UF

ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


Желкенді кемемен жүзу өнерін дүниежүзіне паш еткен саяхатшылар арасында екі есім ерекше аталады. Олар: Тур Хейердал мен Френсис Чечестер. Желкенді қайықпен жүзу өнерін бірінші меңгерген ел - Англия (1661 жыл). Ең бірінші желкенді «Яхта» деп аталатын қайық Голландия елінде жасалыныпты. Польшалық капитан В.Гловацкийдың «Желкеннің қызықты әлемі» деген кітабында бұл өнердің қыр-сыры егжей-тегжейлі баяндалады.

Желкенді қайықпен еларалық байланысқа 1601 жылы ең бірінші болып шыққан голландиялық дәрігер Генри де Вогт деген адам болған деген тарихи дерек бар. Ол Голландиадан Англияға жол сапарына шығыпты.

Желкенді Яхта қайығымен халықаралық жарыс 1891 жылы өтіп, оның жеңімпазы Лоулор Атлантиканы кезіп өтіп, Америка жағалауына дейін жетеді. Ал 1895 жылы шотландиялық теңізші Джошуа Слохам өзінің “Спрее” деп аталған желкенді қайығымен жер шарын 3 жыл 2 ай 2 күнде айналып өтіпті.

Желкенді яхтаны пайдаланып жарыс жолына шығу 1715 жылдан басталып, күні бүгінге дейін бір таластаған емес. Ал “Америка кубогы” үшін жарыс 1851 жылдан бері өткізіліп келеді.

Бұл алғашқы жарыста озып шыққан Стивенс деген адам 3 килолық күмістен құйылған құмыра алыпты.

1922 жылдан бастап ерлер арасында дүниежүзінің біріншілігі өтіп келеді.

Алғашқы олимпиада бағдарламасы бойынша жарыс 1990 жылы Францияда өтілді. 1983 жылдан бастап Атлантиканы екі рет басып өтіп, Франция жағалауынан Бермуд аралына жетіп және кері қайту жарысы өтіп келеді. Жарыс жолының қашықтығы 11 мың шақырым.

Барлық желкенді қайықтар спортын бас аратын халықаралық желкенді қайық одағы 1907 жылы өз шаңырағын көтерді (ИЯРУ). Қазір оның 84-ке жуық мүшелері бар.

Желкенді пайдаланып саяхат жасау тек су үстінде ғана емес, құрғақта да пайда бола бастады. 1968 жылы Түркмен Республикасындағы Қарақұмда дөңгелекті желкенді қайықтар желдің күшімен ілгері жылжуда.

Мамандардың есептеуі бойынша егер үлкен кемелер желкенмен жүзетін болса, онда жанар жағар майды 20% дейін үнемдеуге болады екен.

Желкенді қайықтардың халықаралық талапқа жауап беретін 22 түрі бар. Олардың ішіндегі негізгілері - «Дракон», «Летучий юниор», «Лазер», «Развивающаяся двойка», «Моль» тағы басқалар.

Желкенді қайықпен саяхатқа шығушылар нағыз жау жүректілер деуге әбден болады. Мысалы, 1891 жылы мұхитта жүзу марафонынан жеңімпаз Лаулор 45 күннен кейін мәреге жетсе, екінші орынды иеленген Эндрю 63 күнде межелі жерге жетіп жығылыпты.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-27 13:59:33     Қаралды-3300

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАС ҚАЛАНЫҢ БАҒБАНШЫСЫН БІЛЕМІЗ БЕ?

...

Алматы - Алатаудың іргесінде орналасқан жасыл желекті қала. Осы қаланың бау-бақшаға айналуына зор үлес қосқан бағбаншылар қатарына Э.О. Баум, П.Рурдэ, Н.Моисеев, Е. Редько және т.б. атауға болады. Ал, Алматыда бау-бақша өсіруге улес қосқан Алаш азаматтары

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДОПТЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН

...

Бұл спорт футбол ойынына ұқсас мысалы, ойын барысы 45 минуттық екі кезеңнен тұрып, бұрыштан доп беру, айып добын соғу кезеңдерінде болады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕЖЕЛГІ УАҚЫТТА ТІСТЕРІН ҚАЛАЙ ТАЗАЛАҒАН?

...

Ақ және сау тістерге арналған ұнтақ

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЖАЙЫП ТЕҢІЗ «ТҰРҒЫНДАРЫ»

...

Жағалауда тұрып, шалқар айдынға көз жіберген кезде, теңіз дегенің судан басқа ештеңесі жоқ тұлдыр, тіршіліксіз дүниедей болып көрінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРЕВАН КЯТАСЫ

...

Ашытылған қамырдан қабатталып жасалатын тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »