UF

МАССАГЕТТЕР ПАДИШАСЫ – ТОМИРИС

Категориясы: Тарих


Томирис (Тұмар) (б.з.б. 570-518 жж.) - оңтүстік түркі халықтарын басқарған әйел патша. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмардың есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген Ахемен әулетінен шыққан парсының әйгілі патшасы Кирді «жеңілуді білмейтін» әскерімен қоса ашық шайқаста талқанын шығарып жеңуімен байланысты.

Ежелгі әлемнің түгелге жуық елін бағындырған парсы патшасы Кир скиф- массагеттерді де тізе бүктіруді мақсат етеді. Массагеттердің падишасы Томирис бұл кезде күйеуі өліп, жесір отырғанды. Соны пайдаланып, ішкі есебін жүзеге асыруды ойлаған Кир оған құдатүсу үшін елшілер аттандырады. Бірақ Томирис Кирдің өзіне емес, массагеттер патшалыгына көз салып отырғанын біліп, бұл ұсынысын қабылдамайды. Айласын асыра алмаған Кир массагеттерге қарсы соғыс ашады.

Томиристің Спаргапис есімді ұлы парсылардың қолына түсіп, көз жұмады. Томирис ұлының өлгенін естіген соң массагеттердің әскери күшін жинап, парсыларға шабуыл бастайды. Екі жақ ұзақ уақыт бойы бір-біріне беріспей, тайсақтамай шайқасады. Ақырында, массагеттер жеңіп шығады. Парсы әскерлерінің барлығы дерлік майдан алаңында қаза табады. Кирдің өзі де жер құшады. Томирис месті адам қанына толтыртып, Кирдің өлігін іздеп табуға әмір етеді. Кир өлігі табылған соң массагеттер падишасы: «Мен сені ашық майданда жеңгеніммен, сен мені қайғыға батырдың. Ұлымды алдап тұтқынға түсіріп, өлтіріп, мені тірі өлік еттің. Сондықтан мен уәдемде тұрып, қанға тоймаған басыңды қанға тұншықтырамын», - деп оның басын қан құйылган меске салғызады.

Томирис падишаның есімі туған даласының тәуелсіздігін сақтап қалған ұлы қолбасшы ретінде, әйгілі амазонкалардың ізін басқан жауынгер әйел ретінде, халқын данышпандығымен, әділдігімен, көрегендігімен басқара білген патша ретінде тарихқа еніп, ғасырлар бойы мәңгі жасап келеді.

  Жарияланған-2015-11-12 17:31:36     Қаралды-6731

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЗОТ ҚЫШҚЫЛЫ

...

Азот қышқылы - түссіз сұйық. Азот қышқылы барлық металдарға әсер етеді, күшті тотықтандырғыш.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҰЛЫ ИМПЕРИЯСЫ

...

Шыңғыс хан империясы - XII-XIII ғасырларда Орталық Азиядағы көшпелілер тайпасынан шыққан ұлы қолбасшы Шыңғыс хан (Темучин, 1162-1227 жж.) мен оның ұрпақтары құрған мемлекеттердің ортақ атауы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУТ ЖУРЕК АУРУЫНАН ҚОРҒАЙДЫ

...

Бала кезінде сүт өнімдерін үзбей қолданған адамдар жүрек талмасымен ауырмайды екен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛУБОК ДЕГЕН НЕ?

...

Ерте-ертеде, темір жол да, автомобиль де жоқ кезде, Русьтің айдау қара жолдарында бір селодан екінші селоға ілбіп келе жатқан офенилер - тасушылар кездесетін.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ ҚЫМБАТ БАҒАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ

...

2005 жылы гонконгтық саңырауқұлақ сатушы спутниктік байланыс арқылы өзінің 1,2 килограмдық ақ трюфель саңырауқұлағын Италияда өткен қайырымдылық аукционында 95 мың евроға сатқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »