ЕЖЕЛГІ ҮРГЕНІШ
Категориясы: Тарих
ЕЖЕЛГІ ҮРГЕНІШ, Ғургандж, Джурджанийя - Хорезмнің солтүстігіндегі көне қаланың орны. Амударияның сол жағасында. Қаланың сілемдері қазіргі көне Үргеніш қаласының (Қарақалпақстан) шетінде жатыр. Аумағы 400 га. Арабша деректерде тұңғыш рет 8 ғасырдың басынан бастап аталады. Алайда ғалымдар қала өмірінің басын б. з. 1 ғасырына жатқызады.
10 ғасырда жазған араб географтарының (Ибн Хордадбек, Макдиси) айтуынша, Үргеніш бүкіл Хорезмде көлемі жағынан екінші қала болған. Қала айнала бекініс іргелерімен қоршалған. Қалаға кіретін төрт қақпа болған. Ежелгі Үргеніш архитектуралық өнерінің ескерткіштеріне бай. Олар: Төребек ханым, Шереф шейх, Фахраддин Рази мавзолейлері мен Үргеніш мұнарасы. Бұлардың ішіндегі ерекше көркемі - Мамун ибн Мұхамед әмірдің сарайы. Тегінде Ежелгі Үргеніштің қақпалары - сәнділігі жағынан Орта Азияда теңдесі жоқ құрылыстар. Қала әсіресе 12-13 ғасырларда қарқындап өскен. Орта ғасыр географы Якуттың жазуынша, Ежелгі Үргеніш өзі көрген барлық қалалардан әсем және бай екен.
Ежелгі Үргенішті Жошы мен Шағатай әскері едәуір қиратты. 1224 жылы Жошы ұлысына кірді. Алтын Орда құрылған соң ол осы мемлекеттің құрамында болды. 13-14 ғасырларда біршама қайта көркейді. 1388 жылы Ақсаң Темір қаланы талқандады. Ежелгі Үргеніштегі өмір 17 ғасырда біржола өшті.
1952 жылы Хорезм археологиялық және этнографиялық экспедициясы зерттеді. Қазба жұмысы кезінде қыш құмыралар, теңгелер, алуан түрлі әшекей заттар т.б. табылды. Үргеніш халқы отырықшы болып, қолөнері мен архитектуралық өнерін мықтап дамытқан. Металдан бұйымдар жасап, теңге құя білген.
Жарияланған-2019-09-09 17:04:22 Қаралды-2847
ДЕКОРАЦИЯ

Сәнді киінген Золушка мәрмәр баспалдақпен өкпесі өшіп жүгіріп келеді. Түн ортасы болып, қайырымды сиқыршының сиқыры тарап кетпей тұрып үйіне жетіп алмақ. Туфлиінің түсіп қалғаны да ештеңе емес, тек тезірек үйіне жетсе екен!
ТӘУЕКЕЛ ХАН

Тәуекел хан (т.ж.б. - 1598 ж.) Қазақ хандығын құрушы Жәнібек ханның ұрпағы болып келеді. Ол - Хақназар ханнан соң аз ғана уақыт хан болған Шығай ханның ұлы. Тәуекел он жылдан астам (1586-98 жж.) хан тағында отырды. Оның билігі кезінде Қазақ хандығы Сібір
ЭЙЕРКИХЕЛАХ

Бөлке жасалатын қамырдан қиғаш төрт бұрышталып пісіріліп, жұмыртқаның сары уызы жағылған тағам осылай аталады.
БАРЕЛЬЕФ

МҮСІН өнерінің бір түрін рельеф деп атайды. Оған бір тегіс аядан бөліне шығып тұратын бедерлі мүсіндер жатады. Рельефтің екі түрі болады.
ТӘТТІМБЕТ

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) - шертпе күйдің негізін қалаған классик күйші-сазгер. Ол Қарағанды облысындағы Мыржық тауының бойында дүниеге келген. Ол жастайынан өнерлі ортада өскен. Оның ата-бабаларының ішінде кемеңгер билер, ақылды шешендер, қалжыңқ