UF

ЖЕР НЕГЕ СІЛКЕНЕДІ?

Категориясы: География


Жер сілкіну болғанда жер гуілдеп, шытынап, дірілдей бастайды. Телеграф бағандары құлап, поездар ойыншықтай аударылып, үйлер қирап, тұтас көшелер жер астына түсіп кетеді. Жер сілкіну - сұмдык апат. Өзбекстанның астанасы - Ташкентте бір рет осындай қаралы күн болды. Көптеген үйлер қирап, адамдар баспанасыз қалды. Зардап шеккендерге көмекке еліміздің бүкіл халқы: орыстар, армяндар, белорустар, латыштар қол ұшын берді - азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек, кұрылыс материалдарын жіберді. Қазір Ташкент - ең көрікті қалаларының бірі, ондағы үйлердің көпшілігі өте мықты, 8-10 балға жететін өте күшті жер сілкінуге де қирамайды.

Жер сілкінудің күшін анықтау үшін ғалымдар оларға балл қойып есептейді. Жер сілкіну неғұрлым күшті болған, сайын, балы соғұрлым жоғары болады. Ең үлкен көрсеткіш - 10-12 балл. 3-4 балдык жер сілкіну әлсіз болып есептеледі. Жер сілкінудің бәрі Ташкенттегідей бірыңғай күшті бола бермейді. Кейде жер болар-болмас қана сілкініп қалады, бірақ одан келер ешқандай кауіп жоқ.

Бірақ, адамдар табиғаттың осы бір сұмдық апатымен қалай күресерін білмей-ақ келеді, алдын алу әзірге мүмкін емес, бірақ келе жатқан катерді күні бұрын болжауға, ескертуге болады. Сол үшін планета күндіз-түні бақылауға алынады. Доктордың ауруды қарағанындай, ғалымдар оның «жүрек соғысын», «дем алысын» тексереді. Олар мұны сейсмограф - приборлардың көмегімен жасайды.

Егер бір жерде жер сілкіну басталса, суға лақтырған тастан тараған толқындай, әлгі жерден жан-жаққа сейсмикалық толкындар тарайды. Әлгі толкындар бақылау станциясына жеткен кезде сейсмографтар оларды дереу жазып алады. Ғалымдар сол жазуды оқып, радио арқылы: «Тыңдаңыздар, жолдастар! Біздің қалада дүмпу күші 2 балдық жер сілкіну болуы ықтимал. Абыржымаңыздар!» - деген хабар бергізеді.

Ғалымдардың айтуынша, планетамыздың бетін жапқан жер қыртысы орасан үлкен жеті бөлікке бөлінген, ал оның асты - өзің білетін - мантия. Жер қыртысының жынысы мантиядан әлдекайда жеңіл. Яғни әлгі бөліктер, тура мұхиттағы айсберг секілді, мантияның үстінде қалқып жүреді. Олар өте баяу жылжиды және бір-бірімен жиі соқтығысып тұрады. Жердің материк деп аталатын кұрлық бөлігі, теңіздер мен мұхиттардан тұратын бөліктен әжептәуір ауыр. Ал осы екі бөлік соқтығысқан кезде ауырлауы жеңілдеуін «тапап» басып қалады. Содан барып жер сілкіну пайда болады. Кейде құрлықтан тұратын бөліктер де бір-бірімен соқтығысады, сол кезде ол тұстағы жер дірілдеп, бүктетіліп, тау болып аспанға көтеріліп тулай бастайды. Егер жер сілкіну мұхитта болса, таудай толқындар буырқанып жағаға атылады. Тасыған су арнасынан асып, егістіктер мен бау-бақшаларды құртып, бөгеттерді бұзып, үйлерді қиратады... Сол себепті де әр елдің ғалымдары жер сілкінудің болатынын мүмкіндігінше дәлірек болжауға тырысады.

 

  Жарияланған-2016-09-09 15:01:04     Қаралды-4729

Мәлімет сізге көмек берді ма

КӨКШЕТАУ АЙМАҒЫ

...

Көкшетау өңірі Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі көгілдір шоқы-таулар даласы мен Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстік-батысының кең жазығында орналасқан. Батысы мен шығысының арасы 500 км-ге, оңтүстігі мен солтүстігінің арасы 200 км-ге созылған. Жерінің жа

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАСШӨП – КӨКЖӨТЕЛДІ ЕМДЕЙДІ

...

Тасшөптен жасалған дәрілердің микробтарды жоятын, ауырған жерлерді және нерв жүйесін тыныштандыратын, қақырық түсіретін қасиеттері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰҚАР ЖЫРАУ

...

Бұқар жырау 1668 жылы Баянауыл жерінде дүниеге келген. Жүз жылдан аса өмір сүрген Бұқар шамамен 1781 жылы қайтқан. Әкесі Қалқаман арғын руынан шыққан атақты батыр болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАМЫС

...

Қамыс - қияқ тұқымдасына жататын ең көп тараған өсімдік. Суда, ылғалды жерлерде өседі. Негізінен, 250-ден астам түрі белгілі, ал Қазақстанда оның 14 түрі бар. Ең жиі кездесетіні - көл қамысы немесе қоға. Оның биіктігі - 2,5 м-дей.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗЫЛ ЖӘНЕ АЛТАЙЛЫҚ ДОЛАНА

...

Гүлдерінде эфир майлары, холин және ацетилхолин, хлороген қышқылдары бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Хан отбасы мүшелерінің ұшуының өз ережелері бар

...

Сол уақыттарда қарапайым адамдар сияқты жалпыға бірдей ұшу ережелерін сақтау тиіс еді, оған қоса хан отбасының өз ережелері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »