UF

МОЗАИКА - ЕҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕРДІҢ БІРІ

Категориясы: Өнер


Ол смальта немесе басқа бір асыл шынының түрлі-түсті сынықтарынан құрастырылған сурет.

Ежелгі мысыр перғауыны Тутанхамонның тағы асыл тастар сынығынан құрастырылған мозаикамен әшекейленгенді.

Италия музейлерінде бір кезде ежелгі ғимараттар қабырғаларын безендірген мозаикалар өте көп-ақ. Ол кезде үйдің төбесіне, еденіне, есігіне түрлі-түсті смальтадан құрастырылған ою-өрнек салынатын. Кейде тіпті кемелердің өзін мозаикамен нақыштайтын. Ежелгі Помпей, Пергам қалаларын қазған кезде табылған мозаикалар ақ, сары, қара су тастар мен күйдірілген ал қызыл қыш-сынықтарынан құрастырылған. Бір үйдің едені тұп-тұтас мозаика боп шықты. Онда қалай болса солай шашылып жатқан гүлдер, жемістер мен көкөніс қалдықтары бейнеленгендіктен, ол «сыпырылмаған еден» атанып кетті.

Орта Азияның ескі мешіттері мен сарайлары ақ, сары, көкшіл шытыра тастар жапсырылған кірпіш мозаикамен көркемделген.

Император Юстиниан. Равеннад шіркеуіндегі мозаика. 547 ж.

Мозаиканың ерекше бір етек жайған жері - Византия. Мұнда Равенна қаласындағы шіркеулердің бірінен табылған император Юстинианның мозаика портреті берілген. Ол VI ғасырда жасалған.

Ежелгі Русьта да түрлі-түсті шынылар жасауды білген. X-XI ғасырларда Киевте, Черниговта, Владимир-Суздальда салынған шіркеулер түрлі-түсті смальтадан құрастырылған суреттермен әсемделген.

Олардан қалған азғантай жұрнақ осы кезге дейін әдемілігімен, бояуларының қанықтығымен қайран қалдырады.

Кейін бұл өнер тоқырап, атымен ұмыт болды.

Русьте мозаика өнерін Михаил Васильевич Ломоносов қайта жандандырды. Ол арнайы лабораторияда түрлі-түсті шыны жасау жолында мыңдаған тәжірибелер жасады. Ломоносов смальтаның 112 реңкін тапты.

Асыл тас та, алтын да емес, шыныға,

Арнаймын мен мақтау, мадақ жырымды.

деп жазды ол. 1753 жылы Петербург түбіндегі Усть-Рудницкое селосында түрлі-түсті шыны жасайтын фабрика ашты, кейінірек Петербургте мозаика шеберханасын ұйымдастырды. Сол шеберханада шәкірттерімен бірге аса көркем «Палтава шайқасы» мозаикасын құрастырды. Жасыл көк орыс мундирінде көздің жауын алып қызыл оқа жарқыраса қара көк швед мундирі түнеріңкі сезіледі. Аспан мен жер ақшыл, күлгін, қызғылт бояуларды астастырып бейнеленген.

«Полтава шайқасын» жасауға екі жыл уақыт, 1030 000 түрлі-түсті қиықша тас кетті. Егер Мәскеуде болсаңдар, «Комсомольская» метрополитенін барып көріңдер. Самаладай жарқыраған сәнді залдың күмбезінен Куликова шайқасын бейнелейтін суреттерді көресіңдер.

Өне бойы әскери сый-сияпатқа толы Дмитрий Донской ақ боз ат мініп тұр. Алдында - әскері. Қасында - орыс жерінің айбынды қаһармандары Пересвет пен Ослябя.

Ол картина - мозаикалық шығарма. Авторы - П. Д. Корин.

 

  Жарияланған-2016-11-16 19:53:29     Қаралды-9366

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР

...

Жалаңтөс Сейітқұлұлы (1576 - 1656 жж.) - қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшы, Самарқандтың аталығы (әмірі). Туған жері - Сырдарияның төменгі ағысы. Шыққан тегі - Кіші жүздің төртқара руынан. Жалаңтөс баһадүрдің арғы атасы Ораз кезінде Әмір Темір

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭРЕБУНИ

...

Бұл - ішіне дәм қабық пен ванилин салынып қабатталған қамырдан жасалатын шығыстың жаңадан шығарылған тәтті тағамы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮҢГІР ТАНУ ТАРИХЫНДА ЕҢ ІРІ ЖАҢАЛЫҚ

...

Спелеология тарихындағы ең ірі жаңалық 1940 жылы ашылды. Бұл - Франциядағы әйгілі Ласко үңгірі болатын. Мұндағы суреттердің молдығы да, көнелігі де Альтамира үңгірінен әлде қайда басым еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАБАН

...

Республикамыздың су қоймаларының барлығына дерлік таралған жуас балық табан деп аталады. Ол күй талғамайды, егер қоректік азығы мол болса, кез келген таяз, суы тұнық суларда тіршілік ете береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ»

...

«Қорқыт ата кітабы» (ежелгі түркі тілінде - «Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан») - оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Кітаптың ғылымда он екі нұсқасы белгілі. Дрезденде 12 нұсқа толығымен және Ватиканда осы 12 нұсқаның алтауы сақталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕЛПЕК НАНЫ

...

Бұл - дөңгелек, шет жақтары қалың, ортасы жұқа, үстінен әр жері тесілген, салмағы 0,2 килограмм тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »