ауарайы ыстық әрі құрғақ. Ең жылы айдың орташа температурасы батыс жағалауда 14°С-тан 22°С-қа дейін (тамыз), шығыста 16°С-тан 26°С-қа дейін, Ұлы жазықтың оңтүстігінде және ішкі үстірт пен қыраттардың оңтүстік белдеуінде 32°С-қа жетеді. Жылдық жауын-шашын солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста 1200-1500 мм, ал орталық бөлігінде 400-700 мм, Кордильер үстірттерінде 200-500 мм (кей жерлерінде 100 мм).

Аппалач таулары мен Атлант жағалауы жазығының қысқа да суы мол (жыл мезгілінің бәрінде де) өзендері АҚШ-тың шығыс шетіне қарай ағып, тікелей Атлант мұхитына құяды. Орталық және Ұлы жазықтың көп жері құрғатылған, сулары жыралар арқылы Миссисипи өзеніне (Мексика шығанағына) құяды. Миссисипидің сол жақтағы тармақтары мол сулы келеді, көп жерлерінде кеме жүзеді. Су энергиялық қоры көп. Оң жақтағы тарамдарының суы аз, ағысы жылдам және су деңгейі шұғыл өзгергіш; көбінесе жер суаруға пайдаланылады. Кордильерден ағатын тау өзендерінің ірілері - Колумбия, оның Снейк тармағы, Колорадо. Бұлардың суы мол (әсіресе жазда), су энергиялық қоры едәуір көп. Кордильер белдеуінің оңтүстік бөлігіндегі қыраттар мен үстірттерді басып өтетін өзендер ішкі су қоймаларына - көлдерге құяды, әрі қысқа келеді. Көлдердің ең үлкендері елдің солтүстік-шығысында жатыр, олар тұщы көлдердің дүние жүзіндегі ең ірілеріне жатады.

Елдің шығысында орманды жерлер көп, мұндағы ауа райы қоңыржай белдеудің жері шымды, күл топырақты және қоңыр топырақты, ал субтропикалық белдеу қызыл және сары топырақты болып қеледі. Орталық жазықтың батысында бұлар прерийдің қара топырақ тәріздес жеріне және қара қошқыл топырағына ауысады, ал құрғақшылықты Ұлы жазықта ол енді қара топыраққа және күрең қызыл топыраққа айналады. Кордильердің ылғалды төменгі етегінде таудың орманды топырағы, ал жоғарғы жағында таудың көгалды топырағы басым. Құрғақшылықты оңтүстік пен оңтүстік-шығыста таудың сұрғылт күрең топырағы, ал шөлейтті қыраттарда сұр топырақ жиі кездеседі. АҚШ жерінің жартысына жуығын орман алып жатыр Оның 40%-і кесілген. Солтүстік-шығыста көбінесе аралас ормандар өседі, онтүстікте олар жалпақ жапырақты және субтропикалық аралас орманға жиналады, Орталық жазықтың батысында шөбі шүйгін прерий (қазір жыртысы тасталған), Ұлы жазықта құрғақ дала басым келеді, оңтүстікте бұталы субтропикалық жартылай саванна кеп Кордильердің бөктерлерінде қылқанды орман өседі. Ішкі үстірт пен қираттар белдеуінің солтүстігі - құрғақ далалар мен жусанды шөлейттер; оңтүстігі - креозотты шөлейт.

Құрлық шығысының орманды аймақтарындағы жануарлар дүниеcінің негізгі өкілдері: солтүстік бөлігінде вапити бұғысы, американ бұғысы, пума, сілеусін, қара аю, оңтүстік бөлігінде виргин бұғысы, қызыл сілеусін, жанат, скунс кездеседі. Далалары мен шөлейт жерлерінде бизон (қорықтарда ғана қалған), имек мүйізді ақ бөкен, койот, борсық, прерий түлкісі, бауығымен жорғалаушылар, оның ішінде ызылдауық жылан, улы тісті кесіртке т. б. бар. Кордильер тауының негізгі жануарлары: таутеке, арқар, аю.

Халқы. АҚШ халық саны жағынан дүние жүзінде 4-орында (ҚХР, Үндістан, Ресейден кейін). Негізгі ұлты американдар - Европаның әр түрлі елдерінен Америкаға қоныс аударғандардың (17 ғасырдың 1-жартысынан бастап негізінен ағылшындар, ирландтар, француздар, голландтар т.б.) араласуынан пайда болған. 19 ғасырдың ортасынан бастап қоныс аударушылардың басым көпшілігі Ирландиядан, Германиядан, Скандинавия елдерінен, ал ғасырдың 80 жылдарынан бастап Италиядан, Австрия-Венгриядан, Россия Оңтүстік, Шығыс Европаның басқа да елдерінен барды. Американдықтар ағылшын тілінде сөйлейді, бірақ сөйлейуінде және сөздік құрамында өзгешеліктер бар.

АҚШ негрлері (Африкадан әкелінетін құлдардың ұрпағы) 25 млн-ға жуық (1970). Олар да ағылшын тілініе (көпшілігі оңтүстік штаттардың диалектісінде) сөйлейді, өйткені негрлердің 2/3-сі оңтүстікте тұрады. Европа иен Азиядан кейінгі кезеңде барған эмигранттар мен олардың тікелей -ұрпақтарының бір бөлігі (мыс., немістер, итальяндар, ирландтар, поляктар, орыстар, қытайлар, жапондар т. б.) ағылшын тілімен қатар өздерінің ұлттық тілі мен дәстүрін сақтаған. Европа мен Азиядан, Мексикадан шыққан еңбекші халық, әсіресе негрлер тең праволы емес: оларға ең ауыр жұмыс, ең аз жалақы беріледі, саяси және азаматтық праволарына шек қойылады. Елдің байырғы халқы - үндістер 1960 жылы 500 мыңнан астам) мен эскимостардың (Аляскада) едәуірі Американы европалықтар отарлаған кезде қырғынға ұшыратылды. Көпшілігі ретивацияда тұрады. Осы күнге дейін сақталған тайпалардың ең ірісі - навах тайпасы (60 мыңға жуық адам). АҚШ-та дінге сенушілердің 55%-ке жуығы протестанттар, 37%-ке жуығы католиктер (американдар, итальяндар, ирландар, поляктар, мексикандар, үниверситердің едәуір бөлігі т. б.), 5,5 млн-нан астамы иудаизм дініндегілер.

АҚШ халқының орташа тығыздығы Алясканы, Гавай аралдарын қоспағанда) 1 км2-ге 23 адамға жуық; елдің солтүстігінде 1 км2-те 40 адамға жуық, оңтүстігінде 22 адам, батысында 8 адамнан келеді; экономикалық тұрғызған дамыған солтүстік-шығыс штаттарда 1 км2-ге 100-ден аса адам келеді. Таулы штаттарда 1 км2-ге 3 адамнан кем, ал Невада штатында 1 адамнан кем. Барлық халықтың 54,7%-і елдің солтүстігінде, 30,8%-і оңтүстігінде, 14,5%-і батысында тұрады. Орта есеппен халқының жылдық өсімі 1950-1957 жылдар 1,6% болған. Халықтың еңбекке жарамдысы 1967-1968 жылдар 60% болатын. Өнім бермейтін салаларда жұмыс істеушілер саны өсіп келеді. Шаруашылық саласында еңбек ететін халықтың саны мынадай болды: ауыл шаруашылығында, орман шаруашылығында және балық аулауда 12,5%, кен қазу өнеркәсібінде 1,6%, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыста 32%, транспорт пен байланыста 7,7%, мемлекеттік аппаратта (әскери қызметтегілерді қоспағанда), сауда, банк жұмысында, қызмет көрсету мекемелерінде, ерікті мамандықта т. б. 46,1%. Жалданып жұмыс істейтіндер - еңбекке жарамдылардың 80%-тен астамы; жалдамалы еңбекті қанаушы өндіріс иелері 10%-тен аспайды.

Тарихы. АҚШ-тың оңтүстік-батыстағы жергілікті халқы - үндістер мен эскимостар; бұлар алғашқы қауымдық құрылыстың әр түрлі даму сатыларында болған. 16 ғасырда АҚШ жерін 1 млн-ға жуық үндістер мекендеген. Солтүстік Американы европалықтар 16-17 ғасырларда отарлай бастады (Англия, Испания, Франция, Нидерланды, Швеция). 18 ғасырда орыстар Алясканы ашып, игере бастады. 19 ғасырдың басында Калифорнияда орыс мекендері пайда болды. Ағылшын отарлары жеделірек дамыды. 18 ғасырдың 60 жылдары қарсаңында Англия Солтүстік Американың күллі жерін түгелдей басып алды. Отаршылар үндіс тайпаларын шұрайлы жерлерден ығыстырып, қырып-жойды. Елде капиталистік қатынастар дами бастады; сонымен бірге әсіресе Оңтүстікте феодализмнің және құл иелену қауымының кейбір қалдықтары да болды. Отарларға негізінен Англия мен Ирландиядан эмигранттар келіп қоныстанды. Жаңа Англияда (қазіргі АҚШ-тың солтүстік-шығыс жақ бөлігінде) 17 ғасырдың 2-жартысынан бастап капиталистік мануфактура дамып, ірі буржуазия шыға бастады. Алайда, Англия отарлардың экономикалық дамуын тежеп бақты. 18 ғасырдың 60 жылдарында фермерлер қозғалысы едәуір өріс алды. 1775-1783 жылдар Солтүстік Америкада тәуелсіздік жолындағы соғыс болды; В.И. Ленин айтқандай, бұл - Солтүстік Американы езіп, отарлық құлдықта ұстап келген ағылшындарға қарсы американ халқының революциялық, азаттық соғысы еді. Тәуелсіздік жолындағы соғыс буржуазия революция сипатында өтті. 1776 жылы 4 шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданып, АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. Англияға қарсы соғыста американдар жеңіп шықты. 1783 жылы Версальда қол қойылған бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін таныды. Соғыста халық бұқарасы шешуші роль атқарғанымен, өкімет басына буржуазия мен плантаторлар келді. Оңтүстікте құлдық сақталды. Тап күресі шиеленісті. 1786-1787 жылдар Д.Шейс бастаған көтеріліс бұрқ ете түсті (қ. Шейс көтерілісі). 1787 жылы АҚШ конституциясы қабылданып, ірі буржуазия мен плантаторлардың үстемдігін баянды етті. Дж. Вашингтон АҚШ-тың алғашқы президенті (1789-1797) болып сайланды. Халық бұқарасының қыспағымен 1791 жылы право (хұқық) туралы Вилль (заң) қабылданып, конституцияға буржуазия-демократиялық бостандыққа негізделген алғашқы 10 түзету енгізілді.

19 ғасырдың басында АҚШ жері едәуір кеңейді. 1803 жылы Джефферсон үкіметі Франциядан Батыс Луизиананы алды. 1819 жылы АҚШ Испанияны Флориданы сатуға көндірді. 1823 жылы Монро Доктринасы жарияланып, ол АҚШ-тың Латын Америкасы мен басқа да елдердегі басқыншылық әрекеттерінің құралына айналды. 1846-1848 жылдардағы шапқыншылық соғыстан кейін (қ.Америка-Мексика соғысы) АҚШ Мексика жерінің қақ жартысындайын өзіне қаратты. 1867 жылы АҚШ Россиядан Алясканы сатып алды (7,2 млн. долл.).

19 ғасырдың 1-жартысында АҚШ-та негрлерді азат ету жолындағы күрес кең өрістеді (қ.Аболиционизм). Құл негрлердің көтерілістері болды (1831 ж. т. б.). Құлдықты жою жолындағы қозғалыс өсіресе Дж. Браун бастаған 1859 жылғы көтерілістен кейін ерекше күшейді. Құл иеленуші Оңтүстік пен капиталистік Солтүстіктің арасындағы қайшылықтардың мейлінше шиеленісуі 1861-1865 жылдар АҚШ-та азамат соғысының бұрқ ете түсуіне әкеліп соқты [АҚШ-таты азамат сотысы (1861-1865) және Оңтустікті қайта қуру]. Соғыс (әсіресе оның екінші кезеңі) буржуазия-демократиялық революция сипатында болды. Солтүстіктің жеңісі нәтижесінде АҚШ-та капитализмнің тез дамуына жол ашылды. Құлдық жойылды, бірақ негрлер аяусыз қанау мен нәсілдік кемсітушіліктен құтылмады. Басқа елдерден көшіп келген жұмысшылардың да халі ауыр болды. Азамат соғысынан кейін АҚШ-та жұмысшы қозғалысы күшейді. Жұмысшы табының ереуіл қозғалысы бұқаралық және тегеурінді сипат алды (1877, 1886, 1894 жылдардағы т. б. жаппай ереуілдер). 1867 ж. АҚШ-та І-Интернационалдық секциялары құрылды. 1869 жылы Еңбек ардагерлерінің ордені ұйымдасып, оған негізінен мамандығы жоқ жұмысшылар енді. 1881 жылы Америка еңбек федерациясы құрылды. 1900-1901 жылдар АҚШ-тың социалистік партиясы қалыптасты, 1905 жылы «Дүние жүзінің индустрия жұмысшылары» атты кәсіподақ ұйымының негізі қаланды. Бірақ бұлардың бәрінде оппортунистер басым болды.

19 ғасырдың аяғында американ капитализмі империализм сатысына көшті. Испания-Америка соғысы (1898) нәтижесінде АҚШ Филиппин аралдарын, Пуэрто-Рико, Гуам аралдарын басып алды; Куба іс жүзінде АҚШ отарына айналды. 1899 жылы АҚШ Қытайда («Ашық есік» доктринасын жариялап, бүкіл Қытайды билеуге бағыт устады, 1900-1901 жылдар ондағы халық көтерілісін басуға қатысты. АҚШ Латын Америкасы елдеріне қарсы үздіксіз иптервенция жасаумен болды. 1903 жылы американ империалистері Панама каналы аймағын басып алып, Панаманы бағындырды, 1899-1902, 1906-09 жылдар Кубаны, 1912-1933 жылдар Никарагуаны, 1915-1934 жылдар Гаитиді, 1916-1924 жылдар Доминикан Республикасын басып алды, 1914, 1916-1917 жылдар Мексикада, 1917-1922 жылдар Кубада интервендия ұйымдастырды. 1917 жылы 6 сәуірде АҚШ 1914-1918 жылдардағы 1-дүние жүзілік соғысқа қатысып, Антанта жағына шықты. 1918-1920 жылдар Совет Солтүстік пен Совет Қиыр Шығыста ашықтан-ашық соғыс интервенциясын жасады. В. Вилъсон үкіметінің совет еліне қарсы саясатына тойтарыс беру ретінде АҚШ-та жұмысшы қозғалысы өршіді; Ұлы социалистік революциясының ықпалымен ол барған сайын күшейіп нығая түсті. 1919 жылы қыркүйекте Америка Құрама Штаттарының Қоммунистік партиясы құрылды.

1919 жылы қыркүйек-желтоқсанда У.Фостердің басшылығымен болат қорытушылардың, сол жылғы қараша-желтоқсанда кеншілердің, 1919-1920 жылдар почта жұмысшыларының ірі ереуілдері болды.

1920 жылы АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталып, 1921 жылы барынша шиеленісті. Жұмыссыздардың саны 5,5 млн-ға жетті. 1-дүние жүзілік соғыстан кейін АҚШ пен Англия, АҚШ пен Жапония арасындағы қайшылықтар шиеленісе түсті. АҚШ Қытай революциясына қарсы күресті үйымдастырушылардың бірі болды. Американ монополиялары Германияның өнеркәсіп-соғыс қуатын қалпына келтіруге жәрдемдесті (Дауэс жоспары, Юнг жоспары). АҚШ пен СССР арасында дипломатиялық қатынастар тек 1933 жылы 16 қарашада ғана орнады (Ф. Рузвелъттің президенттігі тұсында). 1929-1933 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыс АҚШ-ты ерекше жайлады. Жұмыссыздардың саны 13,2 млн-ға жетті. Аштардың жорықтарын (1931, 1932) басуға қарулы күш жұмсалды (АҚШ-тағы «аштар жорыты»). Экономикалық дағдарыстың зардаптарын жою, мемлекеттік капитализмді күшейту жолымен капиталистік системаны нығайту үшін Рузвельт бірсыпыра реформалар жүргізді («Жаңа бағыт» деп аталады).

1935 жылы бейтараптылық туралы заң қабылданды; АҚШ мұны Испания республикасына қарсы герман-итальян интервенциясын тікелей қолдауға пайдаланды (1936-1939). АҚШ Мюнхен келісімін (1938) жасауға жәрдемдесті, Жапонияның Қытайдағы агрессиясын қолпаштады. Германияны СССР-ге қарсы айдап салу үшін АҚШ фашистік агрессияға жол беру саясатын жүргізді. Англия мен Франция сияқты АҚШ-та 2-дүние жүзілік соғыстың (1939-1945) шығуына жәрдемдесті. Гитлершіл Германия СССР-ге басып кіргеннен кейін (1941 жылы 22 маусым) ағылшын үкіметі (22 маусымда) мен американ үкіметі (24 маусымда) Совет Одағын қолдайтындықтарын мәлімдеді. СССР, АҚШ, Ұлыбритания бастаған антифашистік одақ қалыптасты. Бірақ фашистік шапқьшшыларға қарсы күрестің негізгі ауыртпалығын Совет Одағы көтерді. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония АҚШ пен Англияның Тынық мұхиттағы жерлері мен соғыс базаларына шабуыл жасады. 11 желтоқсанда Германия мен Италия АҚШ-қа қарсы соғыс жариялады. 1942 жылы 11 маусымда Вашингтонда өз ара көмек принциптері туралы совет-американ келісіміне қол қойылды. 12 маусымда жарияланған ағылшын-совет және совет-американ мазмұндамасында былай деп көрсетілді: ағылшын-совет және совет-американ келіссөздерінің нәтижесінде «Европадағы екінші майданды 1942 жылы ашу жөніндегі шұғыл міндеттер жайында толық келісімге қол жетті». Алайда Англия мен АҚШ 2-майданның ашылуын сөз бұйдаға салып бақты. Соғыстан пайда табуға және СССР-ді өлсіретуге тырысқан монополистік топтардың арам ниетті саясатының салдарынан 2-мамырдан 1944 жылы маусымда ғана ашылды; бұл кезде гитлершіл Германияны СССР өз күшімен-ақ талқандап, Европа халықтарын фашистік тепкіден құтқара алатыны айқын көрінгенді. Жапониямен соғыста АҚШ 1945 жылы Хиросима, Нагасаки қалаларына атом бомбаларын тастады (6 және 9 тамыз). Бұл халықаралық правоға қайшы келетін әрекет еді; ол мыңдаған адамдарды қырғынға ұшыратты.

АҚШ соғыстан экономикасы күшейіп шыққан бірден-бір капиталистік ел болды. Соның өзінде де 1948 жылдың аяқ шенінен экономикалық дағдарыс өрши бастады. 1945-1946 жылдар әсіресе болат қорыту және автомобиль өнеркәсібінде ірі ереуілдер болды. Г. Трумэн үкіметі жұмысшы қозғалысы мен прогресшіл ұйымдарға шабуылды күшейтті. 1947 жылы Тафта-Хартли заңы қабылданды. Ол ереуілдерге қарсы бағытталып, кәсіподақтарды көптеген праволарынан айырды. Конгрестің әр түрлі «тергеуші» комиссияларының («Америкаға қарсы істерді тексеру комиссиясының» т. б.) жұмысы кеңінен өріс алды, көптеген реакцияшыл ұйымдар қызу іс жүргізе бастады. Соғыстан кейінгі жылдары мемлекеттік аппараттың монополияларға бағынуы бұрынғыдан да күшейді. Соғыс аяқталысымен-ақ АҚШ СССР-мен ынтымақ жасаудан бас тартты. Империалистік билеп-төстеуші топтар өздерінің дүние жүзілік үстемдігін орнатуға ашықтан-ашық бағыт ұстады. «Күш көрсету» саясатын өзінін басқа елдермен қарым-қатынасының негізі деп жариялап, АҚШ СССР мен халықтық демократия елдеріне қарсы «қырғи қабақ соғыс» жүргізді; Германияны бөлшектеу, Батыс Германияны қайтадан милитаризациялау саясатын қолданды; соғыс базаларын барынша көбейтіп, жанталаса қарулану жолына түсті; СССР-дің қарусыздану, ядролық қаруды қолдануға және жасауға тыйым салу жөніндегі талай ұсыныстарын қабылдамай тастады; томаға-тұйық соғыс топтарға құра бастады. 1947 жылы наурызда АҚШ үкіметі Трумэн доктринасын жариялап, 1948 жылы Маршалл жоспарын қабылдады. 1949 жылы агрессияшыл Солтүстік Атлантика пактына қол қойылды. АҚШ мұны ұйымдастырушылардың бірі болды. 1969 жылы Солтүстік Атлантика шартының 20 жылдық мерзімінің аяқталуына байланысты АҚШ НАТО-ны нығайта түсу және осы одақ негізінде Герман Федерациялық Республикасымен (ГФР) соғыс одағын қамтамасыз етуге күш салды. Өз жерінде және шетелдерде көптеген соғыс базаларын салды. 1947 жылы қыркүйекте «өз ара көмек» туралы Америка аралық шарт жасалып, 1948 жылы Америка мемлекеттерінің ұйымы құрылды; АҚШ бұларды Латын Америкасына экономикалық және әскери-саяси экспансия жасауға пайдалану үшін ұйымдастырды. 1954 жылы американ империалистері Гватемалаға қарсы қарулы интервенция ұйымдастырды. Қытайда азамат соғысын қоздыруға тырысып, Чаң Кайши тобырына мықтап көмектесті. Үндіқытай халықтарына қарсы соғыста АҚШ Францияға, Индонезияға қарсы соғыста - Нидерландыға жәрдемдесті. Сонымен бірге АҚШ Англияның, Францияның, Нидерландының, Бельгияның позицияларын әлсіретуге, сөйтіп бұл елдердің отарлары мен тәуелді жерлерінде өз ықпалын күшейтуге бағыт ұстады. 1950 жылы шілдеде АҚШ КХДР мен Оңтүстік Кореяны бір-біріне қарсы қарулы қақтығысқа айдап салып, ондағы азамат соғысына араласты да, Кореяда тікелей интервенция жасады. Бұдан кейін Қытайдың Тайвань, Пэнхуледао аралдарын басып алып, оларды соғыс базаларына айналдырды.

40 жылдардың аяқ шенінде ел ішінде реакция қайта күшейді. 1949 жылы Ю.Денниске және компартияның басқа да 10 басшысына сот ұйымдастырылып, олар ұзақ мерзімге түрмеге жабылды. Кореядағы соғысқа (1950-1953) байланысты үкімет «төтенше жағдай» тәртібін енгізіп, экономиканы соғысқа тез бейімдей бастады. Осының салдарынан монополиялардың пайдасы екі есеге жуық артып, негізгі ауыртпалық халыққа түсті. «Өз ара қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» заңның негізінде АҚШ басқа елдерге қару-жарақ пен соғыс жабдығын көптеп сата бастады, СССР мен басқа да социалистік елдерге қарсы шпиондық, диверсиялық әрекеттер мен дұшпандық насихатты күшейтті. АҚШ Жапониямен бір жақты бітім шартын жасап, онда өзінің қарулы күштерін ұстауға право алды (1951 жылғы Сан-Франциско шарты). Сол жылғы қыркүйекте АҚШ Австралиямен және Жаңа Зеландиямен «өз ара қорғаныс» туралы шартқа қол қойды (АНЗЮС). Д. Эйзенхауэр үкіметінің тұсында 1953 жылдың орта шенінен өндіріс қайта құлдырай бастады. 1954 жылы жұмыссыздардың саны 3230 мың адамға жетті. 1945-1954 жылдар 43,7 мың ереуіл болып, оған 27,3 млн. адам қатысты. Тек 1964-1969 жылдар 27 мыңдай ереуіл болып, оларға 13 млн-нан астам адам қатысты. 1953 жылы ақпанда американ компартиясының көрнекті 13 қайраткер: әр түрлі мерзімге түрмеге жабылды; 1954 жылы тамызда коммунистік қызметті бақылау туралы деп аталатын заң күшіне енді, прогресшіл 250 ұйым «зиянкестердің» тізіміне алынды. Бұдан кейін компартияның бірсыпыра қайраткерлері тағы да тұтқынға алынды. Нигрлерді нәсілдік кемсіту және аяусіз жазалау шаралары күшейді Джимкроуизм), оңтүстік штаттарда Алабама, Миссисипи т.б.) олар жапқырғынға ұшыратылды. Бұл негрлердің ызасын қайнатты. Соңғы жылдары негр халқының өмірдің барлық саласында толық право алу жолындағы күресі жаппай өрістеп, құлаш жайып келеді.

1953 жылы шілдеде АҚШ Кореяда уақытша бітім жасауға мәжбүр болды, бірақ қыркүйекте Оңтүстік Кореямен өз ара қорғаныс туралы деп аталатын бір кацты шарт жасап, ондағы қарулы күштерін сақтап қалды. 1954 жылы қыркүйекте АҚШ-тың, Англияның, Францияның бастауымен «Оңтүстік-Шығыс Азия қорғау» туралы агрессияшыл артқа (СЕАТО) қол қойылды. Сол жылғы қазанда АҚШ пен Англия Париж келісімдерінің жасалуын үйымдастырып, ГФР-ді милитаризациялау ісін тездетуді және оны Батыс елдерінің соғыс одақтарына енгізуді өздерінің басты мақсаты етіп қойды.

1957-1958 жылдар Эйзенхауэр үкіметі аса елеулі экономикалық қиыншылықтарға кездесті. Дағдарыс салдарынан өндіріс көл. 15% кеміді. 1959 жылы жұмысшылардың ереуіл қозғалысы күшейді. 15 шілдеден 7 қарашада дейін болған ереуілге 500 мың металлург қатысты, бұл - АҚШ тарихындағы аса ірі ереуілдердің бірі еді. 1956 жылы АҚШ империалистері Венгрияда контрреволюциялық бүлік әзірлеп, жүзеге асыруға белсене қатысты. Египетке қарсы ағылшын - француз-израиль агрессиясына байланысты (1956) АҚШ Таяу Шығыстағы жағдайды өзінің империалистік мақсаттарына пайдалануға тырысып, 1957 жылы қаңтарда Эйзенхауәр доктринасын ұсынды. 1958 жылы АҚШ пен Англия Таяу Шығысқа қарулы интервенция жасады. 1960 жылы қаңтарда АҚШ Жапониямен қайтадан соғыс шартын  жасасып, оның жерін өзінің Қиыр Шығыстағы соғыс қамалы ретінде пайылануға право алды, Жапонияға жанадан соғыс міндеттерін жүктеді.

60 жылдардың басынан АҚШ билеп төстеуші топтары басқа елдердің ішкі істеріне қол сұғу, мемлекеттер арасындағы ала ауыздық пен күдікті өршітіп, оларды бір-біріне айдап салу, ейтіп өз ара әлсірету, дүние жүзінде барлық реакцияшыл күштерді қолдау, «жергілікті соғыс» деп аталатын кақтығыстарды бірінен соң бірін шығару, соғыс желікпесін қоздыру, «соғыс шегінде тұру» саясатын бұрынғыдан да кең көлемде қолдана бастады. 1964 жылы АҚШ Вьетнамға қарсы шапқыншылық соғыс ашты [Въетнамдағы американ (АҚШ) агрессиясы]. Дүние жүзі халықтарының қан төгісті тоқтату жөніндегі заңды талабына қарамастан, империалистер үсті-үстіне әскер төгу, ВДР жерін үздіксіз бомбалау арқылы бейбіт халықты жаппай қырғынға ұшыратып отыр. 1967 жылы тамызда Индонезияны панамерикалық елдердің соғыс одағына тарту мақсатымен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің Ассоциациясы деген құрылып, оған Индонезиямен бірге Филиппин, Тайланд, Малайзия, Сингапур енді. АҚШ Араб елдеріне қарсы Израиль агрессиясын барынша қолдап келеді, басқыншыларға қару-жарақ пен басқа да көмекті керегінше беріп жатыр. Кубага, Доминикан Республикасына, Панамаға қарсы қарулы шапқыншылық ұйымдастырды. 1970 жылы көктемде АҚШ Камбоджіа мен Лаосқа қарсы тікелей интервенция жасап, Үндіқытайдағы жағдайды онан әрі шиеленістірді. Р. Никсон үкіметі соғыс өртін онан сайын лаулатуға, Азия елдерін бір-біріне айдап салып, оларға өктемдік етуге бағытталған Гуам доктринасын жариялады. Империалистік монополиялардың мүдделерін қорғай отырып, АҚШ үкіметі дүние жүзінің талай елінде әскери төңкерістер ұйымдастырды, өкімет басына нағыз реакцияшыл күштердің келуін және американдардың қолшоқпары болатын қуыршақ тәртіптердің орнауын қамтамасыз етті. Европадағы жағдайды шиеленістіре отырып, АҚШ ГФР-дің соғыс-экономикалық қуатын арттыра беруге тырысуда, оған әскери көмек беріп, кекшіл күштердің қолтығына су бүркуде. Жапон империализмін нығайтып, соғыс-саяси ынтымақты күшейтуге тырысуда. Американ монополияларының тікелей жәрдемімен Грецияда т. б. елдерде террорлық, әскери-бюрократиялық тәртіп орнады. Батыс жарты шардағы саясатында АҚШ Латын Америкасы елдеріне бас көтертпеу, олардың экономикасын тұқыртып, емін-еркін билеп-төстеу саясатын жүргізіп отыр. Қазіргі күнде АҚШ - дүние жүзілік реакцияның, қиян-кескі саяси жан-жалдар мен қақтығыстардың, шымшытырың шпионаж бен диверсияның орталығы.

Американ үкіметінің халықаралық шиеленісті бәсеңдету бағытынан бас тартып, ашықтан-ашық агрессияшыл саясат жүргізуі дүние жүзінің барлық елдерінде және АҚШ-тың өзінде қатты наразылық туғызып отыр. АҚШ-тың империалистік саясаты барлық елдердің бейбіт қатар өмір сүруі, ынтымақтасуы, бостандығы жолында күресуші халықтардың күннен-күнге күшейіп келе жатқан тегеурінді қарсылығына кездесуде.

Саяси партиялары. АҚШ-та екі партиялы жүйе деп аталатын тәртіп бар. Монополистік капиталдың мүдделерін қорғап, соның сойылын соғатын буржуазияшыл екі партия өкімет басына кезектесіп келіп отырады. Демократиялық партия 1828 жылы құрылған (АҚШ-тың демократиялық партиясы).Республикалық партия 1854 жылы құрылған (АҚШ-тың республикалъщ партиясы). Коммунистік партия 1919 жылы құрылған. (Америка Құрама Штаттарының коммунистік партиясы). Социалистік жұмысшы партиясы (1890 жылы құрылған), Еңбекшілердің социалистік партиясы, Нью-Йорк штатының либералдық партиясы, Американ тәуелсіз партиясы (1968 жылы құрылган) - бұлардың саяси ролі шамалы.

Кәсіподақтары мен басқа да ұйымдары. АҚШ-та жұмысшылардың алғашқы ұйымдары 18 ғасырдың аяғында құрыла бастады. Қазіргі кәсіподақтардың 19,1 млн. мүшесі бар (1967). Негізгі кәсіподақ бірлестігі: Америка еңбек федерациясы - Өндірістік кәсіподақтар конгресі (АЕФ - ӨКК). 1955 жылы құрылды. Председателі Дж. Мини. АЕФ - ӨКК басшылығы үкіметтің сыртқы және ішкі саясатын қолдайды. Кәсіподақтар қимылы одагы (КҚО) 1969 жылы құрылды. Бірлестік жұмысшылардың мүддесін қорғау жолындағы күресті күшейту, жанталаса қарулануды қысқарту бағытын ұстап отыр. Нәсілдік кемсітушілікке қарсы негрлер қозғалысында жетекші роль атқаратын ұйымдар: Түсті халықтың прогресіне жәрдемдесетін ұлттық ассоциация 1909 жылы құрылған, 450 мыңдай мүшесі бар, атқарушы директоры - Р. Уилкинс; Қалалық лига, 1910 жылы құрылған, 50 мыңдай мүшесі бар, атқарушы директоры - У. Янг; Оңтүстіктегі христиандық басшылық конференциясы, 1957 жылы құрылған, президенті - Р. Абернети (М. Л. Кинг 1968 жылы 4 сәуірде өлтірілді); Нәсіл теңдігі конгресі, 1842 жылы құрылған, 60 мыңдай мүшесі бар, ұлттық директоры - Ф. Маккисик; Күш қолданбау қимылының студенттік ұштастыру комитеті, 1960 жылы құрылған, председателі - Р. Браун. Негрлердің американдық кәсіподақ советі; «Қара қабландар» партиясы. Іскер топтардың басты ұйымдары: Кәсіпорын иелерінің ұлттық ассоциациясы мен Сауда палатасы. Әсіре оңшылдар мен нәсілшілдердің негізгі ұйымдары:    «Джон Бэрч қоғамы» Ку-клукс-клан, Минитмендер, Ақ азаматтар советі, Ақ адамның ұлттық-социалистік партиясы т. б.

Экономикасы. АҚШ - капиталистік дүниедегі экономикалық жағынан неғұрлым дамыған мемлекет. Капиталистік елдердің өнеркәсіп өндірісінің 44,6%-і оның үлесіне тиеді. Елдің экономикалық-саяси өмірінің кілті негізінен бір топ алып монополистік топтардың қолында. Олардың ішіндегі ең ірілері - Моргандар, Рокфеллерлер, Дюпондар, Меллондар топтары мен кливлендік, чикаголық, калифорниялық, техастық топтар мен басқа да жаңа қуатты монополистік топтар бірлестігі. Экономиканы милитарландыру және қару-жарақты көптеп шығару монополиялар үшін мол табыстың көзіне айналды. 1960-1969 жылдар ішінде монополиялардың таза табысы 26,7 млрд. доллардан 50,8 млрд. долларға дейін өсті. Үкіметтің қолдауымен монополиялар шетелдерге капитал шығаруды күшейтіп, сол арқылы көптеген капиталистік және жақында тәуелсіздік алған елдердің әкономикасын өзіне бағындыруға ұмтылып отыр. 1945 жылдан 1969 жылдың басына шейін американ монополияларының шетелдерде орналастырған жеке күрделі қаржысы 14,7 млрд. доллардан 101,9 млрд. долларға дейін жетті.

АҚШ-тың экономикасы секірмелі циклдік жолмен дамып келеді. Өндіріс біресе жоғары өрлеп, біресе төмен құлдырап отырады. Экономикалық дағдарыс - елдің айнымас кеселді серігі. 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс дүние жүзілік капитализм тарихындағы тамырын терең жайған, неғұрлым ұзаққа созылған дағдарыс болды. 2-дүние жүзілік соғыс кезінде өнеркәсіптің соғыс қажетін өтейтін саласы барынша ұлғайтылды. Соғыстан кейін экономика 1948-1949, 1953-1954, 1957-1958, 1960 жылдардағы дағдарыспен аралас, секірмелі түрде біраз өсті. 1961-1967 жылдар жылдық өсім орта есеппен 4-5% болды. Аграрлы дағдарыс ушыға түсті. Өндірістік қуаттар толық пайдаланылмады. Жаппай тұрақты жұмыссыздық кең өріс алды. Әсіресе экономикалық дағдарыстар тұсында жұмыссыздардың саны артты. Ресми мәлімет бойынша 1958 жылдың 1-жартысында 5 млн-нан астам адам жұмыссыз жүрді. 1968-1969 жылдар толық жұмыссыз адамдардың саны 2,8-3,2 млн. болды. 1970 жылдың бірінші жартысында жұмыссыздық дәрежесі 1,1 млн. адамға өсті. 1967 жылғы дағдарыстан кейін американ экономикасы 2 жыл бойы инфляциялық жолмен өскенімен, 1969 жылдың 2-жартысынан бастап төмен құлдырай бастады.

АҚШ-та басты экономикалық 3 аудан бар: Солтүстік, Оңтүстік, Батыс. Өркендеу дәрежесі жағынан бұлардың бір-бірінен едәуір айырмашылығы бар. Солтүстік - өнеркәсібі неғұрлым дамыған аудан. Мұнда негізінен өңдеу өнеркәсібі орналасқан және ауыл шаруашылығының товарлы өнімдері мен электр қуатының, автомобиль паркінің т.б. үлесі едәуір. Әсіресе ауыр индустрияның даму дәрежесі жоғарырақ. Бірақ кен өндіру өнеркәсібінің өнімдері жөнінен Солтүстік аудан Оңтүстік ауданнан артта қалды. Бұл ауданда электр қуаты, ауыл шаруашылық өнімдері, өнеркәсіптің таза өнімдері Солтүстік аудандағыдан біраз кем өндіріледі. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін Оңтүстікте өнеркәсіптің бірсыпыра саласы, оның ішінде мұнай-химия, атом өнеркәсібі т. б. өркендеді. Ал кен өндіру өнеркәсібінің өнімдері, ауыл шаруашылығының товарлы өнімдері, электр қуаты, өңдеу өнеркәсібінің таза өнімдері жөнінен Батыс аудан Солтүстік және Оңтүстік аудандардан кем түседі. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін Оңтүстік, әсіресе Батыс ауданның өнеркәсібі біраз дамыды.

1967 жылы АҚШ экономикасының даму қарқыны біраз бәсеңдеді. Қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп өнімдері мөлшерінің индексі 1966 жылдың дәрежесінде қалды, 1967 жылдың тек қараша-желтоқсанда айларында индекс 1966 жылдың 4-тоқсанындағыдан жоғары болды. Жалпы ұлттық зат өнімі ақшаға шаққанда 785 млрд. доллар болды. Ол бір жылда ағымдағы баға бойынша 5,5%, ал өзгермейтін баға бойынша 2,5% (1966 жылы 5,5% өскенді) өсті. Бұл - 1966 жылдан кейінгі ең аз үстеме өсім. Төлем балансының тапшылығы бұрын-соңды болмаған мөлшерге - 3,6 млрд. долларға жетті (1966 жылы 1,4 млрд. доллар болатын). Бұл тапшылық негізінен Вьетнамдағы соғыс шығындарына байланысты туды. Алтын қоры бір жылда 1170 млн. долларға азайып, 1968 жылдың 1 қаңтарына 12 065 млн. доллар болды. Мұның өзі - соңғы 30 жыл ішіндегі ең төмен дәреже. 1967-1968 финанс жылындағы бюджет тапшылығы 20 млрд. долларға жуық болды.

1967 жылдың басында 3 млн-нан астам адам толық жұмыссыз жүрді (жұмысқа жарамды адамның 4,5%-і). Жұмыссыздардың ішінде әсіресе негрлер мен жастар көп. Тұтыну бағасының индексі 1967 жылы 2,8%-ке көтерілді. 1967 жылы көтерме сауда бағасы 1957-1959 жылдармен салыстырғанда 6,8%, бөлшек сауда бағасы 12,9%, ал тұтыну қызметінің құны 30,1%, оның ішінде медицина қызмет көрсету 50% қымбаттады.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 1967 жылы 1% артты (1966 жылы 8,8% артқан болатын). Жаңа кәсіпорындар салуға және жабдықтар сатып алуға жұмсалған қаржы ағымдағы баға бойынша 5% өсіп (1966 жылы 17% өскенді), 64 млрд. долл. болды. Өңдеу өнеркәсібіндегі қуаттарды кеңейтуге жұмсалған шығын күрделі қаржының 47%-іне, өндірісті модернизациялауға жұмсалған шығын 53%-іне жетті.

Өнеркәсіп - АҚШ шаруашылығының жетекші саласы. 1967 жылы бір адамға: 2,2 т мұнай, 2,6 мың м3 табиғи газ, 2,5 т тас көмір, 6,5 мың квт * сағ электр энергиясы, 0,6 т болат, 14 кг алюминий (бірінші өңдеуден өткен), 210 кг қағаз бен картон, 30 кг пластмасса мен синтетикалық қара май (смола), 10 кг синтетикалық каучук, 9 кг химиялық талшық, 30 кг күкірт қышқылы өндірілді. Өнеркәсіп мықтап шоғырланды. Оның өнімдерін өндірудің жалпы индексі мынадай болды (1957-1959 жылдар өндірілген өнім мөлшерінің дәрежесін 100-ге бағалағанда): 1960 жылы 109; 1964 жылы 132,3; 1965 жылы 143,4; 1966 жылы 156,0; 1967 жылы 157,5. 1967 жылы желтоқсанда тиісінше индекс мынадай дәрежеде болды (жаңша ішінде 1966 жылғы желтоқсандағы индекс): 162 (159), өңдеу өнеркәсібінде 162 (161), оның ішінде металлургия өнеркәсібінде 140 (137), жалпы машина жасау өнеркәсібінде 180 (190), электротехника және радиоэлектрон өнеркәсібінде 186 (188), транспорт машиналарын жасау өнеркәсібінде 177 (173), химиялық өнеркәсібінде 210 (198), мұнай өңдеу өнеркәсібінде140 (129), құрылыс материалдарын өндіру өнеркәсібінде 144 (136), тоқыма өнеркәсібінде 153 (142), тігін өнеркәсібінде 150 (149), қағаз өнеркәсібінде 158 (152), тамақ өнеркәсібінде 133 (131) кен өндіру өнеркәсібінде 123 (123), электр қуаты мен газ өндіруде 192 (178).

АҚШ-тың энергиялық балансында мұнай мен табиғи газ ең маңызды орын алады. АҚШ тұтынатын негізгі энергия көздерінің үлесі мынадай болды (жақша ішінде жыл): мұнай 13,4% (1920), 41,4% (1957), табиғи газ 4,3% (1920), 27,8% (1957), ал 1967 жылы мұнай мен табиғи газ 74%, тас көмір 78,4% (1920), 27,1% (1957), 22,2% (1967), су энергиясы 3,9% (1920), 3,7% (1957), 3,8% (1967), 1967 жылы атом энергиясы 0,1% кем. 1967 жылы энергияны жалпы пайдалану дәрежесі 4,1% артты (1966 жылы 4,5% артқан болатын) да 15 триллион ккал дерлік болды.

Көмір өнеркәсібі бірсыпыра жыл бойы бір орында тұралап қалды. 1918 жылы 615 млн. т көмір шығарылған болса, 1958 жылы 372, 1967 жылы 508, 1968 жылы 490, ал 1969 жылы не бары 494 млн. т көмір өндірілді. Көмір негізінен Аппалач, Иллинойс қойнауларынан алынды. Мұнайдың дені елдің оңтүстік-батыс орталығындағы штаттарда шығарылды. Тұтынылған мұнайдың бірсыпырасы Венесуэла, Таяу Шығыс т. б. елдерден әкелінді. 1967 жылы мұнай шығару 5,6% өсті, ал импорт негізінен Таяу Шығыстағы оқиғаларға байланысты 7% (60,5 млн. т-ға дейін) қысқарды. Табиғи газ өндіру 7%, ал импорт 12% (15 млрд. м3-ге дейін) артты. 560 млн. т мұнай өнімдері тұтынылды; бұл жылдағыдан 3,6% көп. Мұнайдын барланған қоры 5,2 млрд. т-ға жетті 265 мұнай өңдеу зауыды жұмыс істеп. Ірі уран өнеркәсібі 1950 жылдан кейін құрылды. 1958 жылы 12,7 мың т уран тотығы, 1960 жылы 16,1, 1965 жылы 9,5, 1967 жылы 9 мың т (алдын ала мәлімет) урал концентраттары өндірілді. Концентраттар Канададан, Оңтүстік Африка Одағынан, Конгодан (бұрынғы Бельгиялық) тасылды.

Электр станцияларының қуаты 1940 жылғы 51 млн. квт-тан 1958 жылдың аясында 160,2 млн. квт-қа дейін артты 1958 жылы 724 млрд. квт * сағ, 1967 жылы 1431 млрд. квт * сағ-тан астам жалпы электі энергиясы өндірілді. Электр станциялары үшін белгіленген қуат 1968 жылдың басында 175 млн. квт-қа жетті. Электр станциялары Теннесси, Колумбия өзендерінің бойында көбірек салынды. Бұл аймақтарда осы негізде электр энергиясын мол тұтынатын кәсіподақтар құрылды. Ірі бу электр станциялар Огайо, Теннесси өзендері бойында шоғырланған. Тұңғыш атом электр станциялары (АЭС) (қуаты 60 мың квт) 1957 жылдың аяғында жұмыс істей бастады. Іске қосылған АЭС-тің жалпы қуаттылығы 1967 жылы 1,1 млн. квт болды. 1965жылы қуаты 5 млн. квт-қа жуық 8 АЭС 1966 жылы қуаты 18 млн. квт-тан асатын 25 АЭС-ін, 1967 жылдың 9 айы қуаты 25 млн. квт-тан асатын 25 АЭС салу жобасы бөкітіпді. Жобаланған электр станцияларының жалпы қуатының 55%-тен астамы АЭС-тің үлесіне тиеді. Жобаланған әлектр станцияларының көпшілігі 1970 жылдан кейін қатарға қосылады.

АҚШ-та ауыр және жеңіл өнеркәсіп мықтап өркендеген. Әсіресе ауыр өнеркәсіптің үлесі өте басым. 1954 жылы өңдеу өнеркәсібі таза өнімдерінің 37%-ке жуығы тек машина жасау, металл өңдеу салаларынан алынды. 1965 жылы домна пештерінің жалпы қуатты 82,6 млн. т-ға, болат балқыту агрегаттарынікі 127,7 млн. тоннаға жетті. Ал өнеркәсіптің жұмыспен қамтамасыз етілу дәрежесі бұл қуаттардың дәрежесінен көп төмен болды: 1957 жылы 72 млн. от шойын, 102 млн. т болат, 1958 жылы 52 млн. т шойын, 77 млн. болат балқытылды. Ал 1967 жылы болат балқыту 5,5% кеміді; ондағы оттегі конверторлық болаттың үлесі 33%-ке дейін (1966 жылы 25%) артты, ал мартендік болаттың үлесі 55%-ке дейін (1966 ж. 63%) төмен құлдырады. Прокат жөнелту 5,6% кеміп, 7,7 млн. т болды. Болат балқыту кәсіпорындарының қуаты 2,7% өсіп (1966 жылы 9% өскен болатын), 170 млн. т-ға жетті. Қара металлургияның орталығы - Питсбург-Янгустаун. Ұлы көлдер жағалауы, Атлант жағалауы аудандарының маңызы артты. Оңтүстікте металлургия Бирмингем округына шоғырланған. Руда шығару, түсті металдар балкыту 1950 жылдардың аяғында бір орында тұралап қалды. Концентраттар мен тазартылмаған түсті металлдар сырттан жылдан-жылға көп әкелінді. Жеңіл металдар, әсіресе алюминий өндірісі кеңейтілді: 1958 жылы 1420 т балқытылды. 1967 жылы алюминий кәсіпорындарының қуаты 1,7% өсіп, 3,1 млн. т-ға, алюминий жеткізу (екінші қорытылған металл мен импортты қосқанда) 4,5 млн. т-ға жетті. Алюминний заудтары электр қуаты арзанға түсетін Колумбия, Теннесси, Қасиетті Лаврентий өзендері қойнауына, Оңтүстік-Батыс орталыққа (энергия көзі - табиғи газ) орналасқан. Титан кәсіпорындары салынды.

Машина жасау өнеркәсібінің аса маңызды салалары - автомобиль, авиация өнеркәсібі, электротехника, өнеркәсіпке,         құрылысқа, ауыл шаруашылығына арналған алуан түрлі жабдықтар жасайтын өнеркәсіп. Автомобиль зауыдтары 1957 жылы 6115 мың жеңіл, 1 084 мың жүк автомобильдерін, 1958 жылы тиісінше 4 244 және 871 мың жеңіл және жүк автомобильдерін жасап шығарды. 1697 жылдар жеңіл автомашиналар жасау қысқарды; оның себептерінің бірі - Форд зауыдтарындағы ереуіл. 1967 жылы 8,3 млн, жеңіл автомашина (1966 жылы 4 млн.), оның ішінде америкалық 7,6 мың (1966 жылы 8,7 мың), импорттық 760 мың (1966 жылы 660 мың) жеңіл автомашина сатылды; жалпы сатылған машиналардың ішіндегі импорттық машиналардың үлесі 9,2% (1966 жылы). Импорттың 57%-і «Фольксваген» машиналары болды. Самолеттер Лос-Анжелоста, Сан-Диегода, Сиәтлде жасап шығарылады. Авиац. двигательдері негізінен Солтүстік-шығыста жасалады. Авиациалық өнеркәсібі өнімдерін сату 1967 жылы 6%, оның ішінде Қорғаныс министрлігіне өнімдер жеткізу 8% өсті. Сатылған өнімдер (млрд. долл. есебімен): самолеттер мен олардың бөлшектері 13,4, басқарылатын снарядтар 3,8, космостық үшу аппараттары 5,4, басқа да өнімдер 2,7. Азаматтық әуе флотының 18 900 самолёті, оның ішінде 480 турбореактивті лайнер, 420 вертолёт сатылды. 1966 жылы 23,6 млн. радиоқабылдағыш, 12,4 млн. телевизор жасап шығарылды. Электротехникалық және радиотехникалық өнеркәсібінің негізгі орталықтары: Нью-Йорк, Чикаго, Скенектади. Электрон жабдықтары, автоматика құралдары көптеп шығарылып келеді. Электрон жабдықтарын жасап шығару 1967 жылы 9,4% артты. Үкімет органдары берген электрон жабдықтары 10,7 млрд. долл. (1966 жылы 9,8 млрд. долл.), оның ішінде Қорғаныс министрлігіне берілгені 8,7 млрд. долл. (1966 жылы 7,9 млрд. долл.) болды. Электрондық есептеу машиналарын, оларға керекті бөлшектер мен жабдықтарды жөнелту 60% өсіп, 5,9 млрд. долл-ға жетті. Өнеркәсіп жабдықтарын жасайтын кәсіпорындар Атлант жағалауы мен Көлдер маңы аудандарында салынған. Сауда кемелерін жасау жөнінен АҚШ басқа жетекші елдерден артта қалған, Кеме жасайтын маңызды орталықтар: Бостон, Гротон, Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор, Норфолк, Ньюпорт-Ньюс, Сан-Франциско, Бремертон. Химиялық өнеркәсібі негізінен Солтүстікте, ішінара Оңтүстік-Батыс орталықта да дамыған. Химиялық өнеркәсібінің өнімдері 1967 жылы 8%, оның ішінде негізгі органикалық емес химикаттар өндіру 9%, органикалық химикаттар 6%, пластмассалар 13%, синтетикалық талшық 8%, тыңайтқыштар 2%, кір жууға арналған заттар 4%, дәрі-дәрмек 8% ұлғайды.

Атом өнеркәсібінің аса ірі заводтары Ок-Риджде (Теннесси), Падьокада (Кентукки), Портсмутта (Огайо), Ханфордта (Вашингтон), Саванна өзенінің сағасында (Оңтүстік Каролина). Жеңіл өнеркәсіптің неғұрлым маңызды салалары - тоқыма, тігін өнеркәсібі. Бұрын тоқыма өнеркәсібінің басты орталығы Жаңа Англия болса, кейіннен Оңтүстікке, негізінен Солтүстік және Оңтүстік Каролина, Джорджия штаттарына ойысты. АҚШ-та тігін өнеркәсібі мықтап дамыған. Ол негізінен Солтүстіктегі ірі қалаларға жинақталған. Оның басты орталығы - Нью-Йорк. Тамақ өнеркәсібінде 1,5 млн-нан астам жұмысшы істеді. Оның маңызды салалары: ет өнеркәсібі (басты орталықтары - Чикаго, Канзас-Сити, Омаха, Сент-Пол), сүт өнеркәсібі (негізгі орталығы - Висконсин Миннесота), үн тарту өнеркәсібі (Буффало, Миннеаполис, Сент-Пол, Канзас-Сити).

1967 жылдың 86 млн. от шойын, 128 млн. т болат, 3,0 млн. т-дай алюминий, 494 млн. т көмір, 455 млн. т мұнай, 65 млн. т цемент, 7,7 млн. т пластмасса, 1552 млрд. квт. сат электр қуаты, 579 млрд. м табиғи газ өндірілді. 1969 жылы 10,1 млн. автомобиль жасап шығарылды, 6,5 млрд. п. м мақта мата, 251 млн. п. м жүн мата тоқылды, 1968 жылы 2060 мың от химиялық талшық өндірілді.

Ауыл шаруашылығы капиталистік негізде мықтап өркендеген. Оның үлесі әсіресе Батыс пен Солтүстікте басым. Ауыл шаруашылық ірі және ұсақ капиталистік фермалардан құралады. Ірі фермалар жетекші роль атқарады. Ұсақ фермалар, әсіресе Оңтүстік штаттарда көп. Ауыл шаруашылық жете механикаландырылған. Мұнда техникалық прогресс неғұрлым ірі фермерлердің баюы үшін пайдаланылады. Ал ұсақ, өнеркәсіп товарлары орташа фермерлер кедейлене береді, жерінен айырылады, ірі фермерлердің тырнағына ілігеді. Көптеген фермерлер жалдамалы ауыл шаруашылық жұмысшысына айналады, немесе жұмыссыздардың қатарына қосылады. Капитализмнің экономикалық заңдарына сәйкес, мұны алпауыт фермалардың кіші фермаларды жалмап жеп, жұтып қоюы деп атайды. 1940 жылдан 1970 жылдың басына дейін фермалардың саны шамамен 6,3 млн-нан 2,9 млн-ға дейін азайды. 1964 жылы фермалардың 4,6%-і барлық жер көлемінің 52,6%-ін иемденді. Жер арендаға да беріледі, фермерлердің бірсыпырасы сонда жұмыс істейді. Оңтүстіктің кейбір штаттарында мұндай жұмысшылардың саны едәуір. Оңтүстікте арендашылардың ішінде өнімнің едәуір бөлігін жер иесіне беретін үлескер-кропперлер көп-ақ. Ауыл шаруашылық жұмысшыларының саны 1950 жылдары 3 млн-ға жетті, ал 1967 жылы онда семьясымен қоса 3,7 млн. фермер (1966 жылғыдан 4,2% кем), 1,3 млн. жалдамалы жұмысшы (7,4% кем) істеді. Фермерлер 1952 ж. 15,1 млрд., 1957 ж. 10,8 млрд., 1958 ж. 13 млрд., 1966 ж. 16,4 млрд., 1967 ж. 14,5 млрд., долл. (ауыл шаруашылық өнімдері қорының өзгеруін есептемегенде) таза табыс алды.

Өнімдерді мөлшердегіден артық өндіруден АҚШ-тың ауыл шаруашылық ылғи айырмас дағдарысқа ұшырап отырады. Әсіресе өтпей қалған өнімдердің мөлшері артып, егіс көлемі азаяды. 1956-1957 жылдар егіс көл. 14,6 млн. га кеміді. Ауыл шаруашылық өндірісі бүтіндей алғанда өте баяу өсті; егер 1947-1949 жылдардағы дәрежені 100-ге баласақ, 1957 жылғы индекс өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы мөлшері жөнінен 114, ал жан басына өндірілген өнім мөлшері жөнінен 97 ға-на болды.

1967 жылы 1966 жылмен салыстырғанда, ауыл шаруашылық өнімдері 3,5% артық өндірілді (егіс көлемін 4%-тен астам ұлғайту, дақылдардың түсімін аздап арттыру, мал мен құс өнімін 2,5% көбейту есебінен). АҚШ ауыл шаруашылық министрлігінің бағалауы бойынша, 1967 жылы 1966 жылға қарағанда, бидай 16,2%, жүгері 14,7%, сорго 7%, темекі 6,3%, соя бұршақ 4,3%, күріш 5,4% артық алынды. Күрішті қоспағанда, өнім негізінен егіс көлемін ұлғайту есебінен артты.

АҚШ ауыл шаруашылық министрлігінің 28 дақыл үшін белгілеген түсім индексі (1957-1959 жылы - 100) 1967 жылы 1966 жылға қарағанда шамамен 1% өсті. Бұл - 1965 жылдағыдан 0,7% кем. 1967 жылдың 1 қазанда астықтың қоры мынадай болды (жақшада 1966 жылдың 1 қарашада қарағанда өзгергені, % есебі мен); бидай 42,6 млн. т (+8,6%), жүгері 20,8 млн. т (-2,7%), сұлы 11,5 млн. т (-4,7%), арпа 8,2 млн. т (-1,9%), сорго 6,2 млн. т (37,3%), соя бұршақ 2,5 млн. т (2,5 есе артық). Үкіметтің қарамағындағы товарлы-кредит корпорациясының (ТКК) кепілдігі мен меншігіндегі ауыл шаруашылық товарларының құны 1967 жылдың 30 қыркүйегіне 1966 жылдың 30 қыркүйегіндегі 4,5 млрд. доллардың орнына 2,9 млрд. доллар болып бағаланды (35,6% кеміген). Әсіресе мақтаның үкімет қолындағы қоры 57,7%, сорго 47,8%, жүгері 32% азайды. ТКК-ның қолыңдағы бидайдың қоры бір жылдың ішінде 27% кеміді.

1954 жылы 761 млн. га жердің 25%-і өңделді, 49%-і жайылым үшін пайдаланылды, 17%-ін орман мен бос жер, 10%-ін қалалар құрылысы, жолдар, пайдалануға қолайсыз жерлер алып жатты. Жер көлемінің 61%-ін фермалар пайдаланды. Өңделетін жерлердің дені жазық, топырағы құнарлы, климат жағдайы қолайлы орталық аудандарда. 1929-1954 жылдар топырақ эрозиясының үдеуі, фермерлердің кедейленуі, ауыл шаруашылық дақылдары өнімінің кемуі салдарынан өңделетін жерлердің көл. 28 млн. га дерлік азайды. 1954 жылы суарылатын жерлердің көл. 11,8 млн. га болды. Егіншілікте мал үшін жемшөп өндіру маңызды орын алды. Ең маңызды ауыл шаруашылық дақылдарының көлемі мен жалпы өнім мөлшері мынадай болды (1934-1938 және 1955-1957 жылдар орта есеппен): жүгері 37,8 және 30,8 млн. га, 53,1 және 85,4 млн. т; бидай 22,4 және 18,3 млн. га, 19,5 және 26,1 млн. т; сұлы 14,1 және 14,5 млн. га, 14,0 және 19,2 млн. т; мақта 11,5 және 6,2 млн. га, 2,7 және 2,8 млн. т; темекі 0,6 және 0,6 млн. га, 0,6 және 1,0 млн. т; соя 1,0 және 8,1 млн. га, 1,2 және 4,9 млн. т.

Басты жемшөп дақылы - жүгері. Топырақты жақсы өңдеп, сапалы тұқым себу нәтижесінде бұл дақылдан мол өнім жиналады. 1969 жылы 112,8 млн. т жүгері өндірілді. Жалпы өнім мөлшерінің дені «жүгерілі аймақ» - Огайо, Индиана, Иллинойс, Айова штаттары мен Минесота, Оңтүстік Дакота, Миссури, Небраска, Висконсин, Мичиган штаттарының жапсарлас жатқан жерлерінен алынады. Азықтық пішен егіс көлемінен бірсыпыра орын алады. Қуаң аймақтарда тағы бір жемшөптік дақыл - сорго көп егіледі. Ең маңызды азық-түліктік дақыл - бидай. Оның жалпы өнім мөлшерінің 1/2-нен 2/3 бөлігіне дейінгісін Канаданың шекарасынан бастап Техас штатының солтүстік бөлігіне дейінгі жер алып жатқан «бидайлы аймақ» береді. 1969 жылы 39,6 млн. т бидай алынды. Картоп негізінен Солтүстік-Шығыстағы штаттар мен Көлдер маңы аймағында өсіріледі. Техникалық дақылдардан неғұрлым маңыздысы - жалпы өнім мөлшерінің 1/2-нен 2/3 бөлігіне дейінгісін Канаданың шекарасынан бастап Техас штатының солтүстік бөлігіне дейінгі жер алып жатқан «бидайлы аймақ» береді. 1969 жылы 39,6 млн. т бидай алынды. Картоп негізінен Солтүстік-Шығыстағы штаттар мен Көлдер маңы аймағында өсіріледі. Техникалық дақылдардан неғұрлым маңыздысы - мақта, соя, темекі. Мақта көбінесе Оңтүстіктегі штаттарды суарылмайтын, Батыстағы штаттардың суармалы жерлеріне егіледі 1969 жылы 2,3 млн. т мақта жиналды. Соя жүгері егілетін аймақтарда өсіріледі. Темекі көбінесе Оңтүстік-Шығыс штаттарда егіледі. АҚШ-тың кейбір  аймақтарында, әсіресе Калифорния, Флорида штаттарында, Атлант мұхиты жағалауының құмдауы жазық жерлері мен Ұлы көлдер жағалауында жеміс және бақша шаруашылығының маңызы зор. 50 жылдары ет өндіру жөнінен АҚШ капиталистік дүниеде 1-орын алды. 1969 жылы 110 млн. сиыр малы, 62 млн. шошқа, 21 млн. қой болды. Ет дайындауға арналған сиір малы «бидайлы», «жүгерілі» аймақтар мен батыс аймақтарда ұсталады. Сүтке арналған мал негізінен Солтүстік-ІІІығыс пен Көлдер маңы аймағының солтүстік бөлігінде, шошқа негізінен «жүгері аймақта», қой Батыстағы таулы штаттарда өсіріледі. Құс шаруашылғының зор маңызы бар.

 

Өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің мөлшері (1957-1959 жылдар)

 

1965

1966

1967

1968

Ауыл шаруашылығын бүтіндей алғанда

114

113

118

120

Өсімдік шаруашылығы

115

111

117

119

Мал шаруашылығы

111

114

117

118

 

 

1967 жылы мал шаруашылығынка өнімдері тек сиыр малы мен құстың өнімділігі есебінен ұлғайды. Шарттысауын малдан алынған өнім (өнімділік индексі 1957-1959 жылдар - 100) 1966 жылғы 118 пункттен 1967 жылы  12 пунктке дейін көбейді (шартты ұрғашы малдың саны өзгермей, сол күйнше қалғанның өзінде). Әр сиырдан сауылған сүт орта есеппен 3,5%-тей, жұмыртқа 2% артты. 1967 жылы ет бұрынғыдан 4%, жұмыртқа 5%, сиыр майы 11%, сыр 2% артық алынды Сүт 1966 жылғы мөлшерде қалды, бұзау және қой еті 1966 жылдағыдай тиісінше 15% және 4%, қою жая құрғатылған сүт 10%, жеуге арналған басқа да майлар 3% кем алынды.

1967 жылы фермерлер алған өнімдердің бағасы 5,5%, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы 4,8% өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы 5,3% төмендеді. Оның есесіне азық-түлік өнімдерінің бөлшек сауда бағасы 1966 жылға қарағанда орта есеппен 1% артты. Бағаны бір қалыпқа ұстау, егіс көлемін реттеп отыру программасы бойынша фермерлерге ұсынылатын үкіметтік төлемнің (субсидиялардың) 6%-тен астам (3,3 млрд. доллардан 3,1 млрд. долл-га дейін) кемітілуі фермерлер сатып алатын өнндіріс құралдары мен тұтыну заттары (барлық түріне дерлік) бағасының қымбаттауы, қозғалмас мүлікке (недвижимость) салынатын салық пен накладной жөніндегі проценттің көбею салдарынан өндірістік шығындырдың 3,3% (33,3 млрд. доллардан 34,4 млрд. долларға дейін) өсуі фермерлер табысының азаюына әкеліп соқтырды. Фермерлердің қарызы (ТКК-ның несиесін қоспағанда) 1967 жылдың басындағы 44,5 млрд. доллардан жылдың аяғында 48,6 млрд. долларға дейін ұлғайды. Тек процент түрінде фермерлер шамамен 2,7 млрд. доллар төледі. Сонымеп қатар 1967 жылы тыңайтқыштар мен жемшөптің заттай көбірек сатып алынуы да себепші болды. Соның салдарынан фермерлердің таза табысы (ауыл шаруашылық өнімдері қорының өзгеруін есептемегенде) 1966 жылғы 16,4 млрд. доллардың орнына 1967 ж. 14,5 млрд. доллар болды.

1967 жылы (30 маусымда аяқталады) ауыл шаруашылық өнімдерінің едәуір бөлігі, оның ішінде күріштің 67%-і, бидайдың, соргоның, мақтаның, түрлі майдың, былғары шикізатының 45%-тен 54%-ке дейінгісі, жүгерінің, темекі мен соя бұршақтардың 24%-тен 38%-ке дейінгісі импортқа шығарылды. Сол жылы АҚШ-тың бүкіл әкспортындағы ауыл шаруашылық товарларының үлесі 20% (оның алдындағы жылы 23%) болды. Бүкіл ауыл шаруашылық экспортының 1/3 бөлігі мал азықтық астық пен соя бұршақтарының үлесіне тиді.

Транспорты. 1966 жылдың басында автомобиль жолының (көшелерді қосқанда, барлық түрі) ұзындығы 5937 мың, оның ішінде қатты материалдардан төселген жол 4520 мың км-те жетті. Автопарктегі автомашиналардың саны 100 млн. 1968 жылы автомобиль апаты салдарынан 55,2 мың адам өлді. АҚШ-та автомобиль транспортының маңызы орасан зор. Көптеген автомобиль жолы елді шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтеді. 1965 жылы темір жолда 29,6 мың тепловоз, 0,365 мың электровоз, 0,15 мың паровоз бен басқа да локомотив, 1515,2 мың товар вагоны, 20,02 жолаушы вагоны болды.

Темір жолдың ұзындығы 340 мың км. Ол Солтүстікте неғұрлым жиі, таулы Батыс аймақтарда неғұрлым сирек. 1966 жылдың басында азаматтық авиацияда 97 743 самолет жұмыс істеді. Ішкі әуе қатынасы жолының ұзындығы 228 мың км. Елдің ең ірі барлық қалалары авиажолымен, ал АҚШ дүние жүзінің көптеген елдерімен байланысты. Теңіз сауда флотындағы кемелердің толық жүк сыйымдылығы 1966 жылдың 30 маусымда 27 393 мың т деңгейге жетті. 1967 жылдың 30 қаңтарына дейін сауда флотында 1095 кеме, оның ішінде 27 жүк-жолаушы, 807 құрғақ жүк кемесі, 261 танкер пайдаланылды. Ішкі су жолында Ұлы көлдер мен Миссисипи - Огайо жүйесінің маңызы негұрлым күшті. Жағалаудағы жақын жерлерге жүк, адам тасымалдау жұмысы да үлкен роль атқарады; мұнай құбырлары негізінен Оңтүстіктен солтүстік-шығысқа және мұнай шығарылатын жерлерден порттарға қарай тартылған. Оның ұзындығы 260 мың км (1966 жылдың басы). Газ құбырлары да көп салынған. Ең ірі порттары: Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор, Бостон, Лос-Анжелос, Сан-Франциско, Сиэтл, Жаңа Орлеан, Хьюстон.

Сыртқы саудасы. 1950 жылдары экспорт күшейтіліп, импортқа қатал шек қойылды. Соның нәтижесінде АҚШ-тың сыртқы саудасы алға басты. Сыртқы сауда айналымы мынадай болды (млрд. долл. есебімен): экспорт - 1955 ж. 15,5, 1956 ж. 19,0, 1957 ж. 20,8, 1958 ж. 17,7, 1969 ж. 37,3; импорт осы жылдары тиісінше - 11,4; 12,6; 13,0; 12,8; 36,0. Экспортта өнеркәсіп өнімдерінің үлесі басылып (1957 ж. құнның 56,4%-і); шала фабрикаттар мен шикізаттың үлесі 31,4%, азық-түліктің үлесі 12,2% болды. Импорт шикізаттар мен шала фабрикаттардан (47,9%), даяр заттардан (27,1 %), азық- түліктен (25%) құралды. Сыртқы саудада Канада (1957 жылы импорт бойынша 22,3%, экспорт бойынша 19,5%), Латын Америкасы (тиісінше 31,8% және 23,8%), Батыс Европа (тиісінше 23,3% және 32,3%) Азия (тиісінше 15,5% және 18,8%) елдері неғұрлым көрнекті орын алды. АҚШ социалистік елдерді алалау саясатын жүргізді. Соның салдарынан бұл елдердің АҚШ-пен сыртқы сауда жөніндегі үлесі аз болды. АҚШ шетке капитал шығару жөнінде де озбырлық саясат қолданып келеді. 1958 жылдың басында АҚШ-тың шетелдерге орналастырған күрделі қаржысы 54,2 млрд. долларға жетті. Американ монополиялары сыртқы сауда мен шетке капитал шығаруды мешеу қалған елдерде өздерінің экономикалық және саяси мүддесін күшейту үшін пайдаланады.

1967 жылы экспорт 1966 жылғы 10% орнына 4%, ал импорт тиісінше 20% орнына 5%-ке жуық өсті. Сауда экспорты («сыйлық» түрінде жеткізілетін соғыс құралдары бұған қосылмайды) жалпы импорттан 1966 жылға қарағанда біраз асты да, сыртқы сауда балансындағы тиімді сальдо 3,8 млрд. долл-дан 4,1 млрд. долларға дейін өсті. Даяр өнеркәсіп товарларының экспорты 1967 жылы 8,6% (ал бүкіл экспортта 1966 жылғы 66% орнына 68% болды), шикізат, материалдар мен отын 7%-тен астам ұлғайды, ал азық-түлік пен ішімдіктер экспорты 9% қысқарды. Товарларды топтарға бөлгенде, олардың ішінде әсіресе мұнай мен мұнай өнімдерінің, руданың, концентраттардың, мақтаның, соя бұршақтардың, ал машиналар мен жабдықтар тобында транспорт самолеттері мен автомобильдердің, металл өңдеу станоктары мен электр жабдықтарының экспорты едәуір өсті.

Сыртқы сауда айналымы (млрд. долл. есебімен)

 

1966

1967

1968

Экспорт, жалпы

30,3

31,5

34,7

«реэкспортты қоспағанда» «сыйлық» түрінде берілетін - соғыс құралын

29,9

31,1

34,2

қоспағанда       

29,4

30,9

34,1

импорт, жалпы 

25,5

26,8

33,3

тұтынуға арналған

25,4

26,7

33,1

 

 

Әсіресе электронды-есептеу машиналарының экспорты мықтап өсті (1967 жылдың 9 айы ішінде 53%). Химиялық товарларын сату 1966 жылға қарағандықтан 2 есе баяу өсті. 1967 жылы астық пен астық өнімдерінің, еттің, түсті металдар мен тоқыма товарлардың экспорты көп қысқарды. АҚШ-тың даяр заттар жөніндегі дүние жүзілік капиталистік экспорттағы үлесі 1967 жылдың 2-тоқсанында 1966 жылғыдан орта есеппен 0,5% жоғары болып, 23,3%-ке жетті. Экспортта транспорт құралдарының, электр жабдықтарының, басқа да машиналар мен жабдықтардың, химиялық товарларының үлесі басым болды. АҚШ сауда министрлігінің мәліметі бойынша, 1960 және 1966 жылдар арасындағы кезең ішінде даяр заттар экспорты 52% артып, 19,2 млрд. долларға жетті, ол оның дүние жүзілік экспорттағы үлесі 25,2%-тен 32,7 %-ке дейін төмендеді.

1966 жылмен салыстырғанда экспорт Канадаға (+7,7%), Жапонияға (+14%), Бірыңғай америкалық еңбек советі елдеріне (+9,6%), Бірыңғай экономикалық совет елдеріне (2,6%) ұлғайды, Латын Америкасы елдеріне (-2,5%) қысқарды. Импорт Канададан шамамен 15%, Бірыңғай экономикалық совет елдерінен 8%, Жапониядан 1% ұлғайды. АҚШ-тың Бірыңғай америкалық еңбек советі елдерінен сатып алатын товарлары 2,4%, Латын Америкасы елдерінен алатын товарлары 3% қысқарды.

АҚШ-тың билеуші топтары халықаралық сауданы өнеркәсібі өркендеген капиталистік елдерге ғана тиімді тұрғыдан жүргізіп келеді. Мұның өзі жаңадан өркендеу жолына түскен елдердің сыртқы саудадағы талабына мүлде сай келмейді және бұл жөнінде социалистік елдерді алалау саясатын күшейте түседі.

Капиталистік шонжарлар американ халқы еңбегінің көп бөлегін, ұлттық табыстың денін жалмап жен отыр. 1967 жылы барлық семья табысының 41,2%-і 20% аса бай семьяның, 15,3%-і 5% ең бай семьяның үлесіне тиді; ал барлық семья табысының не бары 17,6%-і 40% семьяның негізінен еңбекшілердің, тек 5,4%-і 20% аса кедей семьяның үлесіне тиді. Американ экономистерінің есебіне қарағанда, елдің экономикалық даму дәрежесі жоғары болғанына қарамастан, 66 млн-нан астам адам немесе ел халқының 1/3 бөлігіне жуығы кедей. Оның есесіне АҚШ-тағы миллионерлердің саны 1948 жылғы 13 мыңнан 1969 жылы 120 мыңга дейін есті.

Соңғы жылдары монополиялар жұмысшы табына шабуылды бұрыңғыдан да өрістете түсті. Соның салдарынан қанау күшейіп, еңбекшілердің жалпы жағдайы нашарлады. Әсіресе еңбекші негрлердің, пуэрторикалық және мексикалық, жұмысшылардың аз ұлттардан шыққан өзге де жұмысшылардың халі мүшкіл. 1969 жылы негрлер семьяларының табысы ақ нәсілділер семьялары табысының не бары 59%-іне жетті. 1969 жылдың аяғында тұрмыс нарқы 1960 жылмен салыстырғанда 28% өсті. Еңбекшілер салықты қисапсыз көп төлейді. Одан түскен табыс жаппай қару-жарақ шығаруға, мемлекеттік аппаратты ұстауға жұмсалады.

Финанстары. 1966-1967 финанс жылының бюджеті кіріс бойынша 115,8, шығыс бойынша 125,7 млрд. доллар (оның ішінде соғыс шығындары 1965-1966 жылдардағы 57,7 млрд. доллардың орнына 70,8 млрд. доллар) болып орындалды. Финанс жылы ішінде залал 4,3 есе көбейіп, 9,9 млрд. долл болды, ал календарьлық жылдың аяғында (қараша) 19,5 млрд. долларға жетті. Вьетнамдағы соғысқа жұмсалған шығын 1965-1966 жылдардағы 5,8 млрд, долл-дан 1966-1967 жылдар 20,1 млрд. долларға, 1967-1968 жылдар 24,5 млрд. долл-ға дейін ұлғайды. 1968-1969 жылдар осы соғыс шығынын 25,8 млрд. долл-ға дейін көбейту көзделді. 1968-1969 жылдарға арналған бюджет жобасын даярлаған кезде кірістер мен шығыстарды есептеудің жаңа әдісі қабылданды; бұл әдіс бойынша трестирлендірілген қорларға (әлеуметтік қамсыздандыру ісіне, жол төлеміне т. б. бөлу) жататын операциялар мен несиеге берілетін қаржы операциялары есепке алынады. 1967-1968 жылдар бюджет кірістері қолданылып келген тәртіп бойынша 118,6 млрд. доллардың орнына жаңа әдіс бойынша 155,8 млрд. долл., ал 1968-1969 жылдар 135,6 млрд. доллардың орнына 178,1 млрд. долл., кірістері тиісінше: 137,2 млрд. долл-дың орнына 175,6 млрд. долл., 147,4 млрд. долл-дың орнына 186,1 млрд. долл. болып бағаланды. Бюджет тапшылығының өрши беруіне жол бермеу, инфляцияға қарсы күресу мақсатымен президент Джонсон 1968 жылы қаңтарда корпорациялар мен жеке адамдардан алынатын табыс салықтарын 10% көбейтуді конгрестен тағы да талап етті. Мемлекеттік қарызы бір жыл ішінде 4,7% ұлғайды, ал 1967 жылдың желтоқсанда 345 млрд. долл-дан асты. Қарыздың жалпы мөлшері (мемлекеттік және жеке меншік) 1966 жылдағыдан 6,3% көбейіп, 1,43 трилл. долл-ға жетті. Төлем балансының тапшылығы 1966 жылы 1,4 млрд. долл-дың орнына 1967 жылы 3,6 млрд. долл. болды. Алтын қоры бір жыл ішінде 1,1 млрд. долларға азайыи, 1967 жылы желтоқсанда 12,1 млрд. доллар болды.

Ағылшын фунт стерлингісінің девальвациялануына байланысты федеральдық резерв жүйесі банкілерінің есептеу ставкасы 1967 жылы қарашада 4%-тен 4,5%-ке дейін арттырылды. Ақша өлшемі - доллар; ол 100 центке тең.

Қарулы күштері. Конституция бойынша Жоғарғы бас қолбасшы-президент. Қарулы күштерге штабтар бастықтарының комитеті арқылы тікелей Қорғаныс министрі басшылық етеді. Армия, Соғыс-әуе күштері (СӘК), Соғыс-теңіз күштері (СТК) министліктері Қорғаныс министрлігіне бағынады. АҚШ қарулы күштерінің Европа, Аляска, Кариб теңізі, Атлантика мұхиты, Тынық мұхит аймақтарындағы 5 біріккен командованиелері. АҚШ құрлық бөлімшелерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) жөніндегі біріккен командованиесі, АҚШ қарулы күштерінің Атлантика мұхитының шығыс бөлігі аймағы мен Жерорта теңізіндегі (тек СТК) 2 арнаулы командованиесі, стратегиялық СӘК штабтар бастықтарының комитеті арқылы Қорғаныс министрлігіне бағынады. Қарулы күштері ракеталық және ядролық қарумен қаруланған.

Медициналық-санитарлық жайы. Медицина көмекті негізінен жеке меңшік дәрігерлер көрсетеді. Дәрігерлер мен ауруханалардағы төсектердің саны едәуір болғанымен, медицина көмек еңбекшілер бұқарасына қымбатқа түседі. 1950 жылдары халықтың медицина көмекке жылма-жыл өз қалтасынан жұмсайтын шығыны орта есеппен 10,2 млрд. долл. болды, ал жергілікті және федеральдық органдар 1,8 млрд. долл. жұмсайды. Медицина ақысыз көмекті муниципалитеттер мен филантропикалық ұйымдар аз мөлшерде көрсетеды. Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мүлде жоқ. Ерікті қамсыздандыру қоғамы тек өздерін қамсыздандырған адамдардың жарнасы есебінен жұмыс істейді. 1957 жылы медицина көмектің барлык түрлері бойынша 10 млн. адам қамсыздандырылды. 1957 жылы басылған мәліметтер бойынша 1 604 408 төсегі бар (1 мың адамға 9,1 төсек) 6956 емдеу мекемелері, оның ішінде 772 852 төсегі бар 586 неврологиялық және психиатриялық мекемелер, 3448 төсегі бар 78 әйелдер босанатын үй, 6296 төсегі бар 54 балалар ауруханасы болды. Емдеу мекемелерінің жалпы санынан мемлекеттік қарамағындағысы - 2233 (1 125 494 төсегі бар), қоғамдық және діни ұйымдарға қарайтыны - 3440 (427 044 төсегі бар), жеке адамдарға қарайтыны - 1283 (51 870 төсегі бар 20 600 төсегі бар (1 мың адамғң 1,4 төсек) 124 аурухана негрлерге арналған. Халыққа ауруханалық көмек (ауруханалардың бәрінде дерлік ақылы біркелкі көрсетілмейді, әсіресе селолық аудандарда аурухана өте аз 1955 жылы 218 161 дәрігер (752 адамға 1 дәрігер), 97 529 тіс дәрігері, 430 мың медициналық сестра жұмыс істеді. Елде 85 жоғары медицина оқу орны болды, олар жылына 6850-дей дәрігер даярлап шығарады.

Оқу-ағарту ісі. Штаттардың көпшілігінде 7 жастан 16 жасқа дейінгі балалар міндетті түрде оқиды. 5-6 жастағы балалар үшін бастауыш мектептердің Жанынан мектепке дейінгі балалар оқитын бір жылдық бөлімшелер ашылған. 1955-1956 оқу жылының бөлімшелерде 1365 мың бала, бастауыш мектептерде 1958-1959 оқу жылында барлығы 31 793 мын, оқушы, орта мектептерде 8880 мың оқушы, жоғары орындарында (2 жылдық төменгі колледждер мен педагогикалық оқу орындарын қосқанда) 3623 мың студент оқыды. Жоғары оқу орындарының көпшілігі адамдардың қолында: оларда оқығаны үшін төленетін ақы мемлекеттік орындарындағыдан едәуір жоғары. Ең ірі университеттер: Гарвард (1636 ж. құрылған), Иель (1701 жылы құрылған), Песильвания (1740 жылы құрылған), Принстон (1746 жылы құрылған), Нью-Йорктегі Колумбия (1754 жылы құрылған), Чикаго (1857 жылы құрылған), Калифорния (1868 жылы құрылған), Иллинойс (1867 жылы құрылған). Ең ірі кітапханалар: Вашингтондағы конгресс (10,0 млн. кітап пен кітапша, 15 млн. қолжазба) және Гарвард университетінің (6 085 761 том) кітапханалары, Нью-Йорктегі көпшілік (5 807 422 том) кітапханасы, Иель университетінің (4 623 781 том) кітапханасы. Неғұрлым белгілі музейлер: АҚШ-тың ұлттық музейі, Ұлттық өнер галереясы (Вашингтонда) Метрополитен-музей (Нью-Йоркте).

Баспасөзі, радиохабары, телевизия. Баспасөзі. АҚШ-та жалпы тиражы 60 млн-нан астам 1749 күнделікті газет, 8 136 журнал, бюллетень шығады (1969). Аса ірі газеттер: «Нью-Йорк Таймс» (1851), «Нью-Йорк геральд трибюн» (1841), «Нью-Йорк дейли ньюс» (1919), «Нью-Йорк имт» (1801), «Вашингтон пост энд Таймс геральд» (1877), «Вашингтон ньюс» (1921), «Вашингтон ивнинг стар» (1852), «Чикаго сан-Таймс» «Чикаго трибюн» (1847), «Лос-Анджелес Таймс» (1881), «Сан-Франциско кроникл» (1865) т. б.; журналдар:     «Форин афферс» (1922), «Лук» (1937), «Сатердей ивнинг пост» 1715), «Нью-суик» (1933), «Юнайтед Стэйтс ньюс энд Уорлд рипорт» (1933), «Ридерс дайджест» (1922), «Тайм» (1923), «Лайф» (1936) т. б. АҚШ-та мерзімді баспасөз қуатты баспа концерндерінің, газет трестері мен баспасөз синдикаттарының қолында. Аса ірі баспасөз бірлестіктеріне Люс, Хорс, Мак-Гроу, Скриппс-Говард, «Кроуэл-Коллер паблишинг компани». «Кертис паблишинг компани» концерңдері; Маккормик-Паттерсон, Томсон трестері т.б. жатады. Баспасөз органдарын хабармен негізінен Ассошиэйтед Пресс және Юнайтед Пресс Интернейшнл информациялық агенттіктері қамтамасыз етеді.

АҚШ-та «Дейли Уорлд» (1924), «Пиплз Уорлд» (1937), «Политикал афферс» (1921), «Нью Уорлд ревью» (1932) сияқты прогресшіл газет, журналдар шығады.

Радиохабары. АҚШ-та 1920 жылдан жұмыс істейді. Ең ірі радио бірлестіктерінің бірі - Ар-Си-Эй (Рэ-дио Корпорейшн оф Америка). Шетелдерге хабар беру ісіне АҚШ информациялық агенттігі басшылық етеді. АҚШ және кейбір батыс елдердегі американ радиостанциялары арқылы 43 тілде хабар беріледі.

Телевизиясы. Елдегі барлық телевизия Эй-Би-Си (Америкэн бродкастинг компани), Си-Би-Эс (Коламбиа бродкастинг систем), Эн-Би-Си (Нейшнл бродкастинг компани) компанияларының бақылауында.

Ғылымы мен ғылыми мекемелері. Жаратылыс және техника ғылымдары. 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында Солтүстік Американың ғылыми күштері Лондон корольдық қоғамының (1662 жылы құрылған) төңірегіне топтасты. Ол кездегі ғылыми жұмыстың негізгі мазмұны өсімдік және хайуанат дүниесінен мәліметтер жинау болды. 18 ғасырдағы ғылымның алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі В.Франклин еді. Оның электр саласындағы зерттеулері кеңінен тарады. 1727 жылы ол ғылымды ұнатушылар клубын ұйымдастырды. 1743 жылы клуб америкалық философиялық қоғамы болып өзгерді. 1775-1783 жылдардағы тәуелсіздік үшін соғыстан кейін экономиканың қарқындап дамуы жаратылыс байлықтарын зерттеуге мүмкіндік туғызып, дүниеге бірсыпыра техникалық өнертабыс әкелді: Эли Уитнидің мақта тазалайтын машинасы («джин») (1793), Р.Фультонның пароходы (1807 жылы тұңғыш рет жүрген), С.Мак-Кормиктің металл соқасы (1825), ауыл шаруашылық машиналары (30 жылдар), каунукты вулканизациялау процесі (Ч. Гудьир, 1939), В.Морзенің электромагнитті телеграф аппараты (патент, 1837), Д. Юздың әріп басатын телеграф аппараты (1855). 1937 жылы Дж. Дана минералдарды химиялық жолмен классификациялауды ұсынды. Дж. Генридің өзінен-өзі индукциялану (1832) және конденсатор разряды толқу сипатының құбылыстары (1842) жөнінде ашқан жаңалықтарының физикада зор маңызы болды. Ғылыми мекемелер мен ассоциациялар құрылды. 19 ғасырдың 70 жылдарынан бастап ірі ғылыми күштер университтердің төңірегіне топтасты. Американ физиктері Дж. Гиббс (энтропиялық диаграмма, 1873; термодинамикалық потенциалдар, 1874-1878) пен А.Майкельсон (жарықтың жылдамдығын анықтау жөнінде 1881 жылдан бастап жүргізілген зерттеу жұмыстары) едәуір табыстарға жетті т. б. Астрономия саласында С. Ньюкомның, Дж. У. Хиллдің, Э. Пикерингтің, С. Ленглидің, Г. Расселдің еңбектері жұртшылыққа белгілі. Д. Леб, Л. Бербанк т. б. биологиялық мәселелерін зерттеуге ірі үлес қосты. 20 ғасырдың 1-он жылдығында Т. Морганның тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы қалыптасты.

19 ғасырдың аяғына таман АҚШ-тың жоғары дамыған индустриялы капиталистік елге айналуы техниканың қарқындап дамуына жағдай туғызды. Бұған алдымен электротехника (Т. А. Эдисон мен Н. Тесла) саласындағы, телефонды ойлап шығару (А. Г. Белл, 1876), пневматикалық темір жол тормозы (Дж. Вестингауз, 1869) жөніндегі еңбектер т. б. жатады. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында автомобиль және самолет жасау ғылымы дами бастады. 20 ғасырдың І жартысында математиктер Б. Пирстің, Г. Биркгофтың, Дж. Нейманның, О. Вебленнің, Н. Винердің, физиктер Р. Э. Милликеннің, Р. Оппенгеймердің, К. Андерсонның, А. X. Комптонның, К. Дэвиссонның, Л. Джермердің т. б. еңбектері жұртшылыққа кеңінен белгілі болды. Атом құрылымы туралы қазіргі ұғымды дамыту үшін И. Ленгмюр мен Г. Льюис зерттеулерінің маңызы едәуір еді. АҚШ-та ірі обсерваториялар бар; оларда бірқатар маңызды зерттеулер жүргізілді (X. Шепли, Дж. Хэйл, Э. Хаббл, О. Струве т. б.). Американ ғалымдарының еңбектері электроника мен радиотехниканы (Р. Фессенден, Ли де Форест, Э. Армстронг, т. б.), синтетикалық талшықтар мен каучук алу технологиясын (Г. Ньюланд, У. Карозерс) дамытуда, техниканың басқа да көптеген саласында көрнекті роль атқарды. Биологиялық ғылымы саласында ұрықтандыру (Ф.Лилли), организмдегі гуморальдық және жуйкелік регуляция (У.Кеннон), витаминдер (Г.Эванс) мәселелері т. б. жөнінде белгілі зерттеулер бар. 20 ғасырдың 30 жылдарынап бастап АҚШ-қа келіп орналасқан европалық ғалымдар (А. Эйнштейн, Г. Бете, Э. Ферми, т. б.) американ ғылымын өркеңдетуде көрнекті роль атқарды. 50 жылдары Нобель сыйлықтарының лауреаттары - физиктер: Л. Полингтің, У. Лэмбаның, П. Куштың, У. Шоклидің, У. Братеннің, Дж. Бардиннің, Ли Чжен-Даоның, Ян Чжэнь-Ниннің, Э. Сегрэнің, О. Чемберленнің, биологтар: С. Очоаның, А. Корнбергтің, Дж. У. Бидлдің, Дж. Ледербергтің, Э. Тейтемнің еңбектері кеңінен мәлім болды.

2-дүние жүзілік соғыстан кейін ғылымды соғыс мақсатына бағындыру күшейе түсті. 1959-1960 жылдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын өрістетуге мемлекеттік бөлген 5,5 млрд. долл-дың 62%-і Қорғаныс министрлігіне, 12%-і атом энергиясы жөніндегі комиссияға, тек 6%-і жаратылыс тану саласындағы теориялық зерттеу жұмыстарына берілді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда көптеген институттары мен лабораториялары бар ірі өнеркәсіп және финанс монополиялары зор роль атқарады. Тұңғыш совет спутнигі ұшырылғаннан кейін, яғни ғылым мен техниканың бірсыпыра маңызды саласында АҚШ-тың Совет Одағынан артта қалғандығы анықталған кезде, мемлекет ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне жаппай араласты - ең алдымен соғыс техника және космосқа ұшу мәселелері жөнінде түрлі комитеттер мен мекемелер құрды. Реактивті двигательдер, ракеталар, Жердің жасанды спутниктерін, космос корабльдерін жасау, атом энергиясын пайдалану, атом двигательдері бар сүңгуір қайықтар жасау т. б. жөнінде қыруар жұмыстар істелді. Американың «Аполлон-11» кораблі (Космонавтары: М. Армстонг, Э. Олдрин, М. Коллинз) Айға қонып, жерге қайтып оралды. Кибернетикада, электронды есептеу машиналарын жасап шығару, түрлі түсті телевизия мәселелерінде елеулі табыстарға жетті. Баяулымның басқа да салалары дамып келеді. Селекция гибридтендіру, гербицид, өсімдіктердің өсуін қамтамасыз ететін заттар т. б. жөніндегі жұмыстардың (ауыл шаруашылық министрлігінің Белтствилдегі ғылыми орталығы мен басқа да ғылыми мекемелер) елдің ауыл шаруашылық үшін зор маңызы бар.

Философия. Америкадағы ағылшын отарларында «дін ілімінің қызметшісі» ретінде (Дж. Эдуардс, С. Джонсон) 18 ғасырдың 1-жартысында пайда болды да, Дж. Беркли және Кембридж платоншылдарының идеализміне негізделді. 18 ғасырдың 2-жартысындағы американ ағартушылары (Т. Джефферсон, В. Франклин, Т. Пән, И. Аллен) деистік тұрғыда қалғанымен, әлеуметтік-саяси теорияларда демократтар және революционерлер болды. Американдық ағарту философиясындағы материалистік ағымның өкілі Т.Купер т.б. болды. АҚШ-та ұлттық буржуазияның үстем болып орнығуы нәтижесінде 19 ғасырда идеалистік философия өріс алды. Бостон трансценденталистерінің (Р. У. Эмерсон) ұсақ буржуазия демократтары идеологтарының романтикалық мектебі идеалистік философияның баспалдағы болды. Шотланд мектебінің американдық версиясы (Н.Портер, Дж. Мак-Кош) ағарту ісіне ашықтан-ашық қарсы шықты. 19 ғасырдың 2-жартысында оңшыл гегельшілдікке жақын теистік және метафизикалық абсолюттік идеализмді насихаттаған және Дж. Ройстың т. б. абсолюттік идеализміне жол салып берген Сент-луис мектебі Шотланд мектебінің американдық версиясына қарсы тұрды. Американ идеализміне тән волюнтаристік жөне персоналшылдық сарындар прагматизмнен - 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында американ философиясында өте зор ықпалға ие болған философиялық ілімнен (Ч. Пирс, У. Джемс, Дж. Дьюи т. б.) неғұрлым айқын көрінді. 20 ғасырдың 2-он жылдығында АҚШ-та неореализм мен сыншыл реализм дамыды. АҚШ-тағы қазіргі философия өте ала-құла, оның мектептері империализм дәуіріндегі идеалистік философияның әр түріне жатады (логикалық позитивизм, семантикалық идеализм, операционализм, неореализм, «натурализм», феноменология, объективті идеализм, персонализм, инструментализм, неотомизм т. б.). «Натурализм» деп аталатын солшыл қанаттың жеке өкілдері (Р. Селлерс, К. Ламонт) кейбір мәселелер жөнінен реакциялық, идеалистік ағымға қарсы күресте диалектикалық материализммен одақ құрады. Марксистік философияны жақтаушылар, жағдайдың өте ауырлығына қарамастан, диалектикалық және тарихи материализмді насихаттап, зерттеп келеді.

Саяси экономия. АҚШ-тың 18 ғасырдағы экономикалық ой-пікірінің атақты өкілі - В. Франклин. Өзінің еңбектерінде ол айырбас құнға талдау жасады; бұл - тамаша ғылыми еңбек. Онан кейінгі кезеңде АҚШ-тың буржуазия саяси экономиясының басты өкілдері протекционизм теоретигі А. Гамильтон, «тап мүдделерінің жарасуы» деп аталатын реакцияшыл апологеттік теорияның авторы Г.Ч.Кэри болды. Империализм дәуірінде буржуазиялық саяси экономия барып тұрған тұрнайылық апологеттік сипат алды, яғни өзінің негізгі күшін монополиялардың мүддесін қорғауға жұмсады. Ең ақырғы (предельный) өнімділік (Дж. Б. Кларк, Т. Карвер т. б.) және институционализм мектептері пайда болды. «Халық капитализмі», «неокапитализм» («жаңа капитализм», Т. Карвер, Л. Лорвин т. б.) туралы, «ұдайы гүлденуді», халықтың барлық тобының «табыстарын теңестіруге», «өмірдің жоғарғы стандартын» қамтамасыз етуге қабілеті жететін американ капитализмінің «ерекше бөлектігі» туралы теориясымақтар, мемлекеттің экономикаға араласуы жөніндегі, капиталистік шаруашылықты «жоспарлау», «реттеу» жөніндегі кейнсшілдікке (кейнсианство) (А. Ханоен, С. Чейз т. б.) төркіндес алуан түрлі теориялар т. б. кең тарады. Монополиялардың үстемдігінен жапа шегуші ұсақ буржуазияның және орта буржуазияның кейбір топтарының өкілдері (Ф. Ландберг, У. Бердж, Д. Линп т. б.) монополиялар мен империалистік мемлекеттердің саясатын азды-көпті батылдықпен әшкерелеп отыр. АҚШ-та маркстік-лениндік теория негізінде дамып келе жатқан прогрестік экономикалық ғылым бар. Оның өкілдері: У. Фостер, Дж. Аллен, А. Рочестер, В. Перло т. б. Олар өздерінің еңбектерінде американ капитализмінің дамуына терең талдау жасап, қазіргі заманның бірсыпыра түбірлі проблемаларын зерттеп, жарыққа шығарып келеді.

Тіл білімі. АҚШ-та 19 ғасырдағы тарихи тіл білімінің өкілі - У.Д.Уитни. 20 ғасырда американ үндістерінің (индеец) жазуы жоқ тілдерін зерттеуге байланысты АҚШ-тағы тіл білімі дербес ғылымға айналды. Ф.Воуэс, Э. Сепир, М.Свадеш, Б.Уорф т.б. тілдік фактілерді тікелей жазып алу (фиксациялау) жолымен лингвистік баяндау әдістерін белгіледі. Дескриптивті (баяндау) лингвистика дейтін атпен белгілі Л. Блумфилъд мектебі (Б. Блок, З. С. Харрис, Дж. Л. Трейджер, Ю. А. Найда т. б.) тілдерді формальды түрде баяндау әдістерін белгіледі. Э. Стертевант, Р. Кент, Дж. Лейн т. б. үндіс-европалық тілдер саласында американ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен ұштастыра отырып, салыстырмалы-тарихи зерттеу әдістерін қолданды. Түрлі бағыттарға жататын американ лингвистерін қазір «информациялардың теориялары» жөніндегі әдістер, машинамен аударма жасау, математикалық лингвистика, лингвистикалық статистика т. б. мәселелер мүддесі біріктіріп отыр. Ағылшын тілінің американдық нұсқасының ерекшеліктерін зерттеу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

АҚШ-та комплексті және мамандандырылған ғылыми мекемелер мен ассоциациялар көп-ақ. Комплексті ғылым орындарының ішінде неғұрлым маңызды роль атқаратындары: Вашингтондағы Ұлттық ғылым академиясы (1863 жылы құрылған, оның жанында Ұлттық зерттеу советі бар), Смитсон институты (1846 жылы құрылған), Карнеги институты (1902 жылы құрылған), ғылымды дамытуға көмектесегін америнан ассоциациясы (1848 ж. құрылған, 200-ден астам ұйымды біріктіреді), Бостон қаласындағы Өнер мен ғылымның американдық академиясы (1779 жылы құрылған). 1959 жылы Ғылым мен техника мәселелері жөніндегі федеральдық совет құрылды; оны президенттің арнаулы көмекшісі басқарады.

Әдебиеті. 17 ғасырда АҚШ әдебиеті ағылшын тілінде дамыды. 18-19 ғасырларда ағартушы, демократ В. Франклик Т. Пэн, Т. Д. Жефферсонның әдеби творчествосы өріс алды. Тәуелсіздік жолындағы соғыс жылдарында (1775-1783) АҚШ әдебиеті публицистикалык сипатта дамыды. Оның поэзиялық тұнғыш туындыларының шығуына тәуелсіздік үшін болған күрес кезіндегі қоғамдық өрлеу себеп болды (Ф. Френ, Дж. Барлоу өлеңдері). 19 ғасырдың 1-жартысында АҚШ әдебиеті романтикалық ағымына түсті. Оның өкілдері У. Ивинг буржуазия моральға қарсы шыға отырып («Пері мен Том Уоркер»), помещиктік тұрмысты («Астория...* 1836) жырлады. Ал Дж. Ф. Купер Америкада буржуазия қатынастың қалыптасу кезеңін көрсететін тарихи романдар берді, үндіс тайпаларының апатқа ұшырауын суреттеді («Пионерлер», 1823; «Соңғы могикан», 1824 т. б.). АҚШ романтизмінің кейінгі дәуірінде кейбір жазушылардың шығармаларьшан буржуазия қоғамнан торығып түңілушілік байқалды. Негрлерді кұлдануға қарсы болған буржуазия-демократиялық қозғалыс 40-60 жылдардағы әдебиеттің дамуына әсер етті. Дж. Г. Уитьедің өлеңдері, Г. У. Лонгфеллон «Құлдық туралы жыры» (1842), «Гайават туралы жыры» (1855), Г. Бичер-Стоудың «Том ағайдың лашығы» (1852); 1950 жылы қазақшаға аударылған), «Дред» (1856), Р. Хильдреттің «Ақ құл» (1852) романдары, А.Линкольның публицистикасы жарыкқа шықты. Философ-идеалист Р. У. Эмерсоннің өлеңдерінде («Ода», 1847; «Бостон гимні» 1863) АҚШ үкіметінің антидемократиялық әрекеттерін сынады. Өмірді табиғат әуенімен жырлаушы Г. Торо да құлдыққа қарсы шықты («Уолден, немесе тоғайдағы өмір», 1854). Демократ ақын У. Уитмен қулдыққа және қанаушы капиталистерге қарсы жазылған өлеңдерінде («Шөп жапырақтары» жинағы, 1855) АҚШ халқының революциялық дәстүрлерін паш етті. АҚШ әдебиетінде азамат соғысынан кейін сыншыл реализм туды. Оның өкілі М. Твен «Том Сойердің басынан кешірген оқиғалары» (1939 жылы қазақшаға ауд.), «Гэкльберри Финнің басынан кешірген оқиғалары» т. б. шығармаларында американдардың өмірі, әлеуметтік теңсіздік пен басқыншылық саясатының иренішті көріністерін сипаттады. 20 ғасырдың басында тап қайшылығының теленісуіне байланысты АҚШ әдебиетінде сыншыл реализм қалыптасты. Оны дамытуда Ф. Норрис («Спрут» романы, 1901), Дж. Лондон («Өмірге құштарлық», 1906; 1952 жылы қазақшаға ауд. «Темір тага» романы, 1907), Т. Драйзер творчествосы зор роль атқарды. Дж. Лондоның «Темір таға», «Мартин Иден», Т.Драйзердің «Керри қарындас», «Финансист», «Алып», «Кемеңгер», «Америка трагедиясы» (1962-1963 ж., 1-2-т., қазақшаға ауд.) романдары әлем әдебиетінің алтын қорына қосылды. 20 ғасырдың басындағы АҚШ әдебиетінде Э. Синклердің «Джунгли», «Көмір королы» т. б. романдары, Э. Генридің тамаша әңгімелері елеулі құбылыс болды. «Дүниені дүр сілкіндірген он күн» (1967 жылы қазақшаға аударылған) атты кітабымен Ұлы революциясының жеңісін жырлаған Дж. Рид творчествосының ерекше мәні бар. Э. Хемингуэйдің «Фиеста», «Қош бол, қару!», У. Фолкнердің «Солдат наградасы» романдарынан соғысқа қарсы халық бұқарасының көңіл күйі айқын көрінеді. АҚШ-тың қазіргі жазушылары А. Мальц, Л. Хьюз өздерінің реалистік шығармаларында реакцияға қарсы үн көтерген күрескерлер бейнесін, негрлердің ауыр халін шебер бейнеледі. 30 жылдардың елеулі туындысы - Дж. Э. Стейнбектің «Кернеген кек» романы. Онда жерін тартып алған капиталистерге қарсы шаруалардың наразылығы бейнеленген. 1-дүние жүзілік соғыстан кейін билеуші топтар прогресшіл әдебиет пен өнерге қарсы өшпенділігін күшейтті. Алайда АҚШ-тың прогресшіл әдебиеті өркен жайып келеді. А. Миллердің, М. Уилсонның, Э. Колдуэлдің, Ф. Боноскидің т б. жазушылардың таңдаулы туындылары оған айғақ.

Қара нәсілдердің әдебиеті - АҚШ әдебиетінің бір саласы. Оның 18-19 ғасырдағы көрнекті өкілдері: Ф. Уитли, Б. Баннеккер, Ф. Дуглас, Д. Уокер, Г. Гарнет, Дж. Уитфилд. Азамат соғысынан кейін демократиялық проза туды (Ч. Чеснат). 19-20 ғасырларда жазушы Б. Вашингтон, аса көрнекті қоғам қайраткері, жазушы У.Э.Дюбуа шықты («Күміс бөрте» романы, 1911). Р. Райт прогресшіл жазушылар қатарында болып, кейін реакция жағына шығып кетті. С. Браун, К. Куллен, А. Бонтемпс, Э. Херндон, Ш. Грэхем, Л. Браун, Л. Хьюз - прогресшіл бағыттағы ақын, жазушылар.

Архитектурасы. Европалықтар отарлағанға дейін АҚШ жерінде үндістердің құрылыстары болатын. Отаршылар мұнда 17-18 ғасырдағы Европа архитектурасының қарапайым ұстамды түрлерін (ағаштан қиылған, тастан қаланған тұрғын үйлер, қоғамдық орындар, шіркеулер) әкелді, сөйтіп, голландтар мен ағылшындар елдің солтүстігіне, француздар Миссисипи өзені алабына, испандар оңтүстігіне орналасты. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында қалалар (Нью-Йорк, Филадельфия, Бостон т.б.) өсе бастады, оларда құрылыс үнемі жоспар бойынша салынды, Вашингтонның архитекторы П.Ш.Ланфан болды. Құрылыстағы классицизм стилінің ұлттық үлгісі туып, сырт бейнесі қарапайымдылығымен көзге түсті (арх. Дж. Хобан, Т. Джефферсон, Ч. Булфинч, Б. Латроб). 19 ғасырдың 20-50 жылдарында капитализмнің қауырт өркендеуіне байланысты қалалар жедел өсті де, ондағы әлеуметтік қайшылықтар шиеленісе берді. Бұл кезеңде классицизм ығыстырылып, өткен заманның стиліне эклектикалық еліктеу және құрылысты орасан зор етіп салуға, жалт етпе әсерлілікке ұмтылушылық кең орын алды (арх. Т. Уолтер, Р. Милс, У. Стрикленд). Азамат соғысынан кейін, 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында, инженерлік техника мен өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс экономикасында қол жеткен үлкен табыстармен қатар үйлерді безендірудегі сырттай әсемдік пен аклектикаға бой ұру сарыны кездесті. Бұл кезеңнің ірі құрылысшылары (Дж. және У. Реблингтер, Р. Хант, Г. Бакон, Ч. Ф. Мак-Ким, Ч. Атвуд) ішінен роман стилінің қарапайым да сұсты түрін қолданған Г. Риардсон мен әсіресе болат каркасты конструкцияны батыл қолданған және эклектиканы аттап өтіп, жаңа техникамен органикалық байланыстағы архитектуралық шешім табуға ұмтылған Л. Салливен айрықша көзге түсті. Техникалық прогресс пен жер бағасының қымбаттауы 19 ғасырдың аяғында Ныо-Йорк, Чикаго, Сан-Франциско сияқты қалаларда аспанмен тілдескен зәулім биік үйлерді жаппай салуға әкеліп соқты. Мұндай үйлер көшені күн түспейтін қара көлеңке, тар шатқал тәрізді етті. 20 ғасырдың ортасына таман АҚШ архитектурадағы жаңа ағымның ірі орталығына айналды, оған Европа елдерінен барған мамандар (В. Гропиус, Л. Мис ван дер Роэ, Э. Сааринен, А. Аалто, Р. Нейтра) елеулі үлес қосты. Құрылысты индустрияландыру, техникалық прогресс, жаңа материалдар мен конструкция, көптеген қала құрылысы проблемаларын шешу, өнеркәсіп, транспорттық құрылыстар типін жасау саласында АҚШ көптеген бағалы жаңалықтар тапты. АҚШ-та функционализм (зәулім үйлер салушы арх. Р.Шрив, У.Харрисон, Р.Худ т.б.) және негізінен табиғатына, жергілікті жағдайына сәйкестендіріп, шағын тұрғын үйлер салудың жобасымен шұғыдданатын органикалық архитектура деген ағым осында туып (американың ірі арх. Ф. Л. Райт, X. Харрис, В. де Марс) кең тарады. Қалалардың стихиялы түрде жедел өсуі және әлеуметтік қайшылықтардың барған сайын шиеленісуі салдарынан американ архитекторларының (кейде ойдан шығарылған формалистік сипатқа бой ұрғанына қарамастан) батыл ізденістері, қала аудандарының радикалдық конструкйиясын жасау жолы қиындай түсуде.

Бейнелеу өнері. Ерте заманнан бастап АҚШ жерінде үндіс өнері дамыған. Отарлау кезінде қарапайым, бірақ шындықты бейнелейтін портрет өнері туды да, 18 ғасырдың ортасында ол қажетті сипатын айқын да ашық бере алатын профессионалдық шеберлік дәрежесіне көтерілді (Р. Фик, Дж. Копли, Б. Уэст). Тәуелсіздік жолындағы соғыс 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында АҚШ өнерінде өрлеу туғызды (реалистік портрет авторлары Г. Стюарт, Ч. Пил, Т. Салли, тарихи тақырыпты бейнелеген суретші, баталист Дж. Трамбалл). 19 ғасырдың 1-жартысында әлемішке, сыртқы әшекейге толы ресми сурет өнерімен (У. Олстон, С. Морзе) және Гудзон өзені мектебі деп аталған романтикалық пейзажбен (Т. Кол, Т. Даути, А. Дьюранд) қатар қарапайым, шыншыл реалистік өнер дамыды (Дж. К. Бингем, У. Маунт, анималист Дж. Одюбон). 1861-1865 жылдардағы азамат соғысына байланысты демократиялық қоғамдық күштердің өріс алуы халық емірін жырлаған АҚШ-тың ең ірі реалист мүсінші, суретшілерінің тууына жол ашты (У. Гомер, Т. Икинс, Дж. Уиетлер, О. Сент-Годенс). Суретшілер У. М. Хант, Ф. Дувенск, Дж. Сарджент елеулі реалистік портреттер жасады; реалистік жанрлық бейнелеу өнерін дамытуда И. Джонсон, Т. Ховенден, М. Кэссетт, пейзаж жанрын дамытуда Дж. Иннесс, Дж. Кенсетт маңызды роль атқарды. Алайда шындықтан алшақ салондық өнер басым болды. 19 ғасырдың аяғына таман күңгірт фантастикаға толы символизм (А.Райдер) мен стилизаторлық ағым туды. Жаңа тақырып, жаңа бейнелеу тәсілдерін іздеп, реалистік дәстүрді алға апарушылар 20 ғасырдың басында Р.Генри, Дж. Беллоуз, Дж. Лакс, Дж. Слоун, Э. Хоппер, график Дж. Пеннелл, мүсінші Дж. Барнард болды. 1947 жылдан кейін прогресшіл баспасөз, әсіресе коммунистік баспасөзбен байланысты айбынды саяси графика туды (Р. Майнор, Ф. Эллис, У. Гроппер). Алайда АҚШ-та көркемсурет саласында формалистік ағымдардың өкілдері (Дж. Марин, Л. Фейнингер, А. Дов), оның ішінде Европа елдерінен шыққан суретшілер барған сайын белсенді роль атқарды. 30-50 жылдарда АҚШ сюрреализмнің (И. Танги, М. Рай, Дж. О’Киф) және абстракционизмнің (М.Тоби, Дж. Поллок, У. де Конинг) орталығына айналды. Оларды капиталистер мен буржуазия баспасөз қолдап отырды. Буржуазия «Америка өмірі бейнесінің» жалған мызғымастығын дәріптейтін суретшілерді (Г. Вуд, Т. Бентон, Дж. Кэрри) үкімет ресми түрде қолдайды. АҚШ-тың қазіргі бейнелеу өнеріндегі реалистік бағыттың өкілдері - аязды солтүстіктің пейзажын бейнелеушілер мен ірі график Р. Кент, мүсіншілер Дж. Эпстайн, У. Зорах, графиктер мен суретшілер Ч. Уайт, Б. Шан, А. Рефреджьер, Э. Уайет. Бұлардың шығармаларына да шарттылық тән.

Музыкасы. АҚШ музыкасы 18 ғасырдың 2-жартысында түрлі ұлттар мәдениетінің тоғысуы негізінде туып, қалыптаса бастады. Америкаға алғаш қоныстанушылар Европа музыкасының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрін ала келді. Жаңа жерді игерушілердің іс-әрекеті, күрес-тартысы негрлер мен креолдардың, ара-тура үндістердің музыкалық фольклорының қайнаған ортасында өтіп жатты. Әсіресе негрлердің ән творчествосы, шіркеу гимндері (спиричуэл) мен Миссисипи жағалауының лирикалың әндері (блюз) кең тарады. Алайда ағылшын шіркеуінің дін иелері «тіршілік өндері» мен билерінің орнына псалмдардың орындалуын талап етті. Бірақ бұл ұзаққа барған жоң. 18 ғасырда мұнда европалықтар көбейіп, дүниелік-өмірлік музыка, европалық музыкалық аспаптары кең өріс алады. 1775-1783 жылдардағы тәуелсіздік соғысы кезінде музыкалық жанр мол дамиды. Американың тұңғыш композиторы Ф. Гопкинсон мен У. Биллингстің қайраткерлік ісі де осы кезеңде басталады. Америка музыкасындағы ұлттық стильдің қалыптасуында «минстрелдер театры» (кезбе артистер театры) үлкен роль атқарады. Олар ағылшын-кельт халық балладалары мен қала әндерін орындай отырып, оны негр ән-би фольклорының әуенырғағымен байыта түсті. Европа композиторлары мен музыканттарының келуіне байланысты 19 ғасырдың 2-жартысында американ музыкасы жан-жақты дамиды. Творчестволық өмірі Веймар мектебінің романтикалық эстетикасында шыңдалған Э. Мак-Доуэлл АҚШ профессионалдық музыкасы мектебінің негізін салады. 20 ғасырдың алғашқы он жылында американ музыкасында әр алуан ағымдардың әсері, тоғысуы байқалды. Бұл кезде А. Копленд, Р. Гаррис, У. Пистон, В. Томсон сияқты композиторлар шықты. Дүниелік музыканың ең көп тараған түрі - джаз. Бұл жанрда Л. Армстронг, Б. Гудман, Э. (Дюк) Эллингтон, Э. Берлин сияқты композиторлар еңбек етті. Американ музыкасының мақтанышы, шын мәніндегі халық композиторы - Дж. Гершвин болды. Ол өз творчествосын Африка-Америка фольклорымен байыта, джаз стиліне түсіре отырып, Американ музыкасына үлкен жаңалық енгізді («Блюз тонындағы рапсодия», «Порги мен Бесс» операсы). Россиядан барған М. Эльман, Е. Цимбалист, С. Кусевицкий, Я. Хейфец, С. Рахманинов, Р. Левина сияқты атақты музыканттар американ музыкасына үлкен үлес қосты. Л. Бернстайн, С. Барбер, А. Копленд, Дж.Менотти, Э. Сигмейстер сияқты композиторлар, Ю. Орманди, Л. Стоковский сынды дирижерлер, Дж. Браунинг, В. Клайберн, И. Менухин, И. Стерн сияқты пианистер мен скрипкашылар, М. Андерсон, П. Робсон, Л. Тибетт, Л. Уоррен сияқты атақты әншілер - қазіргі американ музыкалық өнерінің мақтанышы. АҚШ-та «Метрополитен-опера», «Сити-опера» театрлары (Нью-Йорк), көптеген симфония оркестрі жұмыс істейді. Музыкалық білім беру университтердің музыка факультеттері арқылы жүзеге асады. Студентгік оркестрлер, хор, камералық ансамбльдердің өнері кең танылған. АҚШ-та музыкалық фестивальдар өткізетін түрлі музыкалық қоғамдар, ассоциациялар бар.

Театры. 1751 жылы Нью-Йоркте ағылшын Л.Халлемнің жетекшілігімен АҚШ-тағы алғашқы профессионалдық театр труппасы ұйымдастырылды. Американдықтардың Англиядан тәуелсіздік алу үшін жүргізген соғысына (1775-1783) дейін Солтүстік Американың театр өнері ағылшындардың ықпалында болды. 1785 жылы Л. Халлемнің (кішісі) басшылығымен Нью-Йорк қаласында тұңғыш профессионалдық театр ашылды. Американың алғашқы драматургтары 18 ғасырда У. Данлап, М. О. Уоррен, Р. Тайлер, Р. Берд, Д. Стоун болды. 19 ғасырдың басында АҚШ-тың көптеген қалаларында тұрақты театрлар ұйымдастырылды. 19 ғасырдағы ірі актерлері: Э. Форрест, А. Олдридж, Дж. Джефферсон, Э. Бутс. 1896 жылы Нью-Йоркте «Театр синдикаты» ұйымдасты. Бұл Бродвей көшесіндегі коммерциялық театрлар деп аталатын театрлардың бастамасы болды. Олардың репертуары көбінесе музыкалық ревю мен шолулардан тұрады. 20 ғасырдын басында режиссер Д. Беласконың бастауымен туған театр қозғалысы Бродвей театрларының жай ғана көңіл көтеруге арналған спектакльдеріне қарсы шықты. «Кішкене» немесе «репертуарлық» театрлар Беласконың инициативасын ілгері дамытты. Олардын ішінде «Гилд» театры (1919 жылы құрылған), Е.Ле Гальенн басқарған «Азаматтық репертуарлы театр» (1926-1933) т. б. болды. Москва Көркем театрының 1923-1924 жылдардағы гастролі актерлік өнердегі реалистік тенденцияның қалыптасуына, репертуарларына А. П. Чехов пьесаларынын енуіне әсер етті. Бұл кездің ірі актерлері Дж. Бенами, Л.Хоуард, Е. Ле Гальенн, Барримор әулеті болатын 30 жылдарда реалистік тенденция одан әрі дами түсті. Станиславский жүйесін қолдаған реж. Г. Клермен бастаған «Групп» театрының (1931-1940) улкен маңызы болды. Оның репертуарына К. Одетс, Э. Райс, Дж. X. Лоусон т. б. пьесалары кірді. 1932 жылы «Юнион» театры ұйымдасып, озат драматургиялық шығармаларды кең тарата бастады. 30-40 жылдардың көрнекті актерлері К. Корнелл, П. Муни, Л. Адлер, Б. Мередит еді.

АҚШ-та қара нәсілдердің театрлары айрықша орын алады. Олардың ішінде «Лагайетт» және «Достасушылық» театрлары 20-30 жылдарда атаққа ілікті. 1950 жылы «Юнити» қара нәсілдер театры ұйымдастырылды. Қара нәсілдердің тұрмысы жанында П. Питерс пен Дж. Скляр, Дж Гоу мен А. Д’Юссо, Г. Тәнк пен У. Дюбуа бірнеше пьеса жазды.

30-40 жылдарда Ю. О’Нейл, Т. Уильямс, М. Андерсон, У. Сароян т. б. драматургтардың даңқы шықты, бірақ бұлардың творчествосына идеялық - қашылықтар мен күйреу, торығу тенденциясы тән болатын. Л. Хелманның буржуазия қоғамды сынау тұрғысынан бейнелеген шығармалары осы кезеңде жазылды. 40 жылдардың аяғында драматург А. Миллер көзге түсті; ол   өз пьесаларында гуманизмді, «кішкентай» адамның правосын қорғау тақырыбын көтерді. 50 жылдарда У. Инджаның психологиялық драмалары шықты. Американың көрнекті режиссерлері М.Казан, М.Уэбстер, X. Клермес репертуарлы театрда жұмыс істеді. Америка театр өмірінің орталығы - Нью-Йорк; онда Бродвей коммерциялы театрлары мен «кіші» театрлардың дәстүрін сақтап келе жатқан «Off Broadway» театр тобы жұмыс істейді. Мұнда Инджа, Миллердің пьесалары, Батыс Европа драматургтарының (Б. Брехт т. б.) шығармалары қойылады. Бұл театрлардың актерлері ішінде Д. Робертс, Р. Харрис, Д. Уинард, Р. Престон бар. Соңғы кездерде Бродвейден тысқарғы деп аталатын театрлардың беделі күшейді. Бұлар АҚШ-тағы саяси және әлеуметтік құрылыс пен тәртіпке қызу қарсылық білдірудің орталығына айналды. Мұнда қойылған «Макберд» пъесасы (1967) қатты талас туғызды. Пъеса авторы «Жаңа солшылдар» саяси ағымына жақын жүретін 25 жасар қыз Б. Гарсон «Макбетке» пародия түрінше жазған осы туындысында Дж. Кеннедидің өліміне байланысты Джонсонның қылықтарын ажуалады. Бродвейден тысқары театрдың тағы бір спектаклі «Ура, Америка» - механикаланған американ цивилизациясының қаталдығын сынайды. М. Теридің «Вьет Рок» пьесасы Вьетнам соғысына қарсы жазылған.

АҚШ-тың барлық театрлары жеке меншікте. Репертуарлы театрлардың бірсыпырасы абонементтік жарна қаржысына сүйеніп, өмір сүреді. Кейбір театрлар финанс жағынан таршылыққа ұшыраса, енді біреулері жаңадан ашылып жатады. АҚШ университтерінің де театрлары бар. Олар көбінесе классикалық пьесаларды қояды.

Киносы. АҚШ-та фильмдер шығару 1896 жылы басталды. Көптеген (комедиялық, тұрмыс-салттық, қылмыстық) фильмдердің сюжеті газеттерден және эстрада театрларының репертуарларынан алынды. Алғашқы фильмдердің ішінде «Поезд тонау» және «Клептоманка» (реж. Э. Портер) бар еді (1903, 1906). 1909 жылы Голливудта кино түсіру жұмысы қолға алынып, фильмдердің көркемдік дәрежесі арта бастады. Бұл кезде Д. У. Гриффит кино өнеріндегі көркемдеу құралдарын, әдіс-тәсілдерін (кинокадрлардың құрастыруын, композициясын) жасап жатқан. Мак-Сеннеттің творчествосы эксцентрикалық комедия жанрының қалыптасуына ықпал жасады. Ірі актерлер М. Пикфорд, Л. Гиш т. б. өз өнерімен көзге түсті. 1915 жылдан Ч. Чаплиннің атағы шықты. 1916 жылы Т. Инстің «Цивилизация», Гриффиттің «Төзбеушілік» фильмдері қойылды. Бұларда милитаризм сынға алынды, бірақ оның сыр-сипатын түгел аша алмады. Енді «ковбой» фильмдерінің жанры дами бастады. АҚШ фильмдері Францияның, Италияның т. б. елдердің рыноктарында да үстемдік ете бастады. 20 жылдарда кино жасаудың стандарттық системасы қалыптасты. Салондық махаббат драмалары (С. де Миллдің «Төсек жаңғыртудың керегі не?»), экзотикалық фильмдер (Р.Уолштың «Багдат ұрысы»), комедиялық және шырғалақ оқиғаларға құрылған (Г.Ллойд, Б.Китон т. б. қатысқан) кинокартиналар үлкен орын алды. Бұл кезеңде кинодағы реалистік бағытты дамытқан Ч. Чаплин, реж. Э. Штрогейм, К. Видор, Р. Флаэрти болды.

1926 жылы тұңғыш дыбысты кинопрограмма шықты, ал 1928 жылдан бастап Америка кинолары дыбысты фильмдер болды. Экономикалық дағдарыс (1929-1930) тұсында, көбінесе махаббат мелодрамалары, музыкалық және гансгтерлер жайлы фильмдер, сондай-ақ жан түршіктірер «сұмдықтар» фильмдері шығарылды. Сонымен бірге американ киносында сыншылдық тенденция күшейе түсті. М. Ле Ройдың «Мен қашқын каторжникпін» (1932) фильмі түрме режимін әшкереледі, А.Майоның «Қара легионы» (1936) фашизмге қарсы қойылды. Ч. Чаплиннің, режиссерлер Дж. Фордтың, У. Уайлердің, Ф. Капраның творчествосы өсіп жетілген кезең туды. 30 жылдардың 2-жартысында американ киносында прогресшіл документті кино өнерінің мектебі қалыптасты (П. Стренд, П. Лоренц т. б.). Жаңа форма табу жолындағы іздеулер О. Уэллестің «Азамат Кеин» (1941) фильмінде көрінді. 1941 жылы АҚШ 2-дүние жүзілік соғысқа кіргеннен кейін соғыс тақырыбына арналған көптеген детектив фильмдер шығарылды. Форд, Уайлер, Капра документті фильмдер түсірді. Л. Майлстоунның антифашистік «Темір қазық жұлдызы» (1943), Ф. Циннеманның «Жетінші крест» (1944) фильмдері қойылды. Соғыс аяқталғаннан кейін реакциялық тенденциялар кең тарай бастады, киноның прогресшіл қайраткерлері құғындалды, қылмыс тақырыбына, милитаризмді дәріптеуге арналған фильмдер басым болды, халықтық демократия елдері мен СССР-ге жала жабатын фильмдер, фрейдистік картиналар (реж. Э. Казан) шықты. Басқа елдермен бірлесіп фильм жасау тәжірибесі де жүзеге асырылды («Соғыс және бейбітшілік», Италиямен бірге, 1956). 1952 жылдан бастап кең экранды фильмдер шығарылды. Американ кинематографиясында прогресшіл бағыттың туындысы - Г. Биберманның «Жердің нәрі» (1953) фильмі. Американың таңдаулы фильмдері Д. Манның «Мартин» (1954), Р. Брукстың «Мектеп жыңғылы» (1955), Д. Тередештің «Дауыл орталығы» (1956), М. Риттің «Қала шеті» (1957), С. Кабриктің «Даңқ жолдары» (1958) болды. Көрнекті киноактерлері:М. Брандо, М. Монро, Г. Пек, О. Хепберн, У. Холден.

Американ режиссері Ф. Циннеман түсірген (1967) «Адам - барлық заманға» атты ағылшын фильмі жақсы аталды. Реж. А. Пени түсірген «Бони мен Клайд» (1967) заман бейнесін шынайы көрсетті. 60 жылдардың ең көрнекті артистері ішінде Элизабет Тейлор, Вирджи Скофилд бар.

Әдеб.: Марко К. Гражданская война в Северной Америке. Маркс К. и Энгельс Ф. Соч., т. 12, ч. 2, М., 1934; его же, Гражданская война в Соединенных Штатах, там же; его же, Президенту Соединенных Штатов Америки Аврааму Линкольну, там же, т. 13, ч. 1, М., 1936; Энгельс Ф. Уроки Американской войны. там же, т. 12, ч. 2, М., 1934; его же, О концентрации капитала в Соединенных Штатах, там же, т. 15, М., 1936; Ленин В. И. Американ жұмысшыларының табыстары. Шығ., 18-т.; сонікі, Америкадағы президент сайлауының қорытындысы мен маңызы, бұл да сонда; сонікі, Орыстар мен негрлер, бұл да сонда; сонікі, Тер сығып алудың «ғылыми» системасы, бұл да сонда; сонікі, Американ жұмысшыларына хат. Шығ., 28-т.; сонікі, Егіншілікте капитализмнің даму заңдары туралы жаңа мәліметтер, Американың Құрама Штаттарындағы капитализм және егіншілік, Шығ., 22-т., 1-бөл.; сонікі, Империализм - капитализмнің жоғарғы сатысы, бұл да сонда; Фостер У. Очерк политической истории Америки. пер. с англ., 2изд., М., 1955; егоже, Негритянский народ в истории Америки. пер. с англ., М., 1955; Деннис Ю. Статьи и речи (1947-1951), пер. с англ., М., 1952; Ефимов А. К истории капитализма в США. М., 1934, его же, Очерки истории США. От открытия Америки до окончания гражданской войны. 2 изд., М., 1958; Зубок Л. И. Очерки истории США (1877-1918). М., 1956; Перло В. Американский империализм, пер. с англ. М., 1951; его же, Империя финансовых магнатов, пер. с англ., М., 1958; Рочестер А., Американский капитализм 1607-1800 гг., пер. с англ., М., 1950; Фонер Ф. История рабочего движения в США. т. 1. От колониальных времен до 80-х гг. XIX в., пер. с англ., М., 1949; его же, История рабочего движения в США, т. 2. От создания Американской федерации труда до возникновения американского империализма. пер. с англ., М., 1958.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-09-03 14:06:34     Қаралды-10195

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »