ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ ТАРИХЫ
Категориясы: Тарих
Әліпбилік жазу - дүние жүзі мәдениетінің қол жеткен орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосқан деуге болады.
Павлодар облысы Бобровое селосы тұсындағы қорымнан жүген сағалдырығына тағылған бұғы (марал) пішіндес етіп ойылған жазуы бар сүйек тұмар табылды. 1970 жылы Іле өңіріндегі Есік қаласының іргесінен сақ дәуіріне жататын үлкен қорымнан жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша шықты. Күміс тостағаншаның сыртқы жағына 26 таңба түсірілген. Бұл таңбалар көне түркі руна (сына) таңбаларына ұқсас. Аталған ескерткіштер 2500 жыл бұрын түркі тілдес тайпалардың әліпбилік жазуды білгендігін және оны кең пайдаланғандығын көрсетеді. Сонымен, көне түркі әліпбиі Оңтүстік Сібір мен Жетісу жерінде ерте дәуірде, яғни біздің жыл санауымызға дейінгі 1 мыңжылдықтын орта кезінде қалыптасты деуге болады.
Кеңес Одағы тұсында «төңкеріске дейінгі қазақ халқының сауаттылығы 2% ғана еді» деген жалған мәлімет таратылып келді. Ондағысы тек орысша сауаты барлар ғана есептелді, ал Қазақстандағы мың жылдан астам тарихы бар араб әліпбиін колданып жүрген халықтың сауаттылығы көпе-көрнеу қаперге ілінбеді. Бұл Кеңес өкіметінін солақай саясатының қазаққа жасаған қиянатының бірі еді. Қазақ елі кітап басып шығармаса да, сауатты ел болған. Ертегідегі кейіпкерлер, қиссалардағы қыз бен жігіт бір-бірімен хат арқылы хабарласады. Сауатсыз елдің ертегі-қиссаларында мұндай болмайтыны сөзсіз.
Жарияланған-2015-11-19 14:52:12 Қаралды-16765
ӘЛІШЕР НАУАИ
Әлішер Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекеттік қайраткері. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тәрбиесіне алған.
ҰЛЫ ФИЛОСОФ ПИФАГОР
Атақты ежелгі грек философы және математигі Самос Пифагор туралы қысқа қызықты деректер жиналған.
ӘСЕМДЕЛГЕН ЖАҢҒАҚ ҚАТТАМАСЫ
Сарымай қант ұлпасымен қосылып, жақсылап шайқалады, содан соң жұмыртқаның сары уызы, ұнтақталған жаңғақ, түйілген кепкен нан, какао, оның үстіне жұмыртқаның әбден шайқалып көпіршіген ақ уызы қосылады.
ЖҮГЕРІ КЕКСІ
Жүгері және бидай ұнына сода қосылып елекпен еленеді. Жұмыртқа, қант, тұэ, ванильді қант және айран (простокваша) араластырылады.
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 -1945)
«XX ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім ала алмаған. Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды бала білім дариясынан терең сусындап өскен.
НЕЛІКТЕН АЛГЕБРА АЛГЕБРАҒА АЙНАЛДЫ?
9 ғасырда өмір сүрген Орта Азия математигі әл-Хорезми бірінші дәрежелі...