ТАСШҮЙГІН – ЖҮРЕК ҚАТТЫ СОҚҚАНДА ЕМ ҮШІН ПАЙДАЛАНАДЫ
Категориясы: Өсімдікті
ТАСШҮЙГІН – ВАЛЕРИАНА КАМЕННАЯ, ПАТРИНИЯ СРЕДНЯЯ
Тасшүйгін – биіктігі жарты метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы тармақталған және жуандығы 3 сантиметрге жететін тамыры, тік өсетін қысқа түктермеп жабылған сабақтары бар. Тамыр жапырақтарының сағақтары ұзын, олар сабақтарының түбінде шоғырланып тұрады. Сабақ жапырақтарының ұзындығы 10 сантиметрге дейін жетеді және қауырсын тәрізді тілімделген. Гүлдері майда, сары түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында теп-тегіс болып шоғырланып тұрады. Гүл қоршауы қоңырау тәрізді. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. Жартастардың бастарында, тастақты беткейлерде, тау етектерінде өседі.
Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамыр сабағын және тамырын жаздың ортасынан бастап күздің аяғына дейін жинап алады. Оның құрамында 13 процент тритерпен сапониндері және алкалоидтер, илік заттар, қанттар, эфир майлары, органикалық қышқылдар болады.
Тасшүйгіннің тамырынан жасалған дәрілердің нерв жүйесін тыныштандыратын қасиеттері бар. Ол сапа-қасиеттері жөнінен дәрілік шүйгіншөптен артық. Ұлы Отан соғысы жылдарында тасшүйгінді дәрілік шүйгіншөптің орнына пайдалануға рұқсат етілді. Осыған байланысты өсімдікті ұйқы қашқанда, нерв жүйесі қажығанда, жүрек қатты соққанда ем үшін пайдаланады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 10 грамм ұнтақталған өсімдік тамырын 1 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 2-3 рет ішеді.
Жарияланған-2016-07-15 00:44:42 Қаралды-2960
Бірегей Жердің гипотезасы
Жер жүзінде біз ғанамыз ба? Космостың шексіз кеңістігінде тағы да Жер сияқты планета бар ма екен?
СҮТ ҚАЙНАТПАСЫ
Сүт қайнатылып, үстіне қант қосылады да ваниль ұнтағы салынады. Оның үстіне бөктірілген желатин салынып, қайнатылады.
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН
Хоккей ойынына ұқсас ойынды 1866 жылы Канада мемлекетінде әскери борышын өтеп жүрген жауынгерлер (ағылшындар) ойлап тауыпты дейді спорт жылнамасы.
ТБИЛИСИ ПАХЛАВАСЫ
Арасына жаңғақ салып, майға және балға малынған қамырды қабаттап жасаған тағам осылай деп аталады. Формасы қиғаш төрт бұрышты. Ылғалдылығы 11,5-14,5 пайыз.
АРША
Арша - кипарис тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта. Қазақстанда жабайы 10 түрі бар. Биіктігі - 1-2 м. Қылқаны қабыршақты, тікенекті болады. Өте сирек кездесетін түрі - Зеравшан аршасы.