UF

ТАЙТҰЯҚ – МАСКҮНЕМДІККЕ ҚАРСЫ

Категориясы: Өсімдікті


ТАЙТҰЯҚ – КОПЫТЕНЬ ЕВРОПЕЙСКИЙ

Тайтұяқ – ұзын, жіңішке, көлбеу өскен тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Жапырақтарының шеттері бүтін, аттың ізіне ұқсас, сағақтары ұзын, түкті. Бұл өсімдіктің жапырақтары қыста да түспейді. Гүл сабағы қысқа, гүлдері жеке-жеке орналасқан, сырт жағынан қарағанда ашық қоңырлау, ішкі жағы кою қоңыр түсті. Жемісі қауашақ сықылды. Сәуір айында гүлдейді. Бұл өсімдік негізінен ормандар арасында, көлеңкелі жерлерде өседі.

Дәрілік мақсат үшін тайтұяқтың жер үстіндегі бөлігін және тамырын жинайды. Құрамында эфир майлары, азорон, пинен, эвгенол, борнилацетат, танин, қоймалжың заттар, шайырлар, азарин деген алкалоид бар. Тамыры улы, сондықтан дәрі жасағанда өсімдіктің дәрілік мөлшерін дұрыс алып, ұқыптылықпен қадағалау керек.

Халық медицинасында тайтұяқ несеп айдайтын, қақырық түсіретін дәрі ретінде колданылады. Сонымен қатар асқазан және жүрек қызметін реттейтін, қабынуға қарсы әсер ететін, құстыратын және осыған байланысты асқынған маскүнемдікке шипа болатын қасиеттері бар. Әйелдердің етеккірін қалыпқа келтіру үшін де қолданылады. Бауыр, асқазан, ішек ауруларына қарсы және сары ауруға ұшыраған кісілердің денесі сарғайғанда да ем үшін қолданылады. Шемен ауруында несеп жүргізу арқылы ісікті қайтару үшін пайдаланылады.

Дене сарғайғанда шайшөпті және тайтұяқты теңдей етіп алып, осы қоспаның 1 ас қасығын 1 стакан суға тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3 мезгіл ішеді. Асқынған маскүнемдікті емдеу үшін осы тайтұяқ шөбі тұнбасының 1 ас қасығын 1 стакан араққа араластырып береді. Көп жағдайларда маскүнем адам қайтып араққа қарағысы келмейтіндей болып безеді.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Тайтұяқтың ұнтақталған тамырын, шырмауық будраның жапырағын және ошаған шөбін теңдей етіп алып араластырады, осы қоспадан 3 ас қасық алып 3 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырады да, жарты стаканнан күніне 5-6 рет ішеді. Тайтұяқты осылай пайдалану дәрінің тиімділігін арттыра түседі. Ал жапырағын ұнтақтап немесе жас күйінде іріңдеген жараларға таңады, өсімдіктің шөбін сірке қышқылына тұндырып алып, терінің қышымамен ауырған жерлеріне жағады.


Тайтұяқтың тұнбасын былай жасайды: 2 грамм тайтұяқтың тамырын (1 шай қасықтың жартысы) алып, 1 стакан қайнап тұрған суға тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді. Жапырақтарынан тұнбаны былай жасайды: 1 грамм жапырақты (1 шай қасықтың 1/5 бөлігін) 1 стакан қайнап тұрғап суға тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3 мезгіл ішеді. Спиртті тұнба: өсімдіктің 20 грамын алып 100 мл спиртке 8-10 күн тұндырады да, күніне 20 тамшыдан 3 мезгіл ішеді.

  Жарияланған-2016-07-15 00:00:36     Қаралды-5538

Мәлімет сізге көмек берді ма

КӨНЕ ТҮРКІ ӘЛІПБИІ НЕМЕСЕ ОРХОН-ЕНИСЕЙ ТАҢБАЛАРЫ

...

Ежелгі түркі халықтары пайдаланған жазу көне түркі әліпбиі немесе Орхон-Енисей жазуы деп аталып жүр. Олардың тастарға қашалып жазылған жазбалары бүгінгі күнге дейін жеткен. Мұндай ескерткіштер Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарларынан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАМЫР ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА

...

Жуылған, өзегі алынып, қабығы аршылған алма қалыңдығы 0,5 сантиметр етіліп, дөңгелектеліп кесіледі де үстіне қант себіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮЙРЕУ ҚАРУЫ

...

Түйреу қаруының негізгі екі түрі бар. Сауытсыз жауынгерге қарсы найза, ал темір сауытпен жарақтанған адамға ұзын сапты, қырланган, бір немесе екі үшкір басы бар сүңгі қолданылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Ертеде мотоциклистер жолаушылармен өте сирек қарым-қатынас жасаушы еді

...

Мотоциклистердің үнемі бір қиыншылықтары болатын еді – егер екі адам бірдей мотоциклде отырса олар бір-бірімен сөйлесе алмайтын еді. Бақытына орай, қазірде бұл мәселе шешілуде.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ СПОРТ ТАРИХЫНАН

...

Желкенді кемемен жүзу өнерін дүниежүзіне паш еткен саяхатшылар арасында екі есім ерекше аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОНЬКИ ТЕБУ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Көк мұз үстіндегі ұстараның жүзіндей коньки самғау кімді болса да елеңдетпей қоймайтыны баршаға аян сезім.

ТОЛЫҒЫРАҚ »