АЛХОРЫ КӘМПИТІ (пастила)
Категориясы: Тағам
Піскен алхоры жуылып, сүйектері алынады, эмальды кастрюльге салынып, үздіксіз араластырыла отырып, қоюлана бастағанша қыздырылады. Қант қосылған соң әбден қою болғанша қайнатылады. Дайын болған массаға туралған жаңғақтар қосуға болады. Жұқа табаға өсімдік майы жағылған пергамент төселіп, оған ыстық масса жағылады. Күн көзіне қойып кептіріледі немесе қызуы орташа ғана духовкаға салып алынады.
Дайын болғаннан кейін орап, дайындап қойылған таза банкіге салынады.
Бұған 2 килограмм алхоры пюресі, 400 грамм қант және 200 грамм жаңғақ жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-11 15:34:24 Қаралды-3385
КӨКШЕТАУ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ САЯБАҒЫ
Көкшетау ұлттық табиғат саябағы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жердегі қорықтық аймақ. Ақмола облысының Айыртау, Зеренді аудандары аумағында орналасқан. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқылары, қалың қарағайлы орман кіре
БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ
Жұмыртқаның сары уызы, қант және бал қосылып езіледі. Май немесе қаймақ, үгілген сүзбе қосылып тағы да езілгеннен кейін формаға аударылып, суытылады.
ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ ТАРИХЫ
Әліпбилік жазу - дүние жүзі мәдениетінің қол жеткен орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосқан деуге болады.
ЖӘҢГІР ХАН
Жәңгір хан 1645-1680 жылдар аралығында билік құрды. Жәңгір хан бүкіл өмірін құдіретті Жоңғар хандығымен күресуге арнаған. Жоңғар хандығы ойрат немесе қалмақ, моңғол тайпаларынан 1635 жылы құрылған.
ҒАЖАЙЫП ТЕҢІЗ «ТҰРҒЫНДАРЫ»
Жағалауда тұрып, шалқар айдынға көз жіберген кезде, теңіз дегенің судан басқа ештеңесі жоқ тұлдыр, тіршіліксіз дүниедей болып көрінеді.
ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?
Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.