ГИЛЬОМ ДЕ РУБРУК
Категориясы: Тарих
1253 жылы француз королі Людовик IX жіберген фламандтық монах Рубрук басқарған елшілік Моңғолияға сапарға шығады. Бұл миссияның максаты: моңғолдар арасында христиан дінін уағыздаймыз деп, оның астарында Ұлы хан мен ислам дінін ұстанған елдерге қарсы одақ құру жолын қарастыру үшін барлау жүргізу болды. Рубрук Франциядан шығып, Палестина, Константинополь, Қырым, Дон далалары арқылы өтіп Бату Сарайына келеді. Одан кейін Орталық Азия аумағы арқылы Орталык Моңғолияға жетеді. 1254 жылы көкек айында Қарақорымға табан тірейді. Рубруктың христиан дінін уағыздау мақсаты іске аспағанмен, ол көптеген құнды ақпараттар жинастырады. Кері қарай Кавказ бен Кіші Азия арқылы оралады. Рубрук шығармаларында өзі болған аймақтардың географиясы, соның ішінде түркі халықтарының, ежелгі қазақтардың тарихы, этнографиясы туралы жан-жақты деректер бар.
Жарияланған-2015-11-18 20:02:05 Қаралды-6377
МИНЕРАЛДАР
Минералдар Жер бетіндегі немесе жердің қойнауындағы әр түрлі геологиялық процестерге байланысты пайда болады және олар тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді, т.б. кұрайды. Минералдар, негізінен, қатты болып келеді.
ҚУЫРДАҚТЫҢ ТҮРЛІ ТАҒАМДАРЫ
Қуырдақ - көбінесе ірі қараның ұсақтап туралған сан, қол етінен, қойдың мойын етінен, түйенің сан етінен, өкпе-бауыр, ішек-қарыннан қуырылады. Оның басқа тағамнан ерекшелігі - тез әзірленетіндігі.
СҮР ЕТ ДАЙЫНДАУ
Сүрлеу дегеніміз – етті қақтап, тұздап сақтау. Сүр ет ерекше дәмді болады. Өзіне тән иісі Өте жағымды.
ҚҰСТАРҒА ҚАУЫРСЫН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Құстар жылыну және ұшу үшін қауырсындарды қажет етеді...
АҢ-ҚҰСТАРДЫҢ ІШІНДЕ ТҮНГІ АҢШЫЛАР
Тек жапалақ қана емес, мысық, күзен, түлкі, қасқыр сияқты басқа да жануарлар өз кемдерін түнде аулайды.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПОРТРЕТ
Кез келген суретші, біреудің бейнесін жасағанда, тек оның бет-әлпетін ғана емес, ішкі жан дүниесін де жеткізуге ұмтылады.