UF

ВЕЛОСИПЕД ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


Велосипед тебушілер және онымен жарыс жолына шығып бағынушылар ұлы ғалым, суретші Леонардо да Винчиге қарыздар, себебі ұлы ғалым 1495 жылы оның алғашқы жобасын жасапты.

Алғашқы велосипед жасаушы оралдың қол өнер шебері Ефим Артомонов - деген дерек бар, бұл 1800 жылдар шамасында болса керек. Бәрақ арнайы патент алып велосипед жасаған неміс өнер тапқышы К.Дрейз, ол 1817 жылы «Бегунок» - деген алғашқы велосипед жасаған.

Велосипедпен жарысу спорт өнері ретінде 1869 жылы өткізілді. Сөйтіп, алғашқы дүниежүзілік жарыс 1893 жылы, ал олимпиада бағдарламасына ену 1896 жылдан басталады. 1900 жылы халықаралық велосипедшілер Одағы (УСИ) құрылды, қазір оның 129 жуық мүшелері бар. Велосипед жарысы - дүние жүзіндегі ең көп  өткізілетін спорт жарысы.

Кәсіпқой велосипед спортымен айналысушылардың бір жылдық өмірінің 9 айы велосипед ерінің үстінде өтеді екен. Олар велосипедтің шапшандығын сағатына 50 шақырымға дейін ұдете алуға қабілетгі көрінеді.

Уақыттың өтуімен бірге велосипед-машинасын жасаушы өнертапқыштары да бұл машинаның құрылысына елеулі өзгерістер енгізумен келеді. Мысалы, алғашқы велосипедтің салмағы 40 кг болса, қазіргілердің салмағы 6-8 кг-ға дейін жеңілдеді. Бұл дегеніңіз оны теуіп жарысушылар орасан шапшаңшаңдықпен жол бойында самғайды деген сөз.

Рессейде 1897 жылы «Велосипед» - деген атпен әдістемелік кітап жарық көріп, онда, қазіргі құлаққа жат тұжырымдар басылған, мысалы, велосипед тебуге машықтанушы әйелдердің аяғы ұзарып кетеді - міс т.с.с. Бірақ бұл айтылған ұзын құлақ әңгімелер велосипед спортының беделін түсіре алмады, мұның айғағы ұлы жазушы Л.Н.Толстой рессейліқ велосипед клубының құрметті президенті болып сайланған.

Совет спортшыларының арасынан алғашқы олимпиада чемпионы тәжін киген Виктор Капитонов, 1960 жылы болатын.

Велосипед спортын сүюшы қауым, оны тек көлік құралы ретінде ғана түсінбеу керек, себебі, велосипед үстінде спорттың басқа да түрлерінен өнер корсетушілердің болғаны белгілі. Олар: велополо, велохоккей, велобол, велосипедпен мәнерлеп жүру т.б.

1890 жылы велосипедпен мәнерлеп жүру спортынан Европа чемпионаты өткізілген. Ал мұнан 60 жылдан кейін дүниежузінің біріншілігінде өтті.

Қазіргі кезеңдегі ең беделді велосипед жарысы «Тур де Франс» - деп аталатын ұзақ мерзімдік жарыс. Бұл жарыста үздік шыққандар: Эдди Меркс (Бельгия), Жан Анкетиль (Франция), Виктор Капитонов (ҚСРО).

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-24 16:34:21     Қаралды-3326

Мәлімет сізге көмек берді ма

СҮЙЕКТЕН ЖАСАЛҒАН ҚАНДАЙ БҰЙЫМДАР БОЛАДЫ?

...

Мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан қазақ халқы жануарлардын сүйектерін де түрлі қажеттеріне жарата білген. Қазақ шеберлері үй жиһаздарын, саз аспаптарын, т.б. әзірлегенде оларды әшекейлеп безендіру үшін мүйіз бен сүйекті кеңінен пайдаланған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қарапайым тілмен айтқанда, магнит темірді тарта алатын дене.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Көздің көруіне пайдалы суреттер

...

Көзге сәбіз, қаражидек, көзге арналған жаттығулар және демалыстар пайдалы екендігі барлығына мәлім. Көздің көруіне жақсы әсер ететін ерекше суреттердің бар екендігін білесіздер ме?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨЗ ШАҒЫЛЫСТЫРҒАН ОТТЫҢ ӘМІРШІСІ

...

Пісіргіштің қалай жұмыс істейтінін көрген адам, сірә да, жанарғы мен ауыр баллон арасын жалғап жатқан құлаштай- құлаштай екі резеңке түтікті байқаған болар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Танымдық діни бет

...

Танымдық діни бет. Еврейлер оқымаулары, ал қалғандарына қызық болулары мүмкін. Егер кімге қызық болса одан әрі тереңірек оқыңыздар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АВИАЦИЯДА АЛҒАШҚЫ ҰШУ ТАРИХЫ

...

Атам заманнан бері адам көкке көтерілуді армандап келді. Сұңқардай қалықтап, қырандай самғаса, шіркін!

ТОЛЫҒЫРАҚ »