ЖОЛБАРЫС НЕГЕ ШҰБАР, ЖИРАФ НЕГЕ ТЕҢБІЛ?
Категориясы: Жануарлар
Мұндай түстер аң, құстардың жауынан қорғану үшін ғана емес, аң аулауы үшін де қажет.
Егер көздеген аңы қасына таяу тұрса, бас салар-ақ едік. Бірақ ешбір аңның қасына жақындай алар ма екен? Аппақ жолбарыс алыстан көзге түсіп, аң біткен қашып кетеді ғой. Джунглиде бұралып аш күйінде жүре бергеннен басқа қолынан ештеңе келмес еді. Ал кәдімгі тарғыл жолбарыс қандай аңды болса да оңай ұстап жеп, тоқ жүреді. Неліктен? Себебі, оның үсті тарғыл. Зәулім бамбуктердің жіп-жіңішке сабақтарының көлеңкесі ыстық жерге жолақ-жолақ болып түседі. Ол жолақтардың арасына күн нұры құйылып тұрады. Ондай жерде жасырынып жатқан жолбарыстың ең қырағы деген көз де бірден шала алмайды. Күнде жүретін үйреншікті жолымен су ішуге бара жатқан сақ құлақ бұғы да, өте сақ бөкен де жолындағы қауіпті байқай бермейді. Қасына таяп қалғанда, жолбарыс оларды тарпа бас салады.
Қабыланның да жасырынуы жолбарыстан кем емес. Оның терісі сұрғылт та сарғыш, қапқара теңбілді келеді. Ағаш басында немесе жерде жасырынып тұрған теңбіл аңшыны ешкім байқай алмайды. Үстіндегі қара дақтарын жапырақтардың көлеңкесі екен деп ойлайды.
Аңды бір жерде жасырынып, аңдып жатып немесе бұғып келіп аулайтын жыртқыштарға үстеріндегі түрлі түсті бояулап осылай көмектеседі.
Ондай бояулардың аңдарды сақтап қалатын кездері де аз емес. Мәселен, жирафты алайык. Жирафтар Африкада шөптері биік өскен жазықтарда, кіші-гірім тоғайлардың арасында тіршілік етеді. Ағаш жапырақтарын жеп қоректенеді. Күн нұрына малынған ағаш жапырақтарынан жирафты айыру қиын. Есесіне, ол жан-жағына биіктен қарап, көз ұшындағыны көріп тұрады. Қауіпті сезсе болғаны, жүйтки жөнеледі. Содан соң жетіп көр. Жасырынып келген жыртқыштар онын тегеурінді тұяғынан таяқ жейді.
Жарияланған-2016-09-16 20:30:03 Қаралды-5965
ЕҢ ҚЫМБАТ БАҒАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ

2005 жылы гонконгтық саңырауқұлақ сатушы спутниктік байланыс арқылы өзінің 1,2 килограмдық ақ трюфель саңырауқұлағын Италияда өткен қайырымдылық аукционында 95 мың евроға сатқан.
ТАҢҚУРАЙ ТҮРЛЕРІН ӨСІРІП, ӨНІМ АЛУ ЖОЛДАРЫ

Таңқурай жартылай бұталы көпжылдық өсімдік болып есептеледі. Жабайы түрде азғана болса да келең-келі жерлерде жақсы өседі.
АСПАН НЕГЕ КӨГІЛДІР?

Біздің Жерімізді көгілдір планета дейді. Бұлайша кездейсоқ аталмаған. Жерді қоршап тұрған ауа мұхиты көгілдір түстес.
ОРЫНБОР

1920 жылы Кеңес Үкіметінің басшысы В.И.Лениннің жарлығы бойынша Орынбор қаласында съезд өтті. Онда Қазақстанның жеке автономиялы мемлекет болғандығы жарияланды. Автономиялы республика деп үлкен федеративті мемлекеттің құрамындағы елді айтады. Сөйтіп, қаза
ӘСІП ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ

Әсіп дайындау үшін қойдың ішегі бірнеше рет жылы су жүгіртіліп тазартылады. Ақырында тұзды су жүгіртіледі.