UF

ШАШ КҮТІМІ

Категориясы: Сән


Әдемі жылтыраған шаш әйелдің сәнін келтіріп қана қоймайды, оның денінің сау екендігінің де куәсі. Өкінішке орай, біздің көпшілігіміз шаш күтіміне аз көңіл аударамыз. Көбінесе шаштаразға барумен немесе шашымызға бигуди салумен ғана шектейміз. Шашты жас кезден бастап мұқият күту керек.

Шашты дұрыс күтудің негізі - оны таза ұстау. Кірлеген шаш тек ұсқынды бұзып қоймай, әртүрлі аурулардың пайда болуына себепші болуы да мүмкін. Өйткені терінің үстіңгі қабатының кішкене болса да зақымдануы бактериялардың енуіне мүмкіндік туғызуы ықтимал. Күнделікті тарақпен немесе щеткамен шашты тарау - шаш күтімінің міндетті шарты. Ол бас терісі қан айналымының жақсаруына, май бездері секретінің бөлініп шығып, шаштың ұзына бойына бірқалыпты таралуына мүмкіндік туғызады. Ұйысқан шашты жұлмай тарау үшін сирек тарақ пайдалану керек. Жиі тісті тарақты қажетті жағдайда, мысалы, қайызғақты тазарту үшін қолданады. Темір тарақ шашты жұлып, теріні тітіркендіреді. Щеткамен шаштың түбінен бастап ұшына дейін екі бағытта күніне екі рет тараған жөн. Ұзын шашты қатарынан екі щеткамен тарауға да болады. Бұған қылды щетка қолайлы. Темір щеткалар сияқты сым щеткаларды пайдалануға болмайды. Пайдаланған соң, тарақ пен щетканы тазартып, аптасына бір рет сабынды сумен немесе мүсәтір ерітіндісімен жуады (1 литр суға 1 ас қасық мүсәтір спирті).

Шашты жуу мен кептіру. Шашты кез келген нәрсемен жуа салуға болмайды. Бас жуатын судың жұмсақ немесе жылы болғаны жөн. Тұзды су шашты сірестіріп, ашпай тастайды. Сондықтан ондай суды косметикалық бура қосып жұмсарту керек.

Басты жуа білудің де мәні аз емес. Егер шашым әдемі болсын десеңіз, бастың терісін мұқият жуу қажет. Және бас жуатын сабынды немесе сұйық сабынды (шампунь) пайдаланғанда шашты ұйпалақтап, шатыстырмай, біркелкі жууды ескерген жөн, өйткені шашты тарағанда уыс-уыс болып жұлынып кетуі мүмкін.

Шашты дұрыс кептіре білудің де өзіндік мәні бар. Ең пайдалысы шашты жылытылған орамалға орап кептіру. Шашты газдың немесе электр плитасының табына кептіруге болмайды. Егер шашыңызды шаштаразда жусаңыз, ыстық фенмен тез, асығыс кептірілгеннен гөрі салқын феннің астында ұзағырақ отырып кептіргеніңіз пайдалы. Шашты күн көзіне кептіргіңіз келсе, басыңызға орамал салып алғаныңыз жөн.

Құрғақ шаш опырылып сынғыш, түскіш келеді. Мұндай жағдайда, біріншіден, шашты құрғатып жіберетін заттар мен процедуралардан (шашты бояу, түссіздендіру, бұйралау, ашық күннің астында жалаңбас жүру т.б.) аулақ болу керек.

Екіншіден, құрғақ шашты мейлінше қоректендіру шараларын жасау қажет. Құрғақ шашты 10-14 күнде бір жуады.

Майлы шаш жуғаннан соң 2-3 күн өткенен кейін өзінің үлпілдеген жұмсақтығын жоғалтады. Ол жабысқақ, желімделген сүңгілер секілді болып қалады. Бұл теріде болатын ауру, яки май бездерінің артық секреция бөлінуінен болатын жәйттер. Кейде адамның басында майлы немесе құрғақ қайызғақ пайда болады. Майлы шаштарда май бездері секрециясының күшеюіне қарамастан 15-17 жаста-ақ шаш түсе бастауы мүмкін. Бұған қалай болса солай немқұрайдылықпен қарау, шаштың ерте сиреуіне әкеліп соқтырады. Майлы шашты 2-4 күнде жуып отырады, ол үшін емдік қасиеті бар күкіртті, қарамайлы сабын, сыра сұйық сабынын және басқаларды пайдаланған жөн.

  Жарияланған-2024-02-29 10:57:37     Қаралды-166

Мәлімет сізге көмек берді ма

БЕС САЛАЛЫ САСЫҚ ШӨП

...

Бес салалы сасық шөп – биіктіғі 1,5 метрге жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ АЙМАҚТЫҚ-ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

...

Казақ хандығының аймақтық-әкімшілік құрылымының негізі жүздер болып табылады. Жүздер тайпалық-рулық бірлестіктерден тұрды. Қазақ халқы, негізінен, XV-XVI ғасырларда қалыптасқан Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзден құралды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАС ЖЕМІС НЕМЕСЕ ЖИДЕК АРАЛАСТЫРЫП ШАЙҚАЛҒАН ҚАЙМАҚ

...

Рецептіде көрсетілген жемістер жақсылап жуылып, үстіне шайқалған кілегей құйылады. Дастарқанға қант ұлпасы қоса әкелінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨГЕЙШӨП – ШАШҚА ЖАҒЫМДЫ

...

Өгейшөптің жапырақтары тер шығарады, қабынуға қарсы әсер етеді, қақырық түсіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҰЗДАЛҒАН БАДАМ

...

Бұл - тұз себіліп қуырылған бадам. Бір килограмын жасауға 902,4 грамм бадам, 270,7 грамм тұз жұмсалады. Осындай рецептімен бадам орнына жер жаңғағы мен өрік дәндері алынып, тұз қосылып қуырылған тағамдар да жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »