ЖАНР
Категориясы: Өнер
Суретшілер әр қилы шығармалар тудырады. Біреуі табиғатты, екіншісі адамды бейнелесе, үшіншісі күнде көріп жүрғен қарапайым заттарды кескіндейді. Міне, шығармаларды сол нені бейнелегеніне қаран, жанрға бөлетін болған.
Василий Иванович Суриков орыс тарихына құмар-тын. Оның «Стрелецтерді дарға асқан күнгі таң», «Меншиков Березовода», «Боярина Морозова» және де басқа шығармалары өткен ғасырлар оқиғаларына арналған. Сондықтан да біз оларды тарихи жанрдың туындылары деп санаймыз.
Теңіз көріністерін салуды сүйетін суретшілерді латынның «marinus» - теңіз деген сөзінен шығарып маринистер деп атайды. Орыс маринистерінің ең көрнектісі И.К.Айвазовский болды. Ол өмір бақи бірде бұлқанталқан тулап, бірде моп-момақан тыныш жататын теңіз жазирасын бейнелеп өтті.
Кей суреттерден ұрыс даласындағы шайқастарды көреміз. Ондай шығармалар батальдық жанрға жатады. Батальдық тақырыпта шығармалар тудыратын суретшіні «баталист» деп атайды. Орыс суретшісі В.В.Верещагин мен совет суретшісі М.Б.Греков, міне, осындай баталистер еді. Әйгілі «Тачанканы» қай-қайсыңыз да жақсы білетін шығарсыз.
Ендеше, көз алдыңызға мына бір суретті ұсынайық: шамасы, шеберханаға келіңкірейтін кішкене бөлме. Мольберт алдында жас өспірім бала отыр. Қолы сидиған ұзын; оғам үстіндегі көкірекшесі әлдеқашан симай қалған. Ол қарсы алдында отырған қызғылт көйлекті кішкене қыздың суретін салып отыр. Қимылынан, отырысынан, қол сілтесінен шабыт сезіледі. Терезеден түскен жұмсақ нұр кішкене бөлмеге жарық беріп, суретші баланың арқасына, шашына, қыл қалам ұстаған қолына ерекше сәуле төгеді. Өмірдің өзінен ойып алынған осы бір «Жас суретші» деп аталатын шығарманың өне бойы нәзік сырға, жырға толы. Оның авторы - XVIII ғасырдағы талантты орыс суретшісі И. Фирсов.
Бұл тектес шығармалар тұрмыстың жанрға жатады. Оларды көбіне көп «жанрлық бейнелеу өнері» деп те атайды. Голланд суретшісі Питер Брейгельдің «Шаруалар биі» картинасы да - тұрмыстың жанр туындысы.
Бұлардан басқа да жанрлар бар. Олар туралы «Интерьер», «Натюрморт», «Пейзаж», «Портрет» деген мақалалардан оқисыздар.
Сіз бұл кітаптан, сол сияқты, өнердің алуан түрлері туралы да мағлұмат ала аласыздар. Мәселен, бейнелеу өнері, графика немесе мүсін өнері. Көркем өнердің қай саласында да шығармалар жанрға бөлінеді.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-03 13:52:25 Қаралды-3472
БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.
ШЕГІРШІН – ПОДАГРАНЫ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Шегіршін ылғалды шабындықтарда, орманның шеттерінде, сайларда, өзен жағасында, бұталардың арасында өседі.
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА КӨНЕ МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНДІРІСІ

Қазақ даласында көне заманның өзінде-ақ металлургия өндірісінің кеңінен дамуы осынау байтақ көшпелілер өңірінде кең тараған жануарлар стиліндегі өнер туындыларының дүниеге келуіне де себепші болды.
АҒАШ ШАҢҒЫНЫ АЛҒАШҚЫ КИГЕНДЕР СКИФТЕР

Аяққа киетін шаңғыны алғашқы кезенде халық ағаш ұлтан деп атапты.
ҚЫЗЫЛҚҰМ ӨҢІРІ

Қызылқұм өңірі - Әмудария (Өзбекстан) мен Сырдария (Қазақстан) өзендері аралығын алып жатқан құмды алқап. Басқаша айтқан-да, солтүстік-батысы Арал теңізіне, оңтүстік-шығысы Өзбекстандағы Зеравшан аңғары мен Нұратаға ұласады. Қызылқұм кұмды алқабының аудан