АЛАШОРДА
Категориясы: Саясат
Алашорда - Алаш автономиясының үкіметі. Алашорда Ұлт Кеңесі деп те аталды. Үкімет 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда өткен II Жалпықазақ съезінде сайланды. Алашорда мүшесі болып Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам (Уәлитхан Танашев, Халел Досмұхамедов, Айдархан Тұрлыбаев, Халел Ғаббасов, Мұстафа Шоқай, Садық Аманжолов, Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхамеджан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жакып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов) сайланды. Үкіметтің төрағасы болып Ә.Бөкейханов бекітілді.
Ә.Бөкейханов бастаған алашордашылар Болыиевиктер партиясы ұсынған бағдарламаны қазақ қоғамын үлкен апатқа ұрындыруы мүмкін деп бағалап, оларға қарсы күрес жүргізді. Большевиктер жеңіске жете бастағандықтан, 1918 жылғы қаңтарда алашордашылдар Орынбордан кетуге мәжбүр болды. Ә.Бөкейханов бастаған Үкімет мүшелерінің негізгі бөлігі Семей маңындағы «Заречная слободка» елді мекеніне келіп (қазіргі Жаңа Семей), өздерін «Алашорданың Шығыс бөлімі» деп жариялады. Үкімет мүшелерінің екінші бөлігі Орал облысындағы Жымпиты қаласына келіп, өздерін «Алашорда үкіметінің Батыс бөлімі» немесе «Ойыл уәлаяты» деп атады. Төрағалығына Ж.Досмұхамедов сайланды.
Алашорданың Батыс және Семейде орналасқан Шығыс (әрі Орталық) бөлімі арасында тығыз байланыс орнату мүмкін болмады. Азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес үкіметі 1920 жылы Алашорда үкіметін таратты.
Большевиктер партиясы - В.И.Ленин бастаған саяси партия. Олар жұмысшы табының мүддесін жақтады. Бұл ұғым Кеңес өкіметінің басшысын сайлау кезінде пайда болды. В.Ленинді жақтаушылар көп дауысқа ие болып - «большевиктер», ал аз дауысқа ие болғандар «меньшевиктер» атанды.
Жарияланған-2015-11-13 20:55:36 Қаралды-3293
ТӘУКЕ ХАН

Қазақ хандығының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі - Тәуке хан. Тәуке (1626 - 1718 жж.) - Салқам Жәңгір ханның ұлы. Ол 1680-1718 жылдар аралығында билік жүргізген. Тәуке хан мемлекетінің астанасы Ташкент пен Түркістан қалалары болды.
ҚАЗАНАҚ - ДИЗЕНТЕРИЯҒА ҚАРСЫ

Қазанақ – қысы-жазы көгеріп тұратын, биіктігі 1 метрге дейін жететін, бас айналдырып, кісіні есеңгіретіп тастайтындай күшті иісі бар өсімдік.
ҚАЗАҚТАРДА ҚОЙ-ЕШКІГЕ ҚАТЫСТЫ ЫРЫМДАР МЕН ТЫЙЫМДАР

Қазақ сенімінде төрт түлік те аса киелі жануарлар санатында. Кез-келген малды сол түліктің қарасы ауылдан ұзаған соң ғана бауыздаған.
ЖҰЛДЫЗДЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ БОЛА МА?

Кейде аспан әлемінде өзгеше бітімді «құйрықты» жұлдыздар пайда болады. Оларды ғылым тілінде комета деп атайды.
АРАЛДАР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН?

Егер судың мөлдірлігі тап ауа сияқты болса, онда кемемен жүзіп келе жатып тереңдегі небір тау жоталары мен шатқал шыңдарды, тіп-тік құлама жартастарды көруге болар еді.
ТАҢҚУРАЙ ТҮРЛЕРІН ӨСІРІП, ӨНІМ АЛУ ЖОЛДАРЫ

Таңқурай жартылай бұталы көпжылдық өсімдік болып есептеледі. Жабайы түрде азғана болса да келең-келі жерлерде жақсы өседі.