UF

СУҒА ЖҮЗУ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


Суға жүзу өнерін меңгеру адам баласы үшін өмірлік нәтиже. Себебі, дүниенің 30% ғана құрғақтық, ал 70% су.

Суда жүзіп жүрген адамдарды бейнелейтін сурет осыдан 25 ғасыр бұрын салынған, ол Ливия шөлінен табылған.

Қазіргі спорт өнерін зерттеуші ғалымдардың тұжырымдауы бойынша, су спортынан алғашқы жарыс Венеция қаласында 1515 жылы өткен.

Жүзу спорты әдістемесіне арналған алғашқы кітап 1538 жылы жарық көрген, оның авторы - даниялық ғалым Бикман. Ал жүзушілерді арнайы машықтандыратын мектеп Германияда 1770 жылы ашылды. 1877 жылдан бастап жүзу өнерін қастерлейтін қауымның талабымен алғашқы федерация құрылып, алғашқы рет халықаралық жарыс өтеді. Европа мемлекеттері қатынасқан алғашқы жарыс 1890 жылы өткізілді. 1896 жылы өткен 1 олимпиада бағдарламасына жүзу спорты кірді. Суда жүзу спортынан алғашқы жарыстар ашық теңізде өткен, ең ұзақ аралық 1200 метр болды.

1908 жылдан бастап суда жүзу спортынан рекордтар төрешілер тарапынан арнайы тіркеледі. 1908 жылдан 1968 жылға дейін суда жүзушілердің 105 рекорды тіркеліпті.

Қазіргі кезенде тек 50 метрлік бассейнде өткен жүзу, жарыстарының рекордтары ғана халықаралық федерация тарапынан тіркеледі.

Дүниежүзінің рекордшылары атанғаңдардың бірі - венгерлік спортшы З.Халман, ол 1905 жылы Вена қаласында өткен жарыста 100 м қашықтықты еркін жүзу тәсілімен 1 минут 5,8 секундта жүзіп өткен. Ал әйелдер арасындағы рекордшы неміс спортшысы М.Герстунг, ол 1908 жылы 18 қазаңда Магдебургте 100 м қашықтықты 1 минут 35 секундта жүзіп өткен.

Суда жүзу спортына тән және бір ерекшелік ұзақ қашықтыққа жұзуде әйелдер алдына жан салмайтын көрінеді. Мұның мысалы ретінде төмендегі нәтижені көрсетуге болады. Голландиялық жүзгіш қыз Иренвандер Аар 64 шақырымдық қашықтықты 18 сағат 15минутта жүзіп өтсе, египеттік О.А.Монтаза бұл қашықтықты 21 сағат 37 минутта жүзіп өткен.

Ресей мемлекетінің тарихында жүзгіштер қатынасқан алғашқы олимпиада 1912 жылғы Стокгольм қаласында өткен V олимпиада, бұл жарыста орыс спортшылары жүлделі бірде-бір орын ала алмада.

Қазіргі жүзу спортынан жарысушылар тек төрт тәсілмен ғана жүзіп бәсекелеседі. Олар: брасс, кроль, шалқалап жүзу және баттерфляй.

Жүзгіштер арасынан дүниежүзі халықтары арасында үлкен бедел иесі атанған төмендегі спортшылар бар. Олардың бірі - американдық Джон Вейсмюллер, ол 100 метрлік аралықты алғашқылардың бірі болып 59 секундта жүзіп өтті. Бұл спортшы - алғашқы көпсериялық көркем фильмде «Тарзан» рөлін тамаша ойнай, дүниежүзін екінші рет таңқалдырған тұлға.

Екінші жүзгіш - орыс спортшысы Владимир Сальников. Ол суға 400, 800, 1500 метрлік аралықтарға жүзуден дүниежүзінің 20 рет рекордын жаңартты.

Дүниежүзінде ең ұзақ қашықтыққа жүзуде бірінші орында орыс қызы Евгения Второва. Ол 1946 жылы Волга өзенінде 150 шақырым қашықтықты 26 сағат 28 минутта жүзіп өтіпті.

ҚСРО тарихында алғашқы олимпиадалық бірінші алтын медальды иеленген - Галина Прозуменщикова, бұл 1964 жылғы олимпиада болатын.

Қазақстанның су спортының тарихындағы әлемдік аренаға шығуы 1994 жылдан басталды. Олар Римде өткен әлем чемпионаты мен Хиросима қаласында өткен ХІІІ Азия ойындары болды. Осы біріншілікте су добыман ерлер мен әйелдер құрама командасы әлемдік сатыда 12-ші орынға жайғасты. Үлкен додаға тұңғыш қатысқан команда үшін бұл айтарлықтай оқиға.

Тамаша табыстарымен суда жүзгіштеріміз де көрушілер көңілінен шықты. Мысалы, еркін жүзуден 4x100 метрлік жарыста жеңімпаз аталды. Жүзгіштер: С.Бондоренко (100 м еркін тәсіл), А.Ховрин (50м еркін тәсіл), А.Егоров (100 м еркін тәсіл) т.б. жоғары жетістіктерге жетті.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

 

  Жарияланған-2019-06-27 14:05:15     Қаралды-7993

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҮЙДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ...

...

Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол жағыңда болсын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮМӘЛЛӘК

...

Бидайды су себелеп дымқылдап, үш күндей жауып қойып өндіру керек. Сол аздап өнген бидайдың 2-3 сантиметрдей көгі кесіліп тасталады да, қалған ақ түсті дәні жиналып алынып үстіне су салып езіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАЙШӨП – АСҚАЗАН БЕЗДЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТЕДІ

...

Ертедегі Римде бұл өсімдікті аса пайдалы деп санаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУРЕТ ЖӘНЕ СУРЕТТЕМЕ

...

Суретшінің қыл қаламмен бояу жағып емес, қарындаш, көмір, сангина, қаламұш арқылы сызып салған шығармасын сурет деп атаймыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МИНЕРАЛДЫ СУ: ТЕРІГЕ ПАЙДАСЫ

...

Сіз минералды судың сұлулық пен жас тері үшін күресте бірегей құрал екенін білесіз бе?

ТОЛЫҒЫРАҚ »