ШЫҒЫС ЖАҢҒАҒЫНАН ДАЙЫНДАЛҒАН ҚУЫРМА (печенье)
Категориясы: Тағам
Кастрюльге су құйылады. Жұмыртқа салынады. Тұз бен қант ұлпасы ерітіліп, стол үстінде еленген ұнды әр жерінен тесіп, үстіне жаңағы ерітінді құйылады. Сөйтіп қатты етіп қамыр иленеді. Ол 1-2 миллиметр қалыңдықта жұқалап жайылып, үй кеспесін дайындағандай етіп жіңішкелеп тілінеді де аздап құрғатылады. Артық ұннан арылтып, қайнап жатқан майға аз-аздап салып қуырылады. Қуырып болған соң майын ағызу үшін ол елекке салып қойылады да майы ағып болған соң үстіне қант ұлпасы себіледі. Қантқа ванильді қант қосылады.
650 грамдық тағам жасау үшін 3 стакан ұн, 3 жұмыртқа, 1/4 стакан су, 1 ас қасық қант ұлпасы (қамырға қосылатын), 1 ас қасық себілетін қант ұлпасы, жарты шай қасық тұз, 2 грамм ванильді қант, қуыратын май жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-11 13:22:54 Қаралды-1777
ЖАҢҒАҚ КӘМПИТТЕРІ
Терең табаға қант салынып, жақсы жанып жатқан отқа қойылады. Ол ашық қоңыр түске енгенше қыздырылып, жаңғақ дәндері қосылады да бәрі жақсылап тез-тез араластырылады.
ГИЛЬОМ ДЕ РУБРУК
1253 жылы француз королі Людовик IX жіберген фламандтық монах Рубрук басқарған елшілік Моңғолияға сапарға шығады. Бұл миссияның максаты: моңғолдар арасында христиан дінін уағыздаймыз деп, оның астарында Ұлы хан мен ислам дінін ұстанған елдерге қарсы одақ
ҚАҒАЗДЫ ТАПҚАН КІМ?
Ежелгі Египетте болашақ хатшы-жылнамашыларды әуелі сөздердің, әріптердің таңбаларын балшыққа емес, папирусқа жаздырып үйреткен.
РЕПЕЙНИК – РЕВМАТИЗМ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Құрамында илік заттар, эфир майлары, К витамині, пигменттер, ащы заттар, қышқылдар бар.
ШЕКЕР-ЛУКУМ
Бұл - тоқаш жасалатын қамырдан қиғаштап туралып, бетіне қант ұлпасы себіліп дайындалатын тағам.