UF

ТӘТТІЛЕР РЕЦЕПТІЛЕРІ

Категориясы: Тағам


Дастарқанын түрлендіре түскен қыз-келіншектеріне үмітпен тіске басар тәттілер - торт, печенье, пирогтар.

Картоп торты. Картопты бітеудей пісіріп алып, жылы күйінде аршып, езіп пюре жасайды. Осының үстіне алдымен ерітілген сары май, тұз, жаңғақ дәнін, жұмыртқа мен ұнды қосып, жақсылап араластырады. Дайын болған қоспанын. азғана бөлігін алып қалып, қалғанын майланған табаға салады. Ал қалған қамырдан әр түрлі өрнектер жасап торттың бетіне, жағалай айналасына түрлендіріп қояды. Тортты өте ыстық емес духовкаға қояды. Пештен алған соң суытып, бетіне бал жаққан жөн.

Құрамы: 0,5 кг картоп, 100 г ұн, 100 г жаңғақ дзні, 1 ас қасық сары май, 100 г қант, 3 жұмыртқа.

Мүйіз тәріздес тәтті тоқаш. Ашытқан қамырдың жұқалығын 1 сантиметрдей етіп жаяды да, ромбик тәрізді етіп кеседі. Ромбиктің ортасына 1 -1,5 қасық варенье салып, қарама-қарсы екі ұшын беттестіріп жапсырады. Сонан соң жаңа туған айдың түріне келтіріп, екі ұшын созады. Дайын болған соң бәрін майланған табаға салып, бетіне жұмыртқа жағады да температурасы 220-230 градус пеш не духовкада пісіреді. Тәтті тоқаш 20-25 минутта дайын болады.

Құрамы: 7 стакан ұн, 1 стакан қант, 200 грамм сары май, 2 стакан сүт, 50 грамм ашытқы, 1-2 шай қасық тұз, 1 стакан варенье, 6 жұмыртқа.

Чак-чак. Ұнға сүт, жұмыртқа, қант, 1-2 ас қасық арақ қосып илейді. Әбден иі қанған қамырды қалыңдығы 1 см етіп оқтаумен жаяды. Қеспенің нанындай жіңішке әрі қысқалау етіп кеседі де, қазанда қайнап тұрған ыстық майға араластырып тұрып қуырып алады.

Бөлек ыдыста балға қант қосып жәйімен қайнатады. Оның дайын болғанын білу үшін бір тамшысын басбармақтың тырнағына немесе шынының түбіне құйылған салқын суға тамызады. Сонда жайылып ағып кетпей, дөңгелене қалса дайын болғаны. Оны ыстық күйінде кеңірек ыдыстағы әлгі қуырылған кеспе нанның үстіне құйып, тездетіп әбден араластырып, арнаулы ыдысқа бөліп алып, қолды әлсін-әлсін салқын суға малып, үстінен басып, белгілі бір формаға келтіреді. Оның үстін ұсақ мәнпәси конфетімен, жаңғақ дәнімен әдемілеуге немесе ыстық балды құймай тұрып-ақ жаңғақ дәнін араластыруға да болады.

Құрамы: 4 стакан ұн, 7 жұмыртқа, 7 ас қасык, сүт, 1 ас қасық қант, 2 ас қасық арақ, 200 г жаңғақ дәні, 2 стакан балға жарты стакан қант, қуыруға - 1 кг сұйык, май, әшекейлеуге 200 г мәнпәси қажет.

Топтама. Сүт, жұмыртқа, қант қосып илеген қамырдың жұқалап жайғап соң жиегінен бастап арнайы кескішпеп кішігірім тарелканың көлеміндей етіп дөңгелете кесіп алады. Оны үш-төрт қабат етіп дөңгелете жинаған соң майға қуырады.

Құрамы: 4 стакан ұн, 1 стакан сүт, 4-5 жұмыртқа, 2-3 ас қасық қант, қуыруға 500 г сұйық май.

Алма қосылған пирог. Ашыған қамырды екіге бөліп, қалыңдығын 1 см етіп жаяды да, майланған табаға салады. Оған алдын ала туралған алманы, үстінен жүзім қағын сеуіп тегістеген соң, қалған қамырмен жауып, айнала жиегін біріктіреді де үстіңгі бетінің екі-үш жерінен тіліп қояды. Сөйтіп, бетіне шикі жұмыртқа жағылған пирог духовкада (180-200 градус ыстықта) 25-30 минутта дайын болады.

Құрамы: 3,5 стакан ұн, 200 г сары май, 3 жұмыртқа, 1 стакан қаймақ, 1 стакан жүзім қағы, 2 ас қасық айран, дәміне қарай тұз бен сода, 100 г қант.

Рулет. Ұнға сары май, қант, жұмыртқа, қаймақ, шәй қасықтын, ұшымен сода және тұз қосып қамыр илейді де, тоңазытқышқа қояды. 15-20 минуттан соң қамырды қалыңдығы 1 см етіп жаяды. Сөйтіп, бетіне алдын-ала араластырылған мак, қант және ұсақталған жаңғақ дәнін салады да, нанды тегістеп орайды.

Оралған рулеттің бетіне шикі жұмыртқа жағып, үстіне мак, қант, жаңғақ дәнінің қоспасын себеді. Осыдан кейін май жағылған табаға салып, духовкада (230-240 градуста) 30-35 минут пісіреді.

Құрамы: 3,5 стакан ұн, 150 г сары май, 1 стакан қант, 3 жұмыртқа, жарты стакан қаймақ, жарты шай қасық сода мен тұз, 2 стакан мак, жарты стакан жаңғақ дәні.

Жаңғақты торт. Жұмыртқаның сары уызына қант пен ерітілген маргаринді әбден ағарғанша араластырады. Сонан соң қоспаға ұн, үгітілген грек жаңғағы мен тұщытылған ас содасын себелей отырып қамыр илейді. Жұмсақ қамырды үшке бөліп оқтаумен жаяды да, әрқайсысын духовкаға жеке-жеке пісіреді. Дайын болған соң арасына крем жағып, қаттап, бетін әсемдейді.

Крем әзірлеу үшін қант пен жұмыртқаны езгілеп алып, оған сүт құйып араластырады. Қоспаны баяу отта үздіксіз араластыра тұрып қайнауға жеткізбей ысытады. Суыған соң 150-200 г ерітілген сары май қосып, тағы да араластырады.

Торттың бетін көркемдеуге арналған шоколадты қоймалжыңды мына әдіспен әзірлейді. Сүтті ысытып, оған какао, крахмал, сары май қосып баяу отқа қойып әбден араластырады да суыған соң торттың бетіне тегістеп жағады.

Құрамы: тортқа - 3 жұмыртқа, 1 стакан қант, 250 г маргарин, 1 стакан үгітілген жаңғақ дәні, 2,5 стакан үн, жарты шай қасық тұщытылған ас содасы, кремге - 1 стакан қант, 1 жұмыртқа, жарты стакан сүт, 150-200 г ерітілген сары май, шоколадты қоймалжыңға - 5 ас қасык, сүт, 2 ас қасық какао, 1 шай қасық крахмал, 1 ас қасық сары май.

Тарғыл торт. Жұмыртқаға ерітілген маргарин майы мен қаймақ, қант пен ас содасын қосып сұйықтау қамыр илейді. Дайын қамырды екіге бөліп, бір жартысына какао қосады. Торт пісіретін ыдысқа екеуінеп кезекпе-кезек ас қасықпен құяды да духовкада пісіреді.

Торт піскенше қантпен езіп, оған сүт, ұн қосып, екі-үш минут бәсең отқа қойып, қайнауға жеткізбей араластырады. Оттан түсіріп, суыған соң 200-250 г еріген сары май қосып, ағаш қасықпен езгілеп крем әзірлейді. Наны дайын болған соң бел ортасынан көлденең кесіп кремді тегістеп жағып, қабаттастырып қояды. Үстіңгі бетіне кремнің қалғанын жағып, әсемдейді.

Құрамы: тортқа - 4 жұмыртқа, 200 г маргарин, 1 стакан қаймақ, стаканның 2/3 бөлігіндей қант, шай қасықтың 1/3 бөлігіндей ас содасы, 2 шай қасық какао, кремге – 1 жұмыртқа, 1 стакан қант, жарты стакан сүт, 1 шай қасық үн, 200 г сары май.

Бисквитті торт. Жұмыртқаның сарысын қантқа қаймақ қосып, әбден ағарғанша ағаш қасықпен езгілейді. Оған жұмыртқаның бөліп алынған ағы мен ұн қосып біртұтас қоспаға айналғанша араластырады, яғни қамыр илейді. Тортты май жағылған табаға құйып, духовкаға қояды. 20-25 минутта дайын болған тортты екіге бөліп, арасына тосап жағып, қайта біріктіреді. Бетіне қант ұнтағын себеді.

Құрамы: тортқа - 4 жұмыртқа, 200 г маргарин, 1 стакан қаймақ, стаканның 2/3 бөлігіндей қант, шай қасықтың 1/3 бөлігіндей ас содасы, 2 шай қасық какао, кремге - 2 жұмыртқа 1 стакан қант, жарты стакан сүт, 1 шай қасық ұн, 200 г сары май.

Бисквитті торт. Жұмыртқаның сарысын қантқа қаймақ қосып, әбден ағарғанша ағаш қасықпен езгілейді. Оған жұмыртқаның бөліп алынған ағы мен ұн қосып біртұтас қоспаға айналғанша араластырады, яғни қамыр илейді. Тортты май жағылған табаға құйып, духовкаға қояды. 20-25 минутта дайын болған тортты екіге бөліп, арасына тосап жағып, қайта біріктіреді, Бетіне қант ұнтағын себеді.

Құрамы: 6 жұмыртқа, 1 стакан қант, 1,5 стакан қаймақ, 2 стакан ұн, 1 стакан тосап, 2 ас қасық қант.

«Рахат» торты. «Рахат» торты белокты-жаңғақты үш тоқаштан, қаттап салынған алма повидлосы мен кремнен құрастырылады. Торт дөңгелек, сопақша және төрт бұрышты болып жасалады, беті гүлдеп тұрған алма ағашының бұтағымен өрнектеледі. Салмағы - 100 г.

Ұсақталып қуырылған жаңғақты ұнға әбден араластырады да жұмыртқанын, ақ уызын қосып езеді. Табаның ішіне қағаз төсеп, қағаздың үстіне формалар қояды да қалыңдығы 6-7 мм әзір болған қамырымен толтырады. Одан форманы алып, қамырды дереу жаппа пешке қояды. Мұнда ол 150-160 градус қызулықта 120-130 минут пісірілуі керек. Тоқашты 12 сағат суытып қояды. Оны әшекейлеу алдында қағаздан алып, астыңғы жағына су себеді.

Майлы кремді екі сатымен әзірлейді де сонан соң салқындатылған шырынға май салып езеді. Ыстық суды (32 г) үздіксіз сапыра отырып, үстіне құмшекер салады. Шырын қайнаған соң оған қойылтылған сүт құяды. Осы қоспаны 10 минут 103-104 градус қызулықта қайнатады. Ыстық шырынды сүзгіден өткізіп, 22 градусқа дейін салқындатып, ванилин қосады, содан кейін әбден араластырады. Майды жұмсартып езеді, оған үй температурасына дейін салқындатылған сүт қосылған шырынды аз-аздап қосады да оны әбден шайқап араластырған соц коньяк қосады. Оны 20-30 минут бұлғағаннан кейін әзір болған кремнің температурасы 18-20 градусқа дейін түсуі керек. Крем бұлғағанға дейінгі көлемінен 2,5 есе көбейіп, әбден жұмсарады, ағаш қасыққа салғанда төгілмейтін болады.

Майлы-шоколад крем де осы майлы крем әзірлеген әдіспен дайындалады. Оны езе бастаған кезде ұнтақ какао қосады, егер оны езіп болған соң қосса, майға біркелкі араласып үлгірмеуі мүмкін.

Тортты әшекейлеу. Оның үстіңгі бетіне ақ крем мен гүл жарып тұрған ақшыл-қызғылт алма ағашынын, суреті салынады да «Рахат» деген атау жазылады. Торттың жиектеріне повидлодан алма түріндегі әшекейлер салып, ақ креммен көмкереді, повидлоның үстіне көк кремнен нүктелермен гүл сабағы салынады. Торттың жиектерін шоколадты креммен сылап, жаңғақ, қант ұнтағын себеді.

Құрамы: 50 г ұн, 85 г құмшекер, 275 қант ұнтагы, 150 г сары май, 40 г қойылтылған сүт, 145 г жұмыртқаның ақ уызы, 230 г тазартылған жаңғақ, 65 г какао ұнтағы, 0,6 г ванилин, 5 г коньяк, 155 г повидло, 1 г қызыл, көк сары бояу керек.

Майлы крем әзірлеу үшін: 60 г қант, 100 г сары. май, 30 г қойытылған сүт, 0,3 г коньяк, 3 г повидло, 1 г бояу;

Майлы-шоколад крем әзірлеу үшін: 25 г қант, 10 г қойылтылған сұт, 50 г сары май, 65 г какао ұнтағы, 0,3 г ванилин, 2 г коньяк;

Белокты-жаңғақты тоқаш әзірлеу үшін: 50 г ұн, 275 г құмшекер, 145 г жұмыртқаның сары уызы, 180 г тазартылған жаңғақ қажет.

Ірімшік қосылған печенье. Балқытылған ірімшікті майда үккішпен ұсақтайды да, ұн, май, жұмыртқа, тұз және бұрыш қосып араластырады. Қамырды 30 минуттай уақыт төңазытқышқа қойып суытады да, қалыңдығын 1/3 см етіп жаяды. Содан кейін әртүрлі формада кеседі де май жағылған табаға салады. Печеньені езілген жұмыртқамен сылап, қант пен зире себеді. Ыстықтығы 200 градустай пеште 10 минут шамасында дайын болады.

Құрамы: 250 г ұн, 75 г сары. май немесе маргарин, 50 г балқытылған ірімшік, бір жұмыртқа, 35-40 г зире, әркімнің талғамына қарай тұз бен қызыл бұрыш.

Жаңғақ қосылған печенье. Грек жаңғағыныц қабығын алады да құмшекермен бірге ет турағыштан өткізеді. Май мен ұнды әбден араластырады да оған қант қосады. Қамырдың қалыңдығын 1/2 см етіп ысып, табаға салады да, егер қажет болса, пышақпен шеттерін кесіп, тегістейді. Ыстықтығы 200 градус пешке, 8-10 минут уақыт шамасындай, беті ақшыл-алтын түске енгенше қояды.

Құрамы: 200 г ұн, 200 г сары май, 100 г құмшекер, 100 г грек жаңғағы.

Лимон қосылған печенье. Жаңғақ дәнінің жартысын ет турағыштан өткізіп, қалған жартысын ұсақтайды. Ұн мен майды әбден араластырады да оған жұмыртқаның сары уызын, лимон сөлін және жібітілген лимон цедрасын ұсақтап турап, әуелде алынған қанттың жартысын, ет турағыштан өткізілген жаңғақ дәнін қосып қамыр илейді. Әзір болған қамырды 30 минуттай тоңазытқышқа қойып суытады да, қалыңдығын 1/3 см етіп жаяды. Содан кейін әртүрлі формада кеседі. Неченьені табаға салады да, жұмыртқамен сылап, бетіне ұсақталған жаңғақ дәні мен қалған қантты себеді. Ыстықтығы 200 градус пешке қойып, алтын түске енгенше 8-10 минут ұстайды. Дайын печеньені табадан алып, ыдысқа салады.

Құрамы: 200 г ұн, 150 г сары май, бір жұмыртқаның сары уызы, 100 г құмшекерг 100 г жаңғақ, сыртын сылайтын 1 жұмыртқа.

«Қаракөз» печеньесі. Жұмыртқаның ақ уызын салқындатып, шайқайды. Оны үздіксіз шайқай отырып, құмшекер қосып, бірте-бірте көлемін өсіре түседі. Әбден шайқалған ақ қоспаға ванилин, көкнәр сеуіп, дереу араластырады. Оларды бұлғағаннан кейін (барлығы 25-30 минут) ақ уыз көлемі бес есе ұлғаюы керек.

Бұл қосындыны тісті түтіктермен кондитерлік қапшықтан бөліп алады да қағаз төселген немесе ішіне сәл ғана май жағылған табаға ауыстырып, түймедағы гүлінің формасында салады. Печенье қызуы тым төмен (100-110 градус) пеште 30-40 минутта дайын болады.

Құрамы: 930 г қант, 400 г жұмыртқаның ақ уызы, 40 г көкнәр, пышақтың ұшымен ғана шекіп ванилин алу керек.

«Ай» печеньесі. Құмшекер салынған қамырдың қалыңдығын 0,8 см етіп ысады да жұмыртқаның сары уызымен сылап, дөңгелеқ формалы кішкене тоқаштар және жарты ай кейпіндегі тоқаштар кеседі. Содан кейін дөңгелек тоқаштың үстіне жарты ай формасындағы тоқашты салып, жүзіммен әсемдейді. Бұл печеньені табаға салып, 220 градус қызулықтағы пешке 3-5 минут қояды.

Құрамы: 640 г ұн, 200 г маргарин немесе сары май, 2 жұмыртқа, 270 г құмшекер, 5 г тұз, 100 г жүзім, 5 г сода, 0,15 г ванилин.

«Гүлдер» печеньесі. Маргарин мен құмшекердің жартысын қаймақ тұріне енгенше әбден шайқап езеді, оған қатырылған жұмыртқа мен құмшекердің қалғанын қосады. Бұл коспа әбден араласқан соң сүт, какао ұнтағын, ванилин ұнтағын, ұн салып, қамыр илейді. Оны тісті түтікті кондитер қапшығы арқылы өткізіп алып, диаметрі 3,4-4,0 см түймекөз гүлі түрінде тоқаш етіп, құрғақ табаға ауыстырып салады. Бұл печеньені 230-240 градус қызулықта пісіреді.

Құрамы: 520 г ұн, 260 г маргарин, 300 г құмшекер, 100 г қаймағы алынбаған сұт, 90 г қатырылған жұмыртқа, 0,15 г ванилин, 20 г какао ұнтағы.

«Шолпан» сүзбесі қосылған печенье. Сары майға қант салып, әбден ерігенше шайқайды да, оған жұмыртқа, тұз, қаймақ қосып, ұн себеді. Бұлардан қантты қамыр илейді. Езілген сүзбеге жұмыртқа, қаймақ, ванилин қосып, әбден біріккенше араластырады. Әзір болған қамырдың қалыңдығын 1,5 см етіп ысады да, диаметрі 5 см тоқаш түрінде ояды. Оларды екі тоқаштан қосып, арасына қалыңдығын біркелкі етіп сүзбе салады да, 220-240 градуста 5-7 минут пісіреді.

Құрамы: 500 г ұн, 150 г сары май, 40 г жұмыртқа (1 дана), 200 г құмшекер, 35 г қаймақ, 5 г тұз, 230 г сүзбе, 12 г жұмыртқа, қаймақ, аз ғана ванилин.

«Қиіз үй» самсасы. Бұл самса аспаз творчествосының күрделі туындыларының бірі саналады. Оны ерекше салтанатты жағдайда ғана әзірлейді. Ол үй бейнесінде жасалады. Төбесіндегі шошақ шаңырақ майлы кілегей креммен сыланып, оған бисквит ұнтақтары себіледі. Самса бірте-бірте ортасына қарай биіктетіледі де сірнемен және креммен әшекейленеді.

Әзір болған бисквиттен цилиндр форманың көмегімен самса ойып алады (жұқа стақанмең де оюға болады). Дайын цилиндрлерге шырын құйып сіңіреді. Кесіп алынған бисквит формасының ортасын ойыңкырайды да оған крем құйып (8-10 г), бисквиттің цилиндр төбесіне крем жағады және кептірілген бисквит ұнтағына аунатады. Самсаның (киіз үйдің) жоғарғы жағын сірнемен жалтыратып, ол әбден суыған кезде майлы-кілегей креммен қазақтың ою-өрнектерін салып әшекейлейді.

Құрамы: 136 г ұн, 40 г крахмал, 160 г құмшекер 284 г қатырылған жұмыртқа немесе жұмыртқа, 2 г жеміс тұздығы.

Кремге: 51 г құмшекер, 1 г коньяк, 90 г сары май, 40 г к,оюландырылған сұт, 1,5 г ванилин ұнтағы;

Шырын жасау үшін: 92 г құмшекер, 0,3 г жеміс тұздығы, 10 г шарап;

Конфет жасау үшін: 210 г құмшекер, 0,7 г жеміс тұздығы, 20 г сірне немесе тәтті шырын.

Жұмсақ халуа. Табаға немесе қалыңдығы 3-4 см табаға ұн (дұрысы ірі тартылған ұн) салып, жаппа пешке немесе темір пешке қойып, ауық-ауық бұлғап, түсі сәл қоңырайғанша ғана шала пісіреді. Түбі қалың кастрюльге май салып, оған құмшекер мен ванилин қосып, қант әбден ерігенше қайнатады да, шала піскен ұн сеуіп, жақсылап араластырады. Осы қоспаны қалыңдығын 5-6 см етіп темір табаға немесе науаға салады да бетіне қасықпен немесе шанышқымен сурет салып суытады. Суыған жұмсақ нанды 4X4 см етіп текшелеп кеседі.

Құрамы: 600 г ұн, 350 г тортасы айырылған сары май, 250 г қант, 0,5 г ванилин.

  Жарияланған-2019-08-19 16:36:54     Қаралды-5992

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

...

Тараз қаласында Жамбыл Жабаев атындағы алаңда 1961 жылы Жамбыл ескерткіші орнатылған. Ақын ұлттық киімде, сол қолына домбыра ұстап тұрған күйінде кескінделген. Мүсін мыс араластырылған шойын коспасынан құйылып, қола жалатылған. Тұғыры төрт бұрышты биік ет

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮТ ҚАЙНАТПАСЫ

...

Сүт қайнатылып, үстіне қант қосылады да ваниль ұнтағы салынады. Оның үстіне бөктірілген желатин салынып, қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ХАЛЫҚТЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСЫ

...

Халықтық азаматтық қорғанысы - бейбіт уақытта және соғыс кезінде еліміздін, халқы мен халық шаруашылығын дұшпанның жаппай зақымдаушы және басқа шабуыл жасау қаруларынан қорғау үшін, соңдай-ақ зақым ошақтарында, апатты су тасқыны аймақтарында, стихиялық ап

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕҢІЗДЕГІ ТЕЛЕГЕЙ СУ ҚАЙДАН КЕЛГЕН?

...

Егер глобусты шыр айналдырсақ, ол тек қана - көгілдір түсті болып көрінеді. Олай болатын себебі - оның бетіндегі сары, ақ, жасыл, қоңыр түске қарағанда көгілдір бояудың басымдығы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЗЕРБАЙЖАН НАНЫ

...

Бұл жүзім, цукат және жаңғақ қосылған қуырма сияқты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА ҚАЙНАТПАСЫ

...

Қабығы аршылып, өзегінен тазартылған алма салқын суға салынып, дайын болғанша қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »