КӨРКЕМ СУРЕТТЕ КОЛОРИТ
Категориясы: Өнер
В.Серов (1865-1911 жж.) "Мика Морозов"
Креслода кішкене бала отыр. Оның бірдеңеге қатты елегізгені байқалады. Әлденеден назарын аудармай, тесіле қарап қапты. Бұл Мика Морозовтың портреті. Салған - В.А.Серов.
Баланың нарт қызыл жүзі мен сарғылт шашын ақ көйлек өте ашып тұр. Егер байыптап қарасақ, көйлектің тек ақ қана емес, онда көгілдір, қызғылт күлгін реңктер бар екенін аңғарамыз. Бала сұрғылт қабырғаның аясында бейнеленіпті. Бірақ қабырға да бір ғана сұр бояудан емес, сарғыш, көкшілтім реңктердің жиынтығынан тұрады. Олардың бәрі қосылып, суретке күміс моншақтың түсіндей сүйкімді өң береді. Картинада әр алуан бояу тоғысқанмен оның ешқайсысы жеке дара көзге ұрмайды, бір-біріне бөгет жасамайды.
Суреттерде әр алуан бояулардың мұндай белгілі бір үйлесім табуын колорит дейміз.
Колорист-суретші әр бояудың жеке өзіне де, оның басқа бояулармен үйлесіміне де ерекше мән береді. Ондай үйлесімдер бір-бірімен жарасымды, көзге ұрмайтын байсалды боп келуі де, не бір-бірімен кереқар түсіп көзге ұрып тұруы да мүмкін.
Колорит бізге дүниенің бояу әлемін жарқыратып жайып салады. Ол суретшіге өзі бейнелеп отырған құбылысқа байланысты туындайтын көңіл күйін жіті жеткізуге көмектеседі. Шығармалар Мика Морозов портретіндей жарқын да, немесе күңгірт көңілсіз де боп келуі мүмкін.
Колорит ажырата білу - өте сирек қабілет.
В.Суриков (1848-1916 жж.) "Березовадағы Меншиков"
Орыс суретшілері арасынан бұл жағынан Василий Иванович Суриков айрықша көзге түскен. Оның «Березоводағы Меншиков» деген картинасында бір кезде Бірінші Петрдің көмекшісі боп, дәуірлеп баққан ақ сүйектің айдаудағы өмірі бейнеленген. Меншиков балаларымен отырған кішкентай лашық әрі суық, әрі қараңғы. Сырттағы жарық қырау қатқан кішкене төрезеден өлеусіреп түсіп тұр. Егер зер салып қарасаңыз, ондағы кейіпкерлердің бет-өңі, киімі, кез келген ұсақ-түйек тек қана бір бояудан емес, бірнеше бояудың жиынтығынан тұратынын байқайсың.
К.Коровин (1861-1939 жж.). "Терістік идиллиясы"
Орыс суретшісі К.Коровин де тамаша колорист болған. Міне, мынау оның «Терістік идиллиясы» деген шығармасы. Қыздардың нарт қызыл сарафандары шөптер мен жапырақтардың түстерімен қандай жарасым тауып тұр десеңші!
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-03 22:39:16 Қаралды-3786
СҮЙЕКТЕН ЖАСАЛҒАН ҚАНДАЙ БҰЙЫМДАР БОЛАДЫ?
Мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан қазақ халқы жануарлардын сүйектерін де түрлі қажеттеріне жарата білген. Қазақ шеберлері үй жиһаздарын, саз аспаптарын, т.б. әзірлегенде оларды әшекейлеп безендіру үшін мүйіз бен сүйекті кеңінен пайдаланған.
АҚМИЯ, УТАСПА ШӨП
Ол да биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, сабағы түзу, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ СПОРТ ТАРИХЫНАН
Желкенді кемемен жүзу өнерін дүниежүзіне паш еткен саяхатшылар арасында екі есім ерекше аталады
БИАТЛОН ТАРИХЫНАН
Биатлон ... «атлон» грекше «күрес» деген сөз. Биатлон жарысы кезінде спортшылар шаңғымен сырғанап және мылтықпен нысанына көздеп атып өнер көрсетеді.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПОРТРЕТ
Кез келген суретші, біреудің бейнесін жасағанда, тек оның бет-әлпетін ғана емес, ішкі жан дүниесін де жеткізуге ұмтылады.
ҚЫМЫЗ АШЫТУ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ
Қымыз дайындау үшін ең алдымен сауын биелерін іріктей білу керек. Сауылатын бие сақа бие, қулық бие, қысырақ бие деп үшке бөлінеді.