ЖАҢҒАҚ БӨЛКЕСІ
Категориясы: Тағам
Жаңғақ бөлкесін жасау үшін жылытылған сүтке ашытқы қосылып, ол әбден еріп кеткенше араластырылады. Оның үстіне кагор шарабы құйылып, қант, жұмыртқа, тұз, какао, ұн, ұнтақталған жаңғақ салынады. Содан соң масса араластырылып, столға салып иленеді. Қамыр ыдысқа салынып, салфеткамен жауып байланады да жылы жерге қойылады. Қамыр көтеріліп, көлемі екі есе үлкейгенде ол стол үстіне салынып, екінші рет иленеді де тағы да жылы жерге қойылады. Сөйтіп әбден бабына келгенше тұрады. Дайын болған қамыр аспаздың қалауынша формаға келтіріледі. Алдын ала май жағылған металл табаға салынып 60-80 минут тағы да жылы жерге қойылады. Содан соң 200-210 градус температурада 1,0-1,5 сағат бойы пісіріледі.
Оның піскен-піспегенін қабығының түсіне және салмағына қарап айыруға болады. Дайын болған бөлкенің қабығы қоңыр тартып, салмағы жеңілденеді. Бөлкенің үстіне әр түрлі ұлттық оюлар салынып, әсемделеді.
Бұл тағамға 8 стакан ұн, 125 грамм сарымай, 2 стакан сүт, 2 стакан құм шекер, 3 жұмыртқа, жарты стакан кагор шарабы, 1 ас қасық какао, 300 грамм грек жаңғағының дәні, жарты шай қасық тұз, 100 грамм ашытқы жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-05 12:22:48 Қаралды-1958
АЛМА ҚАЙНАТПАСЫ

Қабығы аршылып, өзегінен тазартылған алма салқын суға салынып, дайын болғанша қайнатылады.
ҚОЙ МЕН ЕШКІНІҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ

Қой мен ешкі көшпелі елдердің, соның ішінде қазақтардың ерте замандардан бері малданған түлігінің бірі һәм бірегейі. Қой түлігін қазақ негізгі байлықтың көзі санап: «Қой - байлық, жылқы сәндік», «Қойлы бай, қорлы бай» деген.