UF

ҮЙДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ...

Категориясы: Денсаулық


1. Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол жағыңда болсын.

2. Жазу үшін отырғаныңда астыңдағы орындығыңның алдыңғы шеті үстелдін астына 2-5 сантиметр (бір-екі елі) кіріп тұрсын. Жазғанда тік отыр. Көкірегіңмен үстелдің шетін кидірмелеме.

3. Үстелге отырғанда екі білегіңді шынтағыңа дейін үстелдің үстіне салып отыр. Астыңдағы орындығың аласа болса, үстіне көпшік немесе басқа нәрсе салып, керегінше биіктет.

4. Үстелге отырғанда табаныңды жерге - еденге тегіс тигізіп тіреп отыр. Аяғың жерге (еденге) жетпесе, табаныңның астына тақтай (сандықша, жәшік) қойып, басып отыр.

5. Үстелге отырғанда аяғыңды орындықтың астына қарай бүкпе, не болмаса бір аяғыңды екінші аяғыңның үстіне салып айқастырма. Аяғыңның тізеңнен төменгі балтыр жағы тік тұрсын.

6. Орындыктың үстінде тік отыр. Арқаңды орындыктың арқалығына таяп, сүйеніп отыр. Басыңды төмен еңкейтпе.

7. Жазғанда екі білегің шынтаққа дейін тегіс үстелдің үстінде жатсын. Сол қолыңмен қағазды басып, керегінде ілгері жылжытып отыр.

8. Жазатын қағазыңды оң жаққа таман, қарсы алдыңа қой.

9. Окығанда орындығыңды үстелден аз-кем кейіндеу қойып, кітабыңды екі қолыңмен ұста. Кітаптың төменгі жағы үстелге тіреліп тұрсын, жоғарғы жағы үстелден көтеріңкі болсын. Оқығанда көзің кітабыңның бетінен ең кем болғанда 32 сантиметрдей (2 сүйемдей) қашықта болсын.

10. Орындыққа отырғанда киімің астында бүктетіліп жатпасын. Сондықтан еркек балалар ықшамдау шалбар, қысқа бешпент кисін. Қыз балалар орындыққа көйлектерін тегістеп, бүктесінсіз қылып отырсын. Отырып алған соң, астыңдағы көйлегіңді дұрыстаймын деп қолыңмен тартқыштама.

  Жарияланған-2016-09-28 16:03:15     Қаралды-2332

Мәлімет сізге көмек берді ма

СҮЗБЕ МАССАСЫ

...

Сүзбе жақсылап араластырылып, үккішпен үгітіледі де қаймақ, қант қосылып, бәрі жақсылап араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОСМОНАВТАРДЫҢ КОСМОС ҮЙІ

...

Космонавтардың 2 үйі болады: бірі - Жерде, екіншісі - космоста. Бірі Жер үстінде тапжылмай тұрса, екіншісі сол Жерді өзінің орбитасы - шеңберлі жолымен спутникше шыр айналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕХИ ДУЛМА (ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН АЙВА)

...

Піскен айва жемісінің түктері алынып тасталып, ортасы дәнімен алынады да салқын сумен шайылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ КОМПЬЮТЕР НЕ ҮШІН ПАЙДАЛЫ?

...

Біз өз уақытын өтеген компьютерлер туралы айтып отырмыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ ТАРИХЫ

...

Әліпбилік жазу - дүние жүзі мәдениетінің қол жеткен орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосқан деуге болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »