ӘСЕМДЕЛГЕН ЖАҢҒАҚ ҚУЫРМАСЫ (печенье)
Категориясы: Тағам
Кептірілген нан түйіліп, ұнтақталған жаңғақпен және қантпен араластырылады. Үстіне ерітілген сарымай, жұмыртқаның мұқият шайқалған сары уызы, жарты лимон шырыны мен қабығы салынады. Осылайша алынған қоспа иленіп, 1 сантиметр қалыңдықта жайылады. Жұмыртқа ақ уызы қант ұлпасымен араластырылып, әбден қоюланғанша шайқалады да жайылған қамырдың үстіне біркелкі етіп жағылады. Содан соң қамыр төрт бұрышталып кесіліп, бір-бірінен пышақпен еппен ажыратып алынады да май жағылған жұқа табаға салынып, бетіндегі әсемделген бедері қызарғанша қызуы орташа духовкаға қойып пісіріледі.
Бұл тағамды жасауға 200 грамм кепкен нан, 400 грамм жаңғақ, 200 грамм қант, 80 грамм сарымай, бетін жылтырату үшін 2 жұмыртқа ақ уызы және 120 грамм қант ұлпасы жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-16 11:43:18 Қаралды-2842
КІШІ ҚАБЫРШӨП
Кіші қабыршөп – үнемі көгеріп тұратын, биіктігі 60 сантиметрге жететін, аласа, бұталы өсімдік. Сабағы жайыла өседі.
АСПАНДА ЖҰЛДЫЗДАР ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Жұлдыздар галактикалардың негізгі «тұрғындары» болып табылады.
КӨНЕ ТҮРКІ ӘЛІПБИІ НЕМЕСЕ ОРХОН-ЕНИСЕЙ ТАҢБАЛАРЫ
Ежелгі түркі халықтары пайдаланған жазу көне түркі әліпбиі немесе Орхон-Енисей жазуы деп аталып жүр. Олардың тастарға қашалып жазылған жазбалары бүгінгі күнге дейін жеткен. Мұндай ескерткіштер Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарларынан.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ (1873-1938)
Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай облысы Торғай өңіріндегі Сарытүбек деген жерде туған. Ол жасынан зерек, сергек болып өседі. Ауыл молдасынан сауатын ашады. Он үш жасында жетім қалып, тағдырдың талқысын көп көреді.
АРАЛДАР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН?
Егер судың мөлдірлігі тап ауа сияқты болса, онда кемемен жүзіп келе жатып тереңдегі небір тау жоталары мен шатқал шыңдарды, тіп-тік құлама жартастарды көруге болар еді.